- •Дыбыстың сипаттамалары
- •Дыбысталған сөз – басты бейнелеуші құрал
- •Сценарий (итал. Scenarіo, лат. Scena, scaena – сахна) – кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі. Маңызы[өңдеу]
- •22) Қазақ радиосының құрылымын сипаттаңыз.
- •23) Коммерциялық радиолар қызметіне тоқталыңыз.
- •24) Монтажға қажетті шарттарды атаңыз.
- •25) Радиохабардың хабарлаушылық міндетін түсіндіріңіз.
- •26) Радионың өзіндік ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •27) Эфирлік талаптарға мысал келтіріңіз
- •28) Радиожурналистикаға қойылатын талаптарға тоқталыңыз.
- •1.1 Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
- •29) Радиохабарының жасалуы жолдарын дәлелдеңіз.
- •31)Электронды монтажға сипаттама беріңіз.
- •32.Радиохабарды көркемдеу әдістерін сипаттаңыз
- •33.Компьютерлік монтажға сипаттама беріңіз
- •34.Радиодағы шығармашылық топ міндеттерін саралаңыз.
- •35.Радионың эстетикалық міндетін сипаттаңыз
- •50.Радиожурналистикада электронды есептеу машиналарының қолданылуын түсіндіру
- •51.Радиожурналистке көмекші компьютерлік бағдарламаларды атаңыз.
- •52.Интернет және радиожурналистиканың байланысын сипаттаңыз.
- •53. Радиохабарларының бейнелеуші құралдарын атаңыp
- •54.Радиохабарларындағы сөздің рөлін сипаттаңыз.
- •55.Радиохабарларындағы музыканың рөлін түсіндіріңіз
- •56. Радиохабарларында шудың пайдаланылуын сипаттаңыз мысалдармен
- •57. Электронды монтаж туралы түсінік беріңіз
- •58. Техникалық монтаждың туралы түсінік беріңіз
- •59. Монтаж жасау тәсілдерін сипаттаңыз
- •60. Эфирдегі тіл мәдениетінің сақталмауы (мысалдар).
23) Коммерциялық радиолар қызметіне тоқталыңыз.
бірінші елдегі коммерциялық радиостанциялар кезде, 1990 жылы Мәскеуде пайда Ресей терең саяси және экономикалық жаңғырту кезеңіне кірді. тәуелсіз радио станцияларды құру үшін серпін, Коммерциялық, Атап айтқанда, әлеуметтік трансформация болат процестер. Бұл процестер алып келді БАҚ туралы мемлекеттік монополия жою және плюрализм принципі негізінде медиа жүйесінің дамуына әкелді. Заңның қабылдануы 12 маусым 1990 жыл
24) Монтажға қажетті шарттарды атаңыз.
Монтаждық аппараттық бөлмеде шағын хабарлар жасалады. Онда магнитофондар, монтаждық пульт, бақылаушы дыбыстық агрегат орналасқан.Қайта жазу және күрделі монтаж аппараттық бөлмесінде-музыкалық, драмалық композициялар, эстрадалық, симфониялық т.б концерттер фонограммалары дайындалады. Мұндайда бірнеше магнитафондардан шыққан дыбыс сапасы реттеледі, яғни микшерлеу процесі жасалады, көп жолды магнитофондар дыбыстары жазылады. Әр түрлі дыбыстық әсерлер және жасанды жаңғырық жасалады. Ал, эстрадалық ансамбльдерді жазған уақытта бөлектеп жазу қолданылады. Мысалы, бірінші жолға ритмикалық топты (рояль, контрабас, қақпалы аспаптар); екінші жолға- үрмелі аспаптар (труба,тромбол); үшінші жолға- саксафон; төртінші жолға- солист жазылады. Сонан соң сигналдар магнитофоннан студиядағы күшейткішке беріледі. Одан кейін синхронды дыбыс жасау үшін көпжолды магнитофоннан біржолды магнитофонға көшіріледі.
25) Радиохабардың хабарлаушылық міндетін түсіндіріңіз.
