Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика новый ЖМ Каз 2016 ж.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
352.77 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ЖАЛПЫ ГИГИЕНА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Практикалық сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар

Қайта өңделді: б.ғ.к., аға оқытушы Молдақарызова А. Ж.

оқытушы Айтжанова Г. М.

Алматы, 2016 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді

Хаттама № _____ __________2016 ж.

Кафедра меңгерушісі, профессор Кенесариев У. И.

1. Тақырыбы: Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Тіршілік етудің негізгі ортасы және оған сипаттамасы.

2. Мақсаты: - тірі ағзалар мен табиғи ортаның арақатынасының негізгі принциптері туралы мен адамзат үшін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары туралы түсінік беру.

- Өмір сүру ортасы туралы, экологиялық факторлар және тірі ағзалардың ұйымдастыру деңгейлері туралы түсінік беру.

3. Оқыту мақсаты:

  • Пән туралы білімін, мақсатын, негізгі міндеттері және экологияда қолданылатын зерттеу әдістері туралы, басқа да пәндермен байланысы туралы білімін қалыптастыру;

  • Экология және табиғатты қорғау аумағындағы білімін, табиғатты қорғау және тиімді пайдаланудың теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру;

  • Б. Коммонердің негізгі заңдылықтары мен принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;

  • ҚР экология және табиғатты тиімді пайдалану заңы мен кодексін пайдалану туралы білімдерін қалыптастыру;

  • Студенттердің жетілдірілген әдебиеттермен жұмыс істеу аналитикалық қабілеттіктерін қалыптастыру және жетілдіру.

  • өмір сүру ортасы, экологиялық факторлар және тірі ағзалардың ұйымдастыру деңгейлері туралы білімдерін қалыптастыру.

  • тірі ағзалар мен тіршілік ету ортасының байланысын анықтайтын негізгі заңдылықтар туралы білімдерін қалыптастыру.

  • шектеуші экологиялық факторларды, «эмердженттілік» принципін және В. Шелфордтың толеранттық заңын анықтай білуін дағдыландыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары (білім құзіреттілігі, құқықтық, тәжірибелік комуникативті дағды):

  • Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы, мақсаты, зерттеу нысандары мен міндеттері

  • Әдістері және басқа ғылымдармен байланысы.

  • Экологияның даму тарихы, негізгі үш кезеңі.

  • Қазіргі заманғы экология және ғылымның қалыптасуы.

  • Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар туралы түсінік (абиоттық, биоттық және антропогенді).

  • Экологиялық факторлар және олардың бір бірімен әсерлесу ерекшеліктері.

  • Экологиялық факторлардың рөлі мен классификациясы.

  • «Экологиялық қуыс» және оның тірі ағзалар арасындағы арақатынасы үшін маңызы.

  • Антропогенді факторлар, оның тірі және тірі емес табиғатқа тікелей немесе жанама әсері.

  • Ю. Либихтің минимум және В. Шелфордтың толеранттылық заңдары.

  • Толеранттық диапазоны.

  • Шектеуші экологиялық факторлардың маңызы. Толеранттық заңының мәні.

  • Кезеңді және кезеңді емес факторлар.

  • Кезеңді және кезеңді емес факторларға үйрену ерекшеліктері.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс, пікір талас жүргізу.