Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать
  1. Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз

Басшы ойлаған мақсатына тимді жолмен жетуі үшін, ол жұмысты дұрыс үйлестіріп, адамдарға жүктелген міндетін орындата білуі тиіс. Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы мотивацияның негізгі принциптерін қолданады. Мотиватция – жеке мақсатқа немесе ұйымның мақсаттарына жету үшін өзн және басқаларды ынталандыру үрдісі. Жігерлендіру теориялары: мазмұндық процессуалдық Ішкі сыйақыны адам бұл жұмыстың өзінен алады. Ол адамның жетістіке жетуі, жұмыстың мазмұндлығы және маңыздылығы, өзін-өзі құрметтеу сезімі, достасу және әңгімелесу. Ішкі сыйақыны қамтамасыздандырудың ең оңай әдісі – міндетті дәл қою және жұмыс жасауға жағдай туғызу Сыртқы сыйақы – бұл жұмыстың өзінен алынбайтын, ұйым беретін сыйақылар. Еңбекке ақы, қызмет орнының жоғарлауы, әкімшілік лауазымның симвылдары, мақтаулар мен жұмысты бағалау және қосымша төлемдер, қосымша демалыс күндері қызмет бабында пайдалынлатын автомобиль және басқалар. Мотиватцияның мазмұндық теориясы, адамдарды көздеген мақсатқа орай әрекет етуге мәжбүр ететін іштей талаптарды тендестіруге негізделген. Бұл теорияның өкілдеріне: Абрахам Маслоу, Фредерик Герцберк, Дэвит Мак Клеманд. Маслоу бойынша қажеттіліктің 5 түрі бар – физиологиялық, қауыпсіздік, әлеуметтік, құрметке ие болу, өзін-өзі көрсету. Физологиялық қажеттілік өмір сүру үшін керек. Бұған тамақ, су, баспана, демалу және т.б. Қауіпсіздік, қорғану және басшылыққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта тараптарына болатын физикалық және болашаққа физалогиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы мүмкін. Әлеуметтік қажеттілік – бұл бір нәрсеге немесе біреулерге қатыстылық сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық сезімі. Құрметтеу қажеттілігіне өзін-өзі құрметтеу, жеке жасының жетістіктері, біліктілігі, басқа біреудің құрметтеуі, мақұлдауы жатады. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі өзінің потенциялды мүмкіндігін жеке басының өсіп жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі. Клелландттың қажеттілік теориялары. Ол адамдарға 3 қажеттілік: билік, жетістікке жету, қатысу тән деп есептейді. Билік қажеттілікті басқа адамдарға ықпал ету ниетінен көрінеді. Билікке құштар адамдар өз пікірін батыл, ашық айтады, пікір таласынан, өзара сыннан тайсалмайды. Өз пікірін өткізуге тырысады. Адамдардың мадақтауға құштарлығы сол адамның жетістігін жариялаумен шектклмейді оның жұмысты ойдағыдай орындаумен қанағаттандырылады. Герцберктің қос факторлы теориясы. Гигиналық факторлар Жігерлендіру факторлары Гигиналық факторлар – жұмыс жасайтын қоршаған ортаға байланысты. Мотиватцияның іс жүргізуі теориясы. Іс жүргізу теориясы адамдар әр мақсатқа жетуі өшін күш-жігерін қалай бөлетіндігін және мінез-құлықтың нақты түрін қалай таңдайтындылығын талдайды.

  1. Коммуникация түсінігі мен басқарудағы коммуникацияның роліне сипаттама беріңіз. Коммуникацияның түрлерін атаңыз

Коммуникация- бір субъектіден екінші субъектіге ақпарат беру арқылы байланыс.

Коммуникация – қалаулы, қажетті жауап алу мақсатында бір адамның басқа адамға идеяны, мәліметті, фактіні, пікірді, ымдауды, сезімдерді,қабылдауды, сана-сезімді және қатынастарды ауызша, жазбаша немесе тағы да басқа формаларда жіберу.

Коммуникация процесі келесі кезеңдерден тұрады:

* Кодтау

* Ақпараттың берілуі

* Декодтау

* Дабыр,шу

* Кері байланыс

Персонаралық қатынастар және бейресми коммуникациялар. Екі адам немесе топ арасындағы қатынастар, сонымен қатар коммуникаци процесі кезіндегі климат та жіберілген немесе алынған ақпараттың анықтығына әсер етеді. Егер адамдар бір біріне сенсе, олардың арасындағы коммуникация да барынша анық және ашық болады.

Көпмәдениетті және көпұлтты коммуникациялар. Мәдениеттердің әртүрлілігі коммуникация процесінің даумына әсер етеді.

Вербалды және вербалсыз стильдердің орынды немесе орынсыз қолданылуы мәдениетаралық коммуникациялардың даумына өз әсерін тигізеді.

Жетілген коммуникация- географиялық, кәсібилік, функционалдық, әлеуметтік әртүрліліктер арқылы адамдардың негізгі құндылықтардың, талпыныстар мен қалауларының кеңеюін талап етеді.

Коммуникация түрлері:

1. Ұйым коммуникациялар

Сыртқы орта мен ұйым арасындағы: Өзінің сыртқы ортасы мен потенциалды жұмысшылардан тұратын әр түрлі коммуникациялық құралдар қолданады

Вертикалды коммуникация: Ұйым ішіндегі бір деңгейден екінші деңгейге жеткізіліп отыратын коммуникациялар

Горизонтальді коммуникация: Үйымның бөлімшелері-нің арасындағы коммуникациялар

2. Өзара коммуникациялар

Деңгей аралық коммуникациялар: «Жетекші-бағынушы» коммуникация-лар:міндеттерді анықтаумен,шешумен ,талқылап бағынушылардың идеяларын қолдану

Жетекші мен жұмысшы тобының арасындағы коммуникациялар: Жетекшіге топ құрлысының тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді

Бейресми коммуникациялар: Сыбыстарды тарату каналы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]