Радиохабарларын таратудың міндеттері бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері дептүсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудыңміндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі ретінде көпшілік мүддесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын ескереді. Оның қоғамдық санаға кері ықпал етуге, жалған ақпарат таратуға, немесе бұрмалауға еш құқы жоқ. Түптеп келгенде радиожурналистика да өзінің мақсаттары мен мұраттарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ 3 факторға назар аударамыз.
1. Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар атқарады, яғни ол көп функциональды.
2. Хабар тарату тәжірибесінде алға қойған мақсаттарына кері нәтиже беретін іс-әрекет орын алуы да мүмкін. Мысалы, тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету орнына жалған ақпарат тарап кетуі, немесе тексерілмеген жайды эфирге таратуы кездесіп қалады. Демалыстық мақсатта талғамсыз берілген музыка тыңдармандардың дегбірін қашырып, көңіл күйін бұзуы ғажап емес. Болмаса, таңертеңгісін қайғылы оқиғаны қатқыл формада таратса, оны тыңдаған адам күні бойы депрессиялық күй кешуі мүмкін.
3. Кез-келген бұқаралық ақпарат құралы, соның ішінде радиохабар
таратушылар да, әртүрлі үгіт-насихаттық ағымдар мен жарнамалық ықпалдан
тыс қала алмайды, белгілі бір дәрежеде осындай науқандардың жетегінде
кетеді. Өйткені, белгілі бір уақыт шеңберіндегі қоғамдық-саяси және
экономикалық жағдайларды сараптап, оқиғаларға баға беруде, деректерді
екшеуде, жаңалықтар топтамасын іріктеуде, сыртқы ықпалды шектеу
журналистен өте сарабдал білгірлікті талап етеді. Көп жағдайда
журналистердің өзі де қоғамдық процесстерге араласып, соған атсалысып
кетеді, соның жетегінде әртүрлі хабарларды әуе толқынына шығарады. Кей
хабарлар еш өңдеусіз, тікелей эфирге тарайды, оған тосқауыл қойып, айтар
ойды шектеу мүмкін де болмайды. Жекеменшіктік қатынастың орнығуы
кейбір радиостанцияларда қожайындарға жалтақтық психологиясының орын алуына әкеліп соқтырды. Ақпараттарды іріктегенде оларға жақпайды-ау дегендер эфирден түсіп қалады, керісінше, жарнама сипатындағы жағымды хабарларға көбірек орын
беріледі. Журналистикаға жат жағымпаздық, жағынушылық қасиеттер өтпелі
кезең тәжірибесінде кеңінен орын алды.
Сонымен бірге, мемлекеттік ұстанымдар мен әлеуметтік, адамгершілік
ахуал да белгілі бір мақсатты алға шығарады да, кейбір жақсы мүдденің өзі
екінші қатарда қалып қояды. Оның бәріне уақыт төреші, радио да уақыт
ағымында қызмет атқарады. Мысалы, күні кешегі кеңестік кезеңде радионың
дамуына айрықша мән берілді, ол ұжымдық насихатшы, үгітші және
ұйымдастырушы деп бағаланып, ақпараттық саясаты осы мүдде тұрғысынан
екшелді, цензура болды, сөз еркіндігі шектелді. Сөйтіп, идеологиялық қуатты
қару радио мемлекеттік биліктің қатаң бақылауында болды, қызметі
жоғарыдан реттеліп отырды.
Қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдаған егемен Қазақстан
жағдайында радиостанциялар шынайы сөз бостандығын алды, цензура
жойылды,
жекеменшіктік
қатынас
орнықты,
бәсекелестік
күшейді,
ақпараттық саясаты көбіне тыңдарман ықыласына қарай өзгерді. Енді
радионың ақпараттық, демалыстық міндеттері алдыңғы қатарға шығып,
ағартушылық қыры бәсеңсігендей болды. Адамның еркін ойлауы мен еркін
жүріп тұруына, өз іс-әрекетіне толық жауап беретін қоғамдық қарым-
қатынастар орнықты және соны жетілдірудің жолдары қарастырылуда.
Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастыруға
болады.
