Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать
  1. Студенттік ұйымның көшбасшы болуға...

Билік көздері - билеуші топты құрайтын жекелеген адамдардың билігін тудыратын факторлар. Билік адамдардың субъективті айырмашылықтарынан олардың қоғамдағы алатын орындарының объективті әркелкілігінің нәтижесінде пайда болады. Саясаттануда әдетте билік көздеріне қара күш, байлық, білім, алатын орны және үйымдастыру жатады. Қара күш биліктің о бастағы негізі болса керек. Билік көздёрі өз қалауын орындатуы үшін қор- қытып-үркітіп, қара күш қолдануға сүйенеді. Байлық ежелден билік көзі болып табылады. Байлар өзінен материалдық тәуелділерді өз еркіне бағындырады. Билік көздёрі жеке адамның немесе топтың мүддесіне сүйенеді. Білім, ақпарат, тәжірибе қашан да БилӀк көздёрӀ болып келді. Ежелгі гректің Сфинкс жайлы аңызында ол жайлы сөз етілген. Әйел басты, арыстан денелі, қүс қанатты қүбыжық Фива халқын жүмбақ жасырып, әбден мезі қылып бітеді. Енді халық осы жүмбақты шешкен адамға Фиваны билеу қүқын беруді үйғарады. Жүмбақты шешу тек Эдиптің қолынан келіп, Фиваға билік қүрады. Қайта Өрлеу дәуірінде ағылшын философы Ф.Бэкон (1561-1626) бүл аңызды басқа қырынан қарап, Сфинксті билікке қол жеткізетін Ғылым деп талқылайды. Дәстүрлі қоғамдарда алатын орны билікке қол жеткізудің бірден-бір жолы болды. Қазіргі қоғамда алатын орны немесе түлғаның әлеуметтік статусы БилӀк көздёрӀ аса маңыздыларының бірі болып отыр. Мысалы, президент немесе министр лауазымы аяқталғанға дейін белгілі бір деңгейде билікке ие. Лауазымынан айырылған сәттен билік қүзыры да тыйылады. Қазіргі кезде үйымдастыру аса күшті БилӀк көздёрӀ болып табылады. ¥йымдастыру ежелден адамдарды жүмылдыруға ғана емес, сонымен қатар, қабылданған биліктік шешімдерін жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Ӏс жүзінде лауазымды қызмет БилӀк көздёрӀ ретінде тек үйымдастыру элементі сипатында ғана мәні бар. Билікті шектен тыс қолддну - лауазымды адамның (соның ішінде, билік өкілінің ) өзінің қүқылары мен қүзіретінің шегінен шығарып, қызмет бабын асыра пайдаланып, азаматтардың не үйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға өкеліп соғатын іс-әрекеттерді қасақана жасауы. Бүл мемлекеттің қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа жатады. Билікті шектен тыс қолдану әдетте, жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге идараның лауазымды өкілінің қүзыретіне кіретін, сондай-ақ қүқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеу (мысалы жағдайды ескермей қару қолдану немесе т.б ) түрінде көрініс табады. Билікті шектен тыс қолдану адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіру, мүлікті бүл- діру немесе жойып жіберу, т.б ауыр сал- дарға соқтырады. 

  1. Компанияның менеджерлер командасы ...

Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін, стратегиясын айқындауы мүмкін. Ұйым алдында төрт негізгі стратегиялық балама тұрады: шекті өсу, өсу, қысқарту және ұштасу.

Көп фирмалар іс әрекеттің негізгі мақсаты ретінде өсу мақсатын алға қояды (табыстың өсуі, нарық меншігінің өсуі, сатылым көлемінің өсуі) Өсу мақсатының іске асуы – екі стратегиялық айнымалылардың - нарық және тауар дың арақатынасына байланысты болып табылады. Өнім – нарық атты матрица алғашқы рет американдық ғалым Игорь Ансоффпен ұсынылған болатын. Осы матрица аумағында стратегияның 4 түрі анықталды. Ансоффтың матрицасы екі осьтен туратын квадрат болып келеді:

Бар өнім

Жаңа өнім

Қазіргі бар нарық

Нарыққа кіру стратегиясы

Өнімді дамыту стратегиясы

Жаңа нарық

Нарықты кеңейту стратегиясы

Диверсификация стратегиясы

Матрицаның горизонтальды осі – компания өнімі, қазіргі кезде бар өнім және жаңа өнім деп бөлінеді.

Матрицаның вертикалды осі – компания нарығы, қазіргі бар нарық, жаңа нарық болып бөлінеді.

  1. Ену стратегиясы – интенсивті өсу стратегиясы - Бар тауарлар мен нарық арқасында жүзеге асады, нарық даму үстінде бірақ әлі аяғына дейн дами қоймағанда қолданылады. Фирма маркетингтік шаралар (жарнамалар қарқынының дамуы, жеке сауданың әр алуан түрін қолдану) арқасында сату көлемін үлкейтуді көздейді. Жаңа сатып алушылардың пайда болуы немесе тауарды жиі сатып алынуы осындай интенсивті стратегияның нәтижесі болуы мүмкін. Бұл стратегияның мақсаты - бірыңғай өткізу нарығын құруға мұмкіндік беретін бағаны орнату болып табылады. Өндіріс құны мен өндіріс көлемінің арасында кері байланыс болған жағдайда ғана бұл стратегия жүзеге аса алады.

Бұл ендіру стратегиясы өнімнің нарықта ұзақ уақыт сақталуына тікелей әсер етеді және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін анықтайды. Шетелдік мамандардың зертеуі бойынша кәсіпорындардың осы стратегияны дайындауға аса мән бермегені үшін 80% жағдайда нарықта тауар жеңіліс табады (нарықтан тауар жойылады).

  1. Нарықты дамыту стратегиясы немесе интеграциялық өсу стратегиясы – бұл стратегияда фирманы ұлғайту кеңейту үшін оған жаңа құрылымдар қосады. Екі негізгі түрі бар:

  • Регрессивті стратегия интеграциясы – жеткізушілерге деген бақылауды қолдану мен күшейту арқасында фирманы улкейтуге бағытталған стратегия.

  • Прогрессивті интеграция стратегиясы – тарату жүйесіне деген бақылауды енггізу мен күшейту арқылы өсуді қалыптастыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]