Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Radio_zhauaby.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.29 Кб
Скачать

28) Радиожурналистикаға қойылатын талаптарға тоқталыңыз.

Қазіргі күні радиодағы дикторға қойылатын талап жоғары деңгейде. Бұрынғыдай дауысқа ғана қарап қабылдау өткеннің еншісінде қалған дүние, ескірген ұғым. Қырық жылдан астам уақыт «Шалқар» радиосында жұмыс істеген Сауық Жақанованың айтуынша, бүгінгінің радиожурналистерінде сезім –түйсікке, өзіндік мақамы, интонациясы бөлек, өзі де хабарды ұғынып, тыңдаушысына да дәлме - дәл жеткізу кемшін . Ол кісі 2009 жылғы 15 қаңтардағы Түркістан газетінің журналистеріне берген сұхбатында: «Қазіргі жастардың тілі шорқақ, қысқа. Мәселен, соңғы хабар мен әдеби хабарларды оқудың арасы жер мен көктей. Әдеби шығарманы оқу үшін образға кіру, кірігу керек. Рөлді ойнап шығу керек. Хабардың мақсат – мүддесін тыңдаушыға сен жеткізуің қажет екендігін ұғыну керек. Әдеби шығарманың ішінде де көркем әдеби, сатиралық немесе драмалық, лирикалықдүниелер, шым – шытырық оқиғаларға толы трагедиясы тағы бар, бәрі қатар жүреді. Ал ресми хабарларды тіпті сенімді түрде оқу керек», - дейді.

Шындығында да радиожурналистің дикциясына аса мән беру қажет. Дикция деген – ол айту, сөйлей білу. Әріптер қисаймау керек. Бір әріп қисайды дегеніміз «б» дегенде екі ернің қабыспай айтылса, не болмаса «а» дегенде аузыңды толтырып айтпасаң сөздің, сөйлемнің тұрпаты бұзылады деген сөз. Жағың ашылмай қалу, тілің жетпей қалу, дыбыстың толық мәнінде дұрыс шықпауы, әр әріп өз орнында тұрмауы – міне, осындай кедергілерге ұрынған сөйлемнің шала – жансар құрылуына әкеп соғады. Хабарды тыңдаушыға жеткізу үшін алдымен оқитын диктордың жан тазалығы, көңіл – күйінің көтеріңкі болуы да қатты әсер етеді.

Жоғарыда айтылған сөйлеу мәнеріне келгенде диктор Сауық Жақанова: «Қазіргі жастар мүлдем батыстанып барады. Тілдерін бұрып сөйлейді. Мысалы «т» әріпін жұмсартып, жіңішкертіп айтып көріңізші. «Тек» деген сөзді мүлдем басқаша мәнермен айтады. «Тегі», «тура» деген сөздер «тыдан» кейін «ы» әріпі тұрғандай жуан дауысталуы қажет. Қазір ғылыми тілмен айтар болсақ, жастарға сен үндестік заңын сақта деп үйретеміз. Жас мамандар эфирде оқылатын дүниені қалай жазылып тұр, солай айтып береді. Сіресіп қалған дүние.

Ал біздің ұрпақ үндестік заңын сақтамай – ақ, жаңылтпаш жаттамай –ақ, тіліміз таза, ашық, анық болып өстік. Яғни, табиғи таза қазақи тәрбиенің тілге тигізер ықпалы өте зор», -дейді.

Расында да материалды талапқа сай оқыса, диктор тыңдаушыға ән салып отырғандай әсер қалдырар еді. Өйткені, қазақта дауысты дыбыстар көп. Алғ дауысты дыбыс дегеніміз ән емес пе. Сөйлемдерді созып, дауысты ашық дыбыстарға күш түсіре оқысаң, ән болып естілмей ме?! Әу баста ақынжанды халықпыз, төкпесөзге жақынбыз. Өлең жазбайтын қазақ кемде – кем. Ал өлең дегеніміз, буын үндестігін сақтап, сөйлеп – жазылады емес пе? Жіңішке дыбыстар жыбырлап, онша естілмейді. Соңғы кездері тілге байланысты Моңғолиядан, Қытайдан келген бауырларымыз тілімізді жақсы сақтаған деген сөз жиі айтылады. Жо –жоқ, олай емес, олардың сөйлеу мәнеріне, дыбысталуына зер салсаңыз, сол тұрғылықты жердің әуезі байқалады. Негізі сөз дегеніміз саз, әуез ғой.

Бізде екі – үш сөз бірігіп бір мағынаны біліретін сөз тіркестері көп. Сондықтан, оларды үзіп – жарып айтпай, кідіріссіз оқу, яғни жеткізу керек екенін көбіне ұқпай жатамыз. Оның ішінде басты сөзі бар, соған мән бере отырып, қалғанын ілгестіре сөйлеу техникасы көбіне қазіргі дикторлар тән. Келе жатырмыз, бара жатырмыз деген сөздерді үзіп – жұлып сөйлейді. Бұл күнде ауыз әдебиетінен гөрі жазба әдебиеті дамыды. Ал сөйлем мәдениеті, сөйлеу мәдениеті кемшін. Сондықтан да жазып берген шығарманы сол күйінде сыдыртып, еш эмоциясыз, әсерсіз оқып шығатындар көбейген. Сіресіп, экранға немесе эфирге суретке түсетін кісідей қалшиып, бетте түк қимыл – өзгеріс жоқ, суық отырады. Адам сол шығарманың бүге – шүгесіне дейін жатсынбай кірігіп, тыныс алып отыра жүргізсе, тыңдаушы да оқушы да әсер алар еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]