Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать
  1. Білікті кадрларды дайындауға, білім ...

Басқарудағы бақылаудың үш түрін қарастыруға болады: алдын -ала, ағымдық және қорытынды.

Алдын-ала бақылау ұйымның белсенді қызмет жасауының негізі болып табылады. Бұндай бақылаудың мазмұны - кәсіпорын қызметкерлерінің, өндірістік күштерінің, басқару жүйесінің жұмысқа деген дайындығын алдын-ала қарастыратын ұйымдастырушылық бақылау болып табылады.

Білікті кадрларды дайындауда кадрлардың кәсіби қабілетін, еңбек өтілі(стаж), квалификациясы, олардың алға қойылған жұмыстарды орындаудағы потенциалды қабілеті сияқты т.б. қарастырылады. Мұндай бақылау алдын-ала жобаланған талаптар негізінде әрбір санат мамандарына арналған тесттер, экзамендер, сауалнамалар көмегімен жүзеге асады.

Білім сапасын көтеру: мұғалім студент/оқушының білім сапасын көтеру мақсатында, оның жаңа материалды қабылдау дайындығы деңгейін анықтайды, ойлау мүмкіндіктері қаншалықты деңгейде, яғни тексеру.

Сабақтан қалуды қысқарту: алдымен сабаққа қатысу үлгерімі бойынша көп сабаққа қатыспайтын студенттерді анықтау. Содан кейін студентті жеке шақырып, ашық түрде сөйлесіп, себептерін анықтау.

Ағымдық бақылау көбінесе жедел және стратегиялық сипатта болады. Стратегиялық бақылаудың негізгі обьектісі ұйымның соңғы мақсатына жету үшін ресурстарды тиімді қолдану болып табылады. Ол тек қана сандық көрсеткішпен сипатталып қоймайды,сонымен бірге сапалық сипатта да қарастырылады.

Оперативті (жедел) жоспарлау. Оперативті жоспарлау ағымдық өндірістік және шаруашылықтық қызметке бағытталған, көбінесе өнімнің технологиялық процестерге сәйкес жүргізілуін қарастырады.

Білікті кадрларды дайындау: өз кадрына сәйкес сапалы жұмыстар атқару,мысалы, сауда саласында тауарлар айналымын күнделікті бақылау, дүкенде тауарлардың барлық түрінің қолжетімділігі, жеткізушілер жұмысын бақылау,санитарлық нормалардың сақталуын және т.б. қадағалау.

Білім сапасын көтеру: мұғалім студенттерге сұрақтар мен тапсырмалар қою арқылы, олардың түсінгені н/е түсінбегенінен хабардар болады. Берілген жауаптарға сәйкес мұғалім оқу процесін жөндеу мүмкіндігіне ие. Сондай-ақ пән бойынша сабақ барысында ғылыми - әдістемелік зерттеулер жүргізу, ғылыми методикалық жұмыстарды дамытуды оқытудың тиімді әдістерін табу, дамыта оқыту: анализ, синтез, болжау әдістерін сабақ беруде жиі қолдану. Әсіресе, менің пікірімше, теорияға қарағанда тәжірибе жүзінде өткізілген сабақтар білім сапасын көтеруге көмектеседі деп ойлаймын.

Сабақтан қалуды қысқарту: Әлі де сабақтан қалатын студенттермен іс-шаралар жүргізу. Студенттің сабаққа келуін қадағалау; сондай-ақ әр түрлі себептерді ескере отырып, мұғалімдердің оқу-әдістемелеріне жаңартулар енгізу арқылы, студенттерге қызығушылық тудыру.Мотивация беру, тренингтер жүргізу. Мұғалімдер ұжымының студенттерге толықтай ықпал етуі.

Қорытынды бақылау. Ұйымдағы бекітілген жоспарлардың орындалу нәтижесін бағалау және келесі кезеңдерге жаңа жоспарларды бекіту болып табылады; ол тек нақты нәтижелерді жан-жақты қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге әлді және әлсіз жақтарын айқындайды.

Білікті кадрларды дайындау қорытындысы: жоғарыда көрсетілген мысалға сәйкес, қалған тауарларға ревизия жүргізу, сол кадрдың жасаған жұмыс қорытындысын шығару.

Білім сапасын көтеру қорытындысы: аттестат, диплом алу, білікті маман болып шығу.

Сабақтан қалуды қысқарту қорытындысы: сабаққа қатысуы, сабақтан қалатын студенттердің санының азаюы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]