- •7. Стандарттаудыңфункциялары. Реттеу функциясы
- •9. Стандарттаудың түрлері. Негізге алушы стандарттар.
- •22. Қр мсж міндеттері.
- •26.Құжаттардың бланкілеріне және рәсімдеуіне қойылатын талаптар.
- •27.Құжаттардыңдеректемелерініңқұрамы.
- •30.Техникалы шарттардың дайындау тәртібі, келісімі және белгіленуі.
- •31.Ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғам бірлестіктерінің стандарттары.
- •32. Ұйым стандарттары.
- •33. Білім саласындағы стандарттар.
- •34. Мемлекетаралық стандарттар.
- •35. Техникалық регламент және мақсаттары
- •36.Техникалық регламенттердегі қажетті талаптар.
- •37.Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (исо).
- •38.Координациялық комитеттер.
- •39.Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк).
- •41.Смс бойыншамемлекетаралықкеңес (мгс)
- •42.Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықытары.
- •43.Мемлекеттікбақылауміндеттері.
- •44.Ұлттықстандарттар
- •45.Техникалықрегламенттердіңмазмұны
- •57. Техникалық реттеу саласында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау
43.Мемлекеттікбақылауміндеттері.
Мемлекеттік бақылау жөніндегі іс шаралар барысында Қазақстан Республикасының техникалықреттеу туралы Заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге, дайындаушыларды, сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер туралы хабардар етуге міндетті.
Комерциялық және заңмен қорғалатын өзгеде құпияны сақтауға міндетті.
Қазақстан Республикасының Заңнамасында беліленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға міндетті.
Мемлекеттік бақылау жүргізу нәтижелерінің негізінде анықталған қиғаштық тарды жою жөніндегі шаралар қолдануға міндетті.
44.Ұлттықстандарттар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары салааралық мәні бар және болашақта көп ретті қайта өндірілетін немесе қолданылатын өнімдерге, үрдістерге, қызметтерге, нормалар мен ұйымдастырушылық-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттамалы талаптарға зерттелініп құрастырылады.
Мемлекеттік стандарттау объектілеріне келесілер жатады:
Ұйымдастырушылық- әдістемелік және жалпы техникалық объектілер;
Ірі қожалықтар комитетін құраушы элементтер;
Мемлекеттік ғылыми-техникалық объектілер;
Кен, оның ішінде қолдану өнімдері;
Ғылым мен техниканың жетістіктері;
Қазақстан Республикасының ішкі тұрғындар мен өндірістерді қанағаттандыратын өнімдері.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына келесілер жатады:
өнім, үрдіс және қызметтерге қойылатын міндетті талаптар;
өнім сапасына қойылатын талаптардың бақылау міндетті әдістері;
бұйымдардың типті конструкциялары мен параметрлік қатарлар;
өнімнің негізгі пайдалану қасиеттері;
өнімді шығару, пайдалану техникалық бірлігін қамтамасыз ететін ережелер.
Мемлекеттік стандарттар стандарттау объектілеріне қойылатын талаптардың міндетті түрде орындалуына арналған және онымен қатар ұсынылатын талаптардан тұрады.
45.Техникалықрегламенттердіңмазмұны
Техникалық регламент – нормативті-құқықтық акт болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, процестің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген. Техникалық регламент – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат. Регламентті стандарттау органдары емес, билік органдары қабылдайды. Мысалы: Үкімет немесе Парламент Қазақстанда Мәжіліс қарастырады, Сенат келісім береді, Президент бекітеді.
Техникалық регламент – бұл техникалық заң регламентте мемлекеттің ауқымындағы шаруашылықпен айналысатын барлық субъектілерге орындауға міндетті талаптар, шарттар беріледі. Техникалық регламенттің бірнеше мақсаттары бар. Олар:
Өнімнің, процестің адам өмірімен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктердүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
Өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алады;;
Саудадағы техникалық кедергілерді жояды;
Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады;
Табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдейді.
46. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріТехникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары:1) тексеру тағайындалғанц туралы нұсқаманы және қызметтік куәлігін көрсеткен кезде Заңға сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асру үшін кедергісіз кіруге;2) жеке және заңды тұлғалардан ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер алуға.;3) мемлекеттік бақылау үшін:
Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып,
Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге жұмсалған шығындардытексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып, өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға;4) егер өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын сәйкестік туралы декларацияны немесе сәйкестік сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнімді өткізу сатысында өнімді дайындаушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшірмесін көрсетуге талап етуге;5) мынадай жағдайларда:
Өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген;
Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (сәйкестік сертификаттарының көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (сәйкестік туралы декларацияларының көшірмелері) болмаған;
Өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың бұзылу сипаты ескеріле отырып белгіленген мерзімде оның бұзылуын жою немесе өнімді өткізуге тыйым салу туралы нұсқама шығаруға;6) өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда берілген сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестік сертификаттары тіркелуінің күшін тоқтата тұруға және жоюға;7) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізуші тұлғаларды ҚР заңдарында белгіленген жауапкершілікке тартуға;8) өнім өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен қатысуға;9) дайын өнімнің техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда өнімнің өмірлік циклының кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерін тексеруді ұйымдастыруға;10) ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге ҚҰҚЫЛЫ.Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың міндеттері1) мемлекеттік бақылау жөніндегі іс – шаралар барысында ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізігуе, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық реттеу саласында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер туралы хабардар етуге;2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;3) ҚР заңнамасында белгіленген мемлекеттік бақылау жүзеге асыру тәртібін сақтауға;4) мемлекеттік бақылау жүргізу нәтижелерінің негізінде анықталған қиғаштықтарды жою жөнінде шаралар қолдануға МІНДЕТТІ.
47) Стандарттаутуралы ҚРзаңыныңрегламенттері.
ҚР-да стандарттаудың құқықтық негіздері 1-рет 1993 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» заңында орнатылған.1999 жылы ҚР «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданды.2003 жылы 10 маусымда түбегейлі өзгертіліп толықтырылды.«Сандарттау туралы» жаңа заң мыналарды регламенттейді:
Стандарттау облысында негізгі түсініктерді;
Осы заңның жүзеге асыру аймағын;
Стандарттау туралы заңнаманы;
Стандарттау мақсаты мен принциптері;
Стандарртау объектілерін;
Стандарттау облысында халықаралық бірлестікті;
Стандарттау бойынша жұмыстарды басқару;
Стандарттаудың Мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымын;
Стандарртау бойынша нормативтік құжаттарды және оның талаптарын;
Нормативтік құжаттарды қолдануды;
Нормативтік құжаттар туралы ақпараттарды;
Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлауды;
Өнімнің каталогтау жүйесін;
Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтауда мемлекеттік қадағалауды;
Стандарттау туралы заңнаманы бұзуда жауапкершілікті;
Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстарды қаржыландыру.
48) Стандарттаудыңеріктілікпринципі.
Стандарттарды ерікті түрде қолдану және олардың біркелкі қолданылуына жағдай жасау. Ұлттық стандарттар еліне және өнімді шығаратын жеріне, өмірлік циклының процестеріне, көрсетілетін қызметтерге, келісім ерекшеліктеріне және тұлғаларға (дайындаушы, орындаушы, тапсырыс беруші) қарамастан бәрі бірдей ерікті түрде қолданылады.
Ұллттық стандарттарды жасағанда халықаралық стандарттарды негіз ретінде қолдану. Егер климаттық және географиялық немесе отандық өнім өндірудің техникалық (технологиялық) ерекшеліктеріне байланысты оны қамтамасыз ету мүмкін болмаса, бұл принциптің орындалмауы мүмкін.
49) Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретіСт-у жөніндегі техникалық ком-р мемлекеттік органдардың және мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде ст-у жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін экономика салаларында құрылады.
Ст-у жжөніндегі техникалық комитеттердің құзыретіне кіреді:
Бекітіліп берілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Мемлекеттік ст-рды және техникалық- экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық ст-р мен шет мемл-рдің ТЭАЖ және оларға енгізілетін өзгерістерді әзірлеуге және оларға сараптама жасауға белгіленетін тәртіппен қатысу;Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттер мен мемлекеттік ст-рды әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау.
50) Стандарттаудың жүйелілік принципі.Техникалық прогресс және өнім сапасын жақсарту, өнім шығару процесін, оның ішінде стандарттауды жүйелі түрде жүргізу талап етеді. Стандарттау өндірістің бүкіл кезеңдерін және шикізаттарды, материалдарды іріктеп, жинақталған бұйымдар мен дайын өнімдерді қамтуы керек. Сонымен қатар, стандарттау барлық өнім түрлеріне өзара үйлестірілген талаптар қойып отыруы керек.
