Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать
  1. Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз

Лидер дегеніміз — адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз мақсатына жетуге тырысады. Адамдар лидердің басқаруымен жүрулерінің негізгі себебі, лидер олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі құралдар ұсына білу мүмкіндігінде және адамдардың іс әрекеттеріне керекті бағыт бағдарды көрсете білуінде. Лидердің билігі бағынушылардың  жақсы білімдеріне,  өзін олардың орнына қоя білу білігіне, жағдайларды талдай білуіне, өз іс — әрекеттерінің жақын және болашақ көрінісін анықтай білуіне, өзіндік жетілуге тырысуына, бағынушыларда өздеріне деген сенімділікті тудыра білу қабілетіне  негізделеді. Лидер әріптестерінің, қарсыластарының, бастықтарының психологиялық ерекшеліктерін айқын сезінеді, түсінеді және бұны ресми , ресми емес контактарда қолданады. Басқаларды сендіре отырып,  өзінің компрописке баратынын көрсетеді.  Бірақ, лидер билігінің ең неізгі көрінісі оның адамдарды  басқарудағы тәуелсіздігі, өзінің иеленіп тұрған орнын кез келген уақытта босата білуі.

Басшы шешім қабылдап, оның орындалуын ұйымдастырып, қарауындағы адамдардың бақылаған кезде, ол өзінің осы міндетіне лайық әрекет етеді.

Лидерлік - бұл жеке адамдарға немесе бір топтағы адамдарға әсер ету қабілеті.

Лидерлікті қолданудың үш тәсілі бар:

- жеке адамдардың қабілеті мен көзқарасы тұрғысынан қарағанда ;

- тәртіптілік

- жағдайлық

Жеке адамдардың қабілеті мен қөзқарасынан қарағандағы ерекшелігі мынандай:

Ø интеллект пен білім деңгейі;

Ø әсерлі сыртқы келбет;

Ø дұрыс бағыттағы ақыл;

Ø экономикалық және әлеуметтік ғылым; 

Ø өзіне деген сенім; 

Тәртіптілік тәсіл – басқару стилін жіктеудің негізін немесе тәртіптік стилін қалайды. Бұл тәсілдің тиімділігі, басқарудың жеке қасиеттерін емес, бағынышуларға деген көзқарасын, қарым – қатынасын анықтайды.

Жағдайлық тәсіл – бұл тәсілді қолданышулардың пікірі бойынша лидерліктің басты стилі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады.

Басшының дербес стилі алуан түрлі объективтік факторлардың ықпалымен қалыптасады:

- Іс-әрекет сипаты;

- Басшы мен бағыныштылар арасындағы өзара байланыс;

- Психологиялық қасиеті;

- Орындау тәртібінің жағдайы т.б.

  1. Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз

Ұйым дегеніміз саналы түрде барлығы бірігіп, бір мақсатты көздеген адамдар тобы. Ұйым болу үшін белгілі бір талаптар орындалуы қажет:

- ұйым болу үшін өздерін сол топтың бір бөлігі деп есептейтін кем дегенде екі адам болуы керек;

- көздеген бір мақсаты болуы керек;

- мақсатқа жету үшін бірігіп, жұмыс істейтін мүшелері болу керек.

Міне, осы аталған талаптар орындалған жағдайда ұйым пайда болып, құрылады.

Ұйымдар ресми және бейресми болып екіге бөлінеді.

Мемлекетке заң бойынша тіркелген, өзінің дербес есеп шоты (банкте), мөрі бар ұйымдар ресми ұйымдар болып саналады (мысалы, АҚ, шаруа қожалықтары, биржалар, өндірістік кооперативтер т.б.). Ресми ұйымдардың Жарғысы, сол жарғыға байланысты өз ережелері мен принциптері болады, статистикалық салық мекемелерінде тіркеліп, есеп беріп отырады.

Ал бейресми ұйымдар ешқайда заңмен тіркелмеген, мөрі, есепшоты жоқ, өздігінен пайда болып, кейіннен жойылып кетуі мүмкін. Бейресми ұйымның да жетекшісі болады, бірақ оны арнайы ешкім сайламайды. Бейресми ұйымның жетекшісі өзінің адамдарды баурап алатын қасиетімен, ерекше ұйымдастырушылық қабілетімен, сөйлеу шеберлігімен ададмдарды өзіне тартып, басқалар соның айтқанын орындап, тек соны ғана тыңдайды.

Бейресми ұйымдар әртүрлі бағытта болады – кейбіреуі қоғамға пайдалы, екінші біреуі зиян келтірушілер тобын құрайды. Сондықтан менеджер өз ұйымында бейресми топ бар ма, егер болса, ол топтың іс-әрекеті қандай бағытта екенін анықтауы тиіс.

Мысалы республикамызда тұтыну тауарлары саудасымен айналысатын жеке саудагерлер (оларда бірнеше адамдар тобын құрайды: біреулері шетелге қатынап тауар әкелсе, екінші біреулері сатумен айналысады) нарықтың дамуына ықпал етеді, егер сондайлар наркобизнеспен шұғылданса, тек зиян келтірушілер болып саналады.

Ұйымның ішінде ресми топ пайда болған жағдайда оның мүшелері ұйымның басшысын емес, өз бейресми тобының басшысын жақынырақ санап, соның айтқанын тыңдауы жиі кездеседі. Сондықтан ұйымның басшысы бейресми топтардың іс-әрекетін қадағалап, олардың ұйымға қандай ықпалы бар екеніне көңіл аударуы тиіс. Ресми басшы бейресми топтың басшысын анықтап, онымен тіл табыса алса, ол топ мүшелеріне айтқанын орындата алады, яғни бейресми ұйымға оның басшысы арқылы ықпал ету қажет.

Ресми топ (құрылым) басшының өз еркімен құрылады. Бейресми топтардың (құрылымдардың) пайда болуы басшының бұйрығымен құрылмайды. Мұндай бейресми топтармен басшының санасуына тура келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]