Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарттау шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.05 Кб
Скачать

57. Техникалық реттеу саласында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау стандарттау саласында сәйкестікті растауда, өнім сапасы мен қауіпсіздігінде, қызмет көрсетуде міндетті талаптардың орындалмауына жол бермеу, себептерін табу және жою мақсаттарында жүргізіледі. Бақылау мен қадағалау объектілері ретінде өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханалар болып табылады. Бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, оның аумақтың органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жүргізеді. Уәкілетті орган мен оның аумақтык бөлімшелері, олардың лауазымды адамдары бақылау мен қадағалауды өнімді өткізу сатысында жүзеге асырады. Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары:

  1. Өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау мен қадағалау жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді еткізудің жолын кесуге және оған жол бермеуге ыңпал ету шараларын қолданады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жататындар:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті органның басшысы.

  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары — уәкілетті орган басшысының орынбасарлары.

  3. Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары.

  4. Облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары.

  5. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау мен қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік, аумақтық органдардың басшылары, аумақтық органдардың басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен аттестат алуға тиіс. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау кезінде тексеріледі:

  • өнімге міндетті талаптарға сәйкестігі расталғаны туралы құжаттардың болуы, олардың жалған болмауы, қолдану мерзімі, дайындалу мен тіркелуінің дұрыстығы немесе ілестірілетін құжаттарда сәйкестікті растайтын мағлұматтардың болуы;

  • тексерілетін өнімнің атауының ұсынылып отырған сәйкестік сертификатында (немесе көшірмесінде) немесе сәйкестік декларациясында көрсетілген атауы мен бірдейлігі;

  • сертификатталған өнімді сертификаттау органының инспекциялық тексеруден өткізгені және оның нәтижелері туралы құжаттардың болуы;

  • сәйкестікбелгісімендұрыстаңбаланғаны;

  • сертификатталған(декларацияланған) өнімніңтехникалыққұжаттарынанемесеөндірісүдерісінеенгізілген және басқа да өзгерістержөніндесертификаттауорганынуақытылыхабардарету.

Техникалықбайқаудымемлекеттік инспектор мекемемамандарынқатыстыраотырыпжүргізеді. Техникалық байқаудың жәнеэкспертизаныңнәтижелерібойыншаөнімніңміндеттіталаптарға сәйкестігі бағаланады.Мемлекеттік бағалау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мынадай жағдайларда нұсқама шығарады:

  • өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген; сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (сәйкестік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәйкестік туралы декларадияларының көшірмелері) болмаған;

  • өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда.

Мемлекеттік қадағалау және бағалау жүргізу нәтижесінде анықталған қиғаштықтарды жою үшін және нұсқамалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тексерулер қайталанып отырады.

58. Реттеу, қорғау, ресурстарды үнемдеу функциясыРеттеу функциясы:

-объектілердің жөнсіз көп болуының алдын алу. Бұл функция өнімддердің, үрдістердің және қызметтердің заңдардың талаптарына және қоршаған ортаның талаптарына сай келуін реттейді.

Қорғау функциясы:

-өнімді шығарушылардың, тұтынушылардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамзатты, табиғатты техногенді апаттардан қорғауға жұмылдыру.

Ресурстарды үнемдеу функциясы:

-материалдардың, энергетикалық, еңбек және табиғи ресурстардың шекті болуы себепті нормативтік құжаттарда ресурстарды үнемді пайдалануды қарастыру қажет.

59. Байланыстылық, цивилизациялық функциясыБайланыстылық функциясы:

-ақпараттың (компьютерлік, спутниктік, т.б.) жүйелерін және хабарды тарату каналдарын пайдалана отырып адамдардың өзара пікірлесуін және әрекеттестігін қамтамасыз ету. Бұл функция саудадағы кедергілерді жою және ғылыми-техникалық, экономикалық байланыстарды нығайту үшін қажет.

Цивилизациялық функциясы:

-адам өміріне қатысты көрсеткіштерді, өнім мен қызмет сапаларын белгілеу негізінде жақсарту;

-мысалы, адам өмірін ұзаррту: мемлекеттік стандарттардың тамақ өнімдерінде, ауыз суға, темекінің құрамында болатын зиянды заттардың мөлшеріне қоятын талаптардың қатаңдығы.

60. Ақпараттық, құқықтық функциясыАқпараттық функциясы:

-стандарттау өндірісті, ғылымды, техникалық және де басқа салаларды нормативтік құжаттармен, эталондармен, үлгілермен, бағалы техникалық және басқару ақпараттарының сақтаушысы болып табылатын өнім эталондарымен, өнім каталогтарымен қамтамасыз етеді.

Құқықтық функциясы:

-стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды міндетті стандарттар түрінде заңдастыру және құжаттарға құқықтық күш беру нәтижесі оларды жаппай қолданудан байқалады. Нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындау экономикалық әкімшілік және құқықтық міндеттеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]