Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать
  1. Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз

Коммуникациялық процесс дегеніміз — екі немесе одан да көп адамдардың, топтардың арасында хабарлар, мәліметтер және т.б. алмасуларын айтады.Оның негізгі мақсаты — хабарлардың осы алмасуы үстінде түсінушілікті қалыптастыруы болып табылады.Хабарлармен алмасу процесінде 4 элементті қарастыру қажет:Жөнелтуші негізгі, жіберуші — хабарларды жинақтап, өндеп жіберуші адам;Хабар ету немесе жариялау — шартты түрде символдар арқылы берілген хабар;Арналар — хабарлардың берілу құралдары;Алып түрушы немесе алыну - хабарларды қабылдауға арналған және оны өзінше түсіндіруші адам.Коммуникациялық процеске түскенде ақнараттарды жөнелтуші мен қабылдап алушы бірнеше өзара байланысты кезеңдерден өтеді. Олардың мақсаты - байланыс арналарындагы ағып жататын ақпараттарды мейлінше түсінікті етіп жүргізіп, арналарды тиімді түрда пайдалану және хабарды құрастыру, оны қолдану үшін екі жақтың да бастапқы идеяларын түсінетін және ортақтасатын арналардың болуы.

Бұл өте қиын процесс, себебі әр кезеңде хабардың мағынасы бүзылуы немесе біржолата жоғалуы мүмкін.

Енді осы коммуникациялық процестердің кезеңдерін қарастырамыз:

    1. Идеялардың тууы;

    2. Шартты белгі және арналардың таңдалуы;

    3. Хабарлар (тапсыру, алып беру);

    4. Декодтау.

  • Тұжырымдау шартты белгі арналармен декодтау

  • немесе таңдау мен арналарды тандау тапсыру.

Сурет 19. Хабар алмасу процесінің қарапайым моделі.

Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, бұл кезендер айқын түрде көрінуде. Біз ақпараттармен алмасуда ұиымның әрбір бөлімдерінің қаншалықты кең ауқымды қамтьщ өтетінін көре аламыз. Іс жүзінде адамдар ақпараттармен тиімді пайдалана алмайды.

Ойлар және идеялардың тууы.

Хабарламалар және хабар алмасу әрқашанда ойды немесе идеяны тұжырымдау арқылы іске асады.

Басшы қажет деген идеяны бағыныштыларға беруі немесе алмасуы үшін мынадай қорытынды жасау керек.

  1. Жұмысшылар қандай өзгерістер енгізгенде аз уақытта өнімді көп шығарады?

  2. Жұмысшылар бұл өнімді көп шығару не үшін қажет болғанын түсіну керек?

  3. Жұмысшылар бұл өзгерістерді қандай жағдайларда жасай алады деген мәселелерді қамтуы қажет?

Шартты белгілер және арналардың таңдап алынуы.

Идеяны бермес бұрын, жөнелтуші символдардың көмегімен хабарды кодтау керек. Бұл үшін жөнелтуші сөздер, дауыс ырғағы, дене қимылын қолданады. Бұндай кодтау идеяны хабарға айналдырады.

Жөнелтуші сондай-ақ жіберу арналарын да таңдауы қажет. Арналарға материалдарды беру, электронды байланыс құралдары, компьютерлер бейне-ленталар, бейне конференциялар және тағы басқалары енгізіледі. Хабарларды беру арналары тек қана бір құралдармен шектелмеуі керек.

Хабар беру.

Бұл кезеңге мәліметгі жөнелтуші қабылдаушыға жететіндей арнаны табады. Ақпараттармен алмасу барысында екі жақ та аса маңызды ролді атқарады. Ақпараттармен алмасу неғұрлым тиімді болуы үшін бағынышты басқарушыға қабылдап алған ақпараттарды қалай түсінгендігі туралы, соған сәйкес келешектегі атқаратын іс- әрекеттері туралы хабарлап отыру керек. Ақпараттармен алмасу қалыпты жүріп отыру үшін бірінші жақ ақпараттарды жөнелтіп, екінші жақ оны уақтылы қабьь\дап отыру керек. Сонда ғана басқару процесінде комуникацияның ролі жоғары деңгейге көтеріледі. Ұйымдарда ақпараттармен алмасу жазбаша есеп берулер, пікір алысулар түрінде болғандықтан, бұл процесс баяу түрде өтеді . Сондықтан ақпараттарды пайдалану керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]