Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Radio_zhauaby.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
733.29 Кб
Скачать

51.Радиожурналистке көмекші компьютерлік бағдарламаларды атаңыз.

Хабар барысында дыбыс пен сазды компьютерлік өңдеуге арналған арнайы «Soundforge», «Audition» деп аталатын бағдарламалар бар.

Электрониканың радиоға кірігуінің мына бір мысалын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Кейбір радиостанциялар жұмыс күшін үнемдеу мақсатында автоматты түрде компьютер арқылы эфирге хабар таратады. Олардағы компьютерлік бағдарламалар үлкен мағлұматтар базасынан қажетті музыканы автоматты түрде іріктеп алады, дер кезінде уақытты хабарлап отырады, жарнамаларды әуе толқынына таратады және басқа да барлық міндеттерді адамның қатысуынсыз жүзеге асырады. Автоматтандырылған радиохабарларын таратуды көпшілік станциялар түн мезгілінде қолданып жүр, өйткені бұл уақытта ақпараттан гөрі музыкалық туындыларды әуе толқынына шығару алдыңғы қатарға шығарылады, оны компьютер мінсіз атқарады.

Радионың форматы туралы сөз болғанда мына үрдістерге де назар аударып кетпеуге болмайды. Қазір хабар таратудың да екі форматы кең тарап отыр. Дәстүрлі формат барған сайын аз қолданылатын болды. Хабарды күні бұрын әзірлеп, сценарийінен бастап әр сатыдан өтетін, жазу, монтаждау, музыкалық көркемдеу сияқты көп адам қатысқан процестер келмеске кетті. Тіпті ақпараттық хабарлардың өзін эфирде бұрынғы дикторлар емес, хабар жүргізушілер оқиды, өз авторлық бағдарламаларымен ұштастырып отырады. Дәстүрлі көп сатылы форматтың сапасы мен тереңдігі жоғары болғанымен, материалдық шығындары да көп еді, көп адам қатыстырылатын, екшеу мен іріктеуден өтетін. Нарық жағдайында ол Қазақ радиосында да барынша азайды.

Жоғарыда аталған музыкалық форматтағы радиостанциялардың барлығы дерлік тікелей эфир принципімен жұмыс істейді, алдын-ала жазып дайындау процесі қолданылмайды. Тек жарнама мен музыкалық шапка, басқа да көркемдік элементтері күні бұрын даярланып, жазылып қойылады. Журналист-жүргізуші тікелей эфирде суырып салу қасиеттерін, тапқырлығын танытып, аудиториямен қарым-қатынас орнатады, телефон, пейджер арқылы сұрақтарына жауап беріп, интерактивтілікке де көңіл қояды.

52.Интернет және радиожурналистиканың байланысын сипаттаңыз.

  • радио — ақпарат таратады, құлақтандырады;

  • Интернет — ақпаратты сан қырынан көрсетеді, мәтін, дыбыс пен бейне тұтастығынан тұруы да мүмкін.

Интернеттің жөні бөлектеу және ол техникалық ерекшелігінен туындайды. Дегенмен, Интернеттегі ақпараттық жүйе қалыптасу үстінде, өзіндік белгілері толық айшықталған жоқ. Оның үстіне Интернет жалпы ақпарат мұхиты да, оның ішіндегі маңызды ақпарат, әсіресе БАҚ ұғымына сәйкес ақпарат шағын аралдай ғана. Бірақ, компьютерлік желідегі ақпарат тасымалының динамикасы, өсу үрдісі өте қарқынды болғандықтан болашағынан көп үміт күтеміз. Осы жағдайларды ескеріп, дәстүрлі БАҚ пен радио арасындағы байланыстарға баса назар аударамыз.

Жоғарыда аталған міндеттер көп жағдайда араласып кетеді. Радиодан да қызықты да мазмұнды талдамалық хабарларды кездестіреміз, жанды да жалынды портреттер мен очерктерді тыңдаймыз, радиокеңестерге құлақ асатындардың да қатары көп. Телевизия да кейде оқиға туралы бейнекөрініс түсірілмегендіктен құрғақ хабар таратады, немесе тілшінің үнін телефон арқылы береді. Болмаса, кейбір газет очерктерінің жақсы жазылғандығы сонша, қиялыңды шарықтатып, өзіңді кейіпкер қасында жүргендей сезіндіреді, тұшынып оқисың, қуанасың, қамығасың, танымдық, әрі эмоциялық күш-жігер аласың. Радионың айрықша бір бітімі музыкалық хабарлардан танылады. Жақсы ән мен әуенді танытуда радионың алдына ешбір ақпарат құралы шыға алмайды.

Сонымен қатар сайлау науқаны сияқты қоғамдық-саяси оқиғалар кезінде де БАҚ құралдары өзінше әрекет етеді, әртүрлі нәтижеге қол жеткізеді, біреулер тек радио тыңдайды, қалаларда теледидарға көп назар аударылады, ал біреулердің газеттің астын сызып оқымаса, көңілі көншімейді. Бәсекелестік пен пікір саналуандығы жағдайында бұл қалыпты құбылыс. Әлеуметтік ақпараттың еркін тасқыны БАҚ-тың қоғамдық жауапкершілігін арттырды, ақпарат биліктің маңызды тетігіне айналды. Міне, осы жағдайда ақпараттық топтар, концерндер мен медиахолдингтер өмірге жолдама алды. Әлемдік тәжірибеден Қазақстан да тыс қалған жоқ. Бізде де белгілі бір қаржы-өндірістік топтары теле және радиоарналарға ие болып, өз газеттері мен журналдарын ашуда, интернет-сайттарын құрған. Бір орталықтан басқарылатын мұндай ақпараттық құрылымдардың тиімді жақтары да бар. Ең бастысы дерек көздері ортақ болғандықтан, неғұрлым кең ауқымды ақпарат аз шығынмен жинақталады және көп арналар арқылы таратылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]