- •Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз
- •Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз
- •Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз
- •Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •Коммуникация түсінігі мен басқарудағы коммуникацияның роліне сипаттама беріңіз. Коммуникацияның түрлерін атаңыз
- •Лидерліктің мәнін анықтаңыз. Ықпал етудің және биліктің түрлеріне сипаттама беріңіз
- •Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •Ұйымның миссиясы: оның мәнін, миссия таңдау бағыттарын анықтаңыз. Ұйымның мақсаттарына қойылатын талаптарды айқындаңыз
- •«Шешімге» анықтама беріңіз. Шешімның типтері мен шешім қабылдау тәсілдерін анықтаңыз.
- •Лидерліктің жеке адамдық теориясының мәнін ашыңыз
- •Лидерліктің мінез-құлықтық тәсіліне сипаттама беріңіз
- •Формальды ұйым түсінігінің мәнін ашып, формальды ұйымдардың түрлеріне анықтама беріңіз
- •Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз
- •Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз
- •Стратегиялық жоспарлау процесінің мәнін ашыңыз. Стратегия типтерін анықтап түсініктеме беріңіз
- •Ұйымдастырушылық құрылым түсінігінің мәнін ашып түрлерін анықтаңыз
- •Менеджер ұғымына анықтама беріп оған қойылатын талаптарды атаңыз
- •Биік мәртебелі басшыларының бірі -....
- •Студенттік ұйымның көшбасшы болуға...
- •Компанияның менеджерлер командасы ...
- •Қазіргі ұйымдардағы жоспарлауды және...
- •Сіздің университетіңіз басқа жоғарғы ...
- •Сізге белгілі жергілікті фирма үшін ....
- •Білікті кадрларды дайындауға, білім ...
- •Бір белгілі топ-менеджер былай айтқан ...
- •Жаһанданып жатқан іскерлік ортада ...
- •Өзіңіздің оқудағы тәжірибеге сүйеніп, ...
Қазіргі ұйымдардағы жоспарлауды және...
Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады: Жалпы мақсатты ойластыру; Белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған нақтылы мақсатты айқындау;
Оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;
Жоспарлы көрcеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.
Менеджмент идеясының стратегиясы. Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы. Инновациялық фирманың жоғарғы басшысы қонымды идеяны үнемі көтермелеп отырады. Істе сәтсіздік болған жағдайда шыдамдылық танытады.
Жоспарлау әрқашанда бұрынғы деректерге сүйенеді, алайда кәсіпорынның болашақтағы дамуын айқындауға және бақылауға тырысады. Сондықта да, жоспарлаудың сенімділігі бұрынға нақты көрсеткіштердің дәлдігіне тәуелді. Мұндай сеімділікті қамтамасыз ету бухгалтерлік дәл есепсіз және ауқымды статистикалық қажетті базаға ие болмай мүмкін еместігі айқын.
Кәсіпорын әрқашанда жалпы рыноктың шағын бөлігі ғана болып саналатыдықтан, ел экономикасын дәл жоспарлау үшін дәл ақпаратты мүмкіндігінше көбірек алу қажет.
Егер кәсіпорынның дамуы нақты елдегі жалпы экономикалық дамуымен қатар өтуі міндетті болмаса, онда рынок көрсеткіші кәсіпорынды жоспарлаудың бастапқы деректері болып саналады. Кәсіпорын неғұрлым ірі болса, әдетте, жоспарлау, соғұрлым оңайырақ болады. Дегенмен, ірі кәсіпорындарға қарағанда, ұсақ кәсіпорындарда басшылар үшін кейбір факторлар едәуір айқынырақ болады.
Сіздің университетіңіз басқа жоғарғы ...
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2015-2020 жылдарға арналған стратегиялық жобасында 6 стратегиялық бағыт анықталды:
1-стратегиялық бағыт: Білім беру қызметі сапасын арттыру.
2-стратегиялық бағыт: Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет сапасын арттыру және дамыту.
3-стратегиялық бағыт: Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
4-стратегиялық бағыт: Тәрбие және әлеуметтік жұмысты жақсарту, жастарды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатыстыру.
5-стратегиялық бағыт: Инфрақұрылымды дамыту және жаңа информациялық технологияларды енгізу.
6-стратегиялық бағыт: Қаржы-экономикалық қызмет тиімділігін арттыру.
Сізге белгілі жергілікті фирма үшін ....
Кәсіпорынның мақсаты және миссиясы. Кәсіпорынның мақсатын бекітудің екі түрлі жолы бар. Бірінші жолы қарапайым. Яғни, өткен жылда жеткен жетістіктердің санына 2-3% қосу арқылы мақсатты белгілесе.
Екінші жолы процессті бірнешеге бөлу арқылы. Яғни – бизнестің миссиясын (философиясын) анықтау
- жоспарлы кезеңге ұзақ мерзімді жалпы мақсатты бекіту;
- нақты міндеттерді айқындау;
Бұл қызметкерлерді мақсатқа нақты қалай жету керектігіне ойландырады.
Миссия – бизнестің мәнін, философиясын көрсететін іскерлік, түсінік. Аударғанда жауап, міндет дегенді білдіреді. Миссия кәсіпорынның басқа бизнестерден айырмашылығы неде екенін көрсетеді. Дегенмен тауарға емес тұтынушыларға негізеделген. Миссия айқын, естігенге қолайлы болуы керек. Яғни лозунгтар.
Американдық компаниялардың 60-75%-ның өзіндік миссиясы бар. XEROX – көшірме техникадан болашақтың офисіне. (От копировальной техники к офису будущего).
Миссиясы бар бизнесті ішкі жағына қызметкерлері кәсіпорын қызметін дұрыс түсінеді, басшылар ұзақ мерзімге бағдар жасай алады, сыртқы жағына акционерлер мен тұтынушыларға ақпарат таратушы болады.
Келесі кезең кәсіпорынның жалпы ұзақ мерзімді мақсатын анықтаумен байланысты.
Кәсіпорын өз мақсатын мыналардың негізінде анықтайды:
1. нарықтағы орны
2. инновация
3. өнімділік
4. ресурстар
5. пайдалылық
6. басқарушылық аспектілері
7. персоналдар
8. әлеуметтік жауапкершілік
Мақсаттың көп жоспарлы болу себебі, кез келген экономикалық жүйе көпмақсатты болады. Бұл жерде сол мақсаттың ерекшелігін, өзіндік қасиетін табу (айқындау) қиын. Сондықтан мақсаттың сапалық критерийлері қолданылады.
Атап айтсақ
1. Мақсат нақты және айқын өлшеулі болуы керек
2. Мақсат тиімді болу үшін жоспарлаудың нақты шегін белгілеу керек:
Мақсат : ұзақ мерзімді (жоспарлау шегі 5 жыл)
орта мерзімді (1-5 жылға)
3. Мақсата қол жетерлік болу керек
4. Өте икемді болу керек
5. Мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттер мен шешімдер өзара бірін-бірі толықтыруы және қолдауы тиіс.
