Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
menedzhment_shpor_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107.9 Кб
Скачать
  1. Сыртқы тікелей ықпал ету ортасының мәнін ашып, элементтеріне сипаттама беріңіз

Ұйымның табысы ішкі ортадан басқа оны қоршаған сыртқы күштерге де байланысты. Қазіргі күрделі дүниеде басқарушылық қызметтерді тиімді орындау үшін осы сыртқы айнымалылардың іс-әрекетін түсіне білу қажет. Жүйелі тәсілдеменің басқару ғылымына қосқан маңызды үлестерінің бірі сыртқы ортаның маңызына баса назар аудару болды. Басшы үшін өзінің ұйымын, өз кезегінде сыртқы дүниемен байланысқан, өзара байланысты бөліктерден тұратын тұтастық ретінде қарау қажеттілігі туды. Жағдайлық тәсілдеме тұжырымдама жасау есебінен жүйе теориясын кеңейтуге мүмкіндік берді. Оған сай аталмыш жағдайға барынша қолайлы басқару әдісі ұйым мен сәйкес түрде оған әсер ететін нақты ішкі және сыртқы факторлармен анықталады.

Қоршаған ортаны анықтау мен оның ұйымға әсерін есепке алу тәсілдерінің бірі - сыртқы факторларды 2 негізгі топқа бөлу. Бұл - ұйымға тікелей және жанама әсер ету күштері.

Тікелей әсер ету ортасына ұйым операцияларына тікелей әсер ететін факторлар жатады:

1. Жабдықтаушылар. Жүйелі тәсілдеме тұрғысынан ұйым - бұл кірулерді шығуларға түрлендіру механизмі. Кіретіндердің негізгі түрлері: материалдар, жабдық, энергия, капитал мен жұмыс күші. Аталған ресурстардың кіруін қамтамасыз ететін

жабдықтаушылар торабы мен ұйымның арасындағы тәуелділік ұйымның әрекет етуіне тікелей әсер етудің ең жарқын мысалы бола алады. Жабдықтаушылар үлкен күшке ие болса, ұйымды өздеріне қатты тәуелділікке қоюы мүмкін. Сондықтан жабдықтаушыларды таңдаған кезде олармен қарым-қатынасты тең дәрежеде құру мүмкін болуы үшін олардың қызметін жан-жақты әрі терең зерттеу маңызды.

2. Заңдар мен мемлекеттік органдар. Заңдылықтың күйі көбіне тек оның күрделілігімен ғана емес, белгісіздігімен де сипатталады. Ұйымдар тек заңдарды ғана емес, мемлекеттік реттеу органдарының талаптарын да орындауға міндетті. Бұл органдар өз құзырына сәйкес заңдардың мәжбүрлі орындалуын қамтамасыз етеді әрі өздерінің талаптарын да енгізеді.

3. Тұтынушылар. Олар қандай тауарлар мен қызметтер әрі қандай бағамен олар үшін ықыласты екендігін шеше отырып, ұйым әрекетінің нәтижесіне қатыстының барлығын анықтайды. Тұтынушыларды зерделеудің міндеті ең алдымен ұйым өткізетін өнімді

алатындардың бейнесін құру. Бұл ұйымға тұтынушылар қандай өнімді көбірек қабылдайтындығын, қандай сату көлемін күтуге болатынын, потенциалды сатып алушылар аясын қаншалықты кеңейтуге болатынын анықтауға мүмкіндік береді.

4. Бәсекелестер. Көп жағдайда тұтынушылар емес, осы бәсекелестер қызмет нәтижесінің қандай түрін әрі қандай бағамен сатуға болатындығын анықтайды.

  1. Билік пен ықпал етудің нысандарына сипаттама беріңіз

Менеджмент функциясын тиімді орындау үшін, тиімді жетекшілік қажет ал тиімді жетекшілік басшының лидерлік ықпалымен, бағыныстыларымен тиімді әсер етумен байланыстырылады. Лидердің тиімділігін Басқаларға қаншалықты әсер ете алуымен бағаланады. Басқарушы мен лидердің арасында айырмашылық бар.

Басқару – бұл басшының өз бағыныстыларына белгілі бір тапсырмаларды бере отырып, оның орындалуын жүзеге асыратын ақыл-ой еңбегі. Ал лидер – бір адамның топ мүшелеріне ықпал етуі. Басшы өкілеттіліктерді делигирлеу арқылы ұйымның басшылық қызметін атқартын болса, ал лидерлікке өкілеттілік керек емес.

Ұжым жетекшісі дегеніміз – бір уақытта әрі лидер әрі бағыныстыларын тиімді басаратын басшы. Оның мақсаты басқаларға ұйым жұмысын тиімді орындауына ықпал ете білу.

Ықпал ету – бір адамның екінші бір адамның мінез құлқына, қарым-қатынасына т.б. өзгеріс енгізуі. Ол өтініш арқылы, қорқыту т.б. жүзеге асырылады.

Билік дегеніміз – басқалардың міне-ұлқына ықпал ете білу мүмкіндігі. Басқаруда биліктің қажеттігі зор. Ресми өкілеттіліктерге қосымша билік қажет. Себебі, басшы қол астындағы бағыныстыларға, одан да тыс адамдарға байланысты болады. Билікпен ықпал ету лидерліктің құралдары болып табылады. Егер жетекшілер басқаларға әсер ету үшін қажетті билік болмаса, онда ол өзіне қажетті ресурстарды басқа адам арқылы ала алмайды, сөйтіп ұйым жұмысының тиімділігі нашарлаайды.

Хорезм – лидердің жеке қасиеттері мен қабілеттеріне байланысты құрылған билік. Хорезматикалық ықпал – орындаушының өз басшысына деген құрметіне, силастығына негіздеоген. Хорезматиканың белглері:

  • сыртқы түрінің ықпалдылығы (сыртқы түрі тартымды болады)

  • мінез құлқының тәуелсіздігі.

  • Басқамен қарым-қатынас дұрыс орнатып, сөйлесе және тіл табыса алады.

  • Кез-келген жаңдайда өзін жоғалтпайды, сенімді адам, ойы өте жинақы, ситуацияларды меңгере алады.

  • Заңды билік- орындаушы ықпал етушінің билік беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің міндеті деп сенеді.

Бағынышты басшының бұйрығын ұйымның иерархиялық төменгі сатысында тұрғандардың орындауы қажет деп ойлайды.

Дәстүр- ұйым үшн де, асшы үшін де өте тартымды құрал. Ол адамға емес лауазымға ықпал етуге үйретеді. Бұл жағдайда тұрақтылық көтеріледі. Себебі ұйым бір адамның қабілетіне тәуелді емес. Дәстүрге бағынуға ұйымдар ықпалдың бірер тиімділігі жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]