- •Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз
- •Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз
- •Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз
- •Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •Коммуникация түсінігі мен басқарудағы коммуникацияның роліне сипаттама беріңіз. Коммуникацияның түрлерін атаңыз
- •Лидерліктің мәнін анықтаңыз. Ықпал етудің және биліктің түрлеріне сипаттама беріңіз
- •Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз
- •«Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
- •Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз
- •Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз
- •Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз
- •Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
- •Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз
- •Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз
- •Ұйымдастырушылық құрылым түсінігінің мәнін ашып түрлерін анықтаңыз
- •Менеджер ұғымына анықтама беріп оған қойылатын талаптарды атаңыз
- •Биік мәртебелі басшыларының бірі -....
- •Студенттік ұйымның көшбасшы болуға...
- •Компанияның менеджерлер командасы ...
- •Қазіргі ұйымдардағы жоспарлауды және...
- •Сіздің университетіңіз басқа жоғарғы ...
- •Сізге белгілі жергілікті фирма үшін ....
- •Білікті кадрларды дайындауға, білім ...
- •Бір белгілі топ-менеджер былай айтқан ...
- •Жаһанданып жатқан іскерлік ортада ...
- •Өзіңіздің оқудағы тәжірибеге сүйеніп, ...
Лидерліктің мәнін анықтаңыз. Ықпал етудің және биліктің түрлеріне сипаттама беріңіз
Лидер дегеніміз — адамдарға ықпал ете білудің өнері, олардың белгілі бір мақсатқа жетулеріне итермелей білу. Өте жиі, көбіне саясатта лидер өз мақсатына жетуге тырысады. Адамдар лидердің басқаруымен жүрулерінің негізгі себебі, лидер олардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әр түрлі құралдар ұсына білу мүмкіндігінде және адамдардың іс әрекеттеріне керекті бағыт бағдарды көрсете білуінде. Лидердің билігі бағынушылардың жақсы білімдеріне, өзін олардың орнына қоя білу білігіне, жағдайларды талдай білуіне, өз іс — әрекеттерінің жақын және болашақ көрінісін анықтай білуіне, өзіндік жетілуге тырысуына, бағынушыларда өздеріне деген сенімділікті тудыра білу қабілетіне негізделеді. Лидер әріптестерінің, қарсыластарының, бастықтарының психологиялық ерекшеліктерін айқын сезінеді, түсінеді және бұны ресми , ресми емес контактарда қолданады. Басқаларды сендіре отырып, өзінің компрописке баратынын көрсетеді. Бірақ, лидер билігінің ең неізгі көрінісі оның адамдарды басқарудағы тәуелсіздігі, өзінің иеленіп тұрған орнын кез келген уақытта босата білуі.
Биліктің әртүрлі формалары болады. Олар:
1. Мәжбүр етуге негізделген билік. Орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен жасқанады. Аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастауы мүмкін деп ойлайды.
2. Марапаттауға негізделген билік. Орындаушы ықпал етушіге өз еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйлық аламын деп сенеді. Ол одан жақсылық күтеді.
3. Сараптау билігі. Орындаушы ықпал етушінің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін билігі бар деп сенеді.
4. Эталондық (үлгі билігі). Орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұқсағысы келеді.
5. Заңды билік. Орындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған кезде қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады. Сондықтан заңды билікті көбінесе дәстүрлі билік дейді. Бағынышты басшының бұйрығын ұйымдық иерархияның төменгі сатысында тұрғандықтан орындайды. Себебі басшыға басқа адамдарды басқаруға болатын өкілеттілік берілген.
Билік ықпал ету арқылы жүргізіледі. Енді осы ықпал түрлерін қарастырамыз.
а) Мәжбүр етуге негізделген билік. Үрейлендіру арқылы ықпал ету.
Адам өзінің қауіпсіздігіне нұқсан келетін кезде үрейленеді. Жұмыс орнында үрейлендіру арқылы үлкен билікке қол жеткізуге болады. Себебі, біз сол жұмыс орнында қажеттілікті қанағаттандырамыз.
ә) Марапаттауға негізделген билік, оң дұрыс әсерді күшейту арқылы ықпал ету.
Бұл басқа адамдарға ықпал етудің ең көне және тиімді түрі. Марапаттауға негізделген билік — өз ықпалын дұрыс күшейту арқылы әсер етеді. Бірақ адамдар әртүрлі болғандықтан .оларға марапаттау мен мақтаудың да әрқилы түрлері керек. Міне, осы жағынан басшыға қиын болуы мүмкін.
б) Сараптау билігі. Салихалы сенім арқылы ықпал ету.
Бағынышты адам өз басшысының белгілі бір проблема бойынша сарапшылық билігі бар деп сенеді. Басқарушыға сенім арта отырып, олар оның көмегіне жүгінеді.
Мысалы, адамдар емдеуші дәрігерге деген сенімін айтуға болады.
в) Заңды билік. Дәстүрлер арқылы ықпал ету.
Дәстүр—ықпал етудің ең көп тараған түрлерінің бірі. Басқарушы бағынушының қорғануға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін дәстүрге жүгінеді. Бірақ, бұл тек бағыныштының белгілі бір құндылықтарды игеру кезінде ғана жүзеге аса алады.
г) Эталондық билік (үлгі билігі). Харизма арқылы әсер ету.
Харизма — бұл логика немесе дәстүрге байланысты билік емес, лидердің (басшы жетекшінің) жеке қасиеттері мен қабілеттігіне байланысты құрылған билік.