51. стандарттаудың динамикалық принципіДинамикалық принципіТиімділік деңгейін көтеру үшін ст-у объектісіне қойылатын талаптарды ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкестендіру мақсатында ұдайы қайтадан қарастырып отыруы қажет. Жаңадан жасалынатын стандарт моральдық тозуға аз ұшырау үшін міндетті түрде дамуды озу принципі сақталуы тиіс. Бұл принцип халықаралық және өңірлік ст-рды қарау арқылы ст-қа болашақ талаптарды енгізуді қамтамасыз етеді.
52. стандарттаудың тиімділігіТиімділік принципіСт-р тағайындайтын көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар және талаптар ғылымның, техниканың және өндірістің д.ж. деңгейлеріне сәйкестендірілуі керек. Олар ст-у объектісінің даму тенденциясын да ескеру қажет. Тағайындалған көрсеткіштер өнімнің жаңа сапа көрсеткіштерінің тек қана тиімділігін мес, оларды жасауға, материалдарға, пайдалану жұмыстарына жұмсалатын шығындарын ескеріп экономикалық тиімділік шығын деңгейі ең төмен жағдайда алынуға тиіс.
53. стандарттаудың үйлестіру принципі
Үйлестіру принципі
Бұл принцип үйлестірілген ст-рды әзірлеуді және олардың техникалық регламенттерге қайшы келмеуін көздейді. Бір объектіге еліміздегі мкемелер қабылдаған құжаттар мен үйлестіруге халықаралық мекемелермен қабылданған құжаттар мен үйлестірілсе халықаралық саудадағы кедергілер жойылады.
54. техникалық регламенттер
Техникалық регламент.
Өнімге және(немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін ҚР-ң техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.
Техникалық регламенттердің мақсаттары:
Өнімнің , процестің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Өнімнің көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттің алдын алу;
Саудадағы техникалық кедергілерді жою;
Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Табиғи және энергитикалық ресурстарды үнемдеу;
Зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптарды белгілейді.
Техникалық регламенттегі қажетті талаптар:
оның талаптары қолданылатын өнімнің, процестердің толық қамтылған тізбесі;
техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің,процестердің сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиіс;
өнімнің сынамаларын (үлгілер) іріктеу және оны сынақтан өткізу ережелері,сәйкестікті растаудың ережелері мен нысандары(оның ішінде сәйкестікті растау схемалары) және терминологияға,буып-түюге,таңбалауға н/се затбелгі жапсыруға ж/е оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін.
55. стандарттаудың жинақтылық және оңтайлы шектеу принципі
Жинақтылық және оңтайлы шектеу принципі
Ст-рды жасау кезінде қарастырылып отырған объектіге әсер ететін барлық басты элементтерді ескеру қажет. Жұмыс көлемін азайту мақсатында объектіге әсер деңгейі төмен элементтер ескерілмейді. Ст-у кезінде сипаттамалар жүйелері және көптеген өзара байланыстағы материалды және материалды емес элементтер қарастырылады. Сапалы өнім алу үшін қажетті жағдайды туғызу және өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында оның барлық өмірлік циклын қамтитын ұтымды ст-р жүйесі керек.
56. мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау
Мемлекеттік ст-у жұмысы жоспарланады. Ст-у бойынша жоспарлау жұмысы ҚР салалық экономикасына бағытталған жұмыстармен жүзеге асырылады.
Жоспарлау кезінде есепке алыналы:
Салалық ғылыми- техникалық және күнделікті, ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламалар;
ҚР әлеуметтік және экономикалық жоспарлары;
ҚР өкіметімен қабылданған заңды және өзге нормативті құқылы актілері;
ТМД елдерінің және ҚР-ның міндетті серт-уға жататын өнімнің тізімі;
Мемлекетаралық ст-у бойынша жұмыстың бағдарламалары;
Ғылыми зерттелетін жұмыстың жоспарлары және т.б.
Ст-у бойынша жоспарлау жұмыстың ұйымдастыру- әдістемелік басқармасын Республикада «техникалық реттеу және метрология» комитеті жүзеге асырады. Мемлекеттік ст-удың бағдарламасын және жоспарын құрастыру «техникалық реттеу және метрология» комитеті ескеруімен жүреді. Мемлекеттік ст-у жоспары 1 жылда немесе болашақтағы 3 жылдан 5 жылға дейін әзірленеді және ст-у бойынша техникалық комитетінің, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарымен қалыптастырылады. Мемлекеттік ст-у жоспарына ұсыныстар жоспарлау кезеңінде СМС органы бойынша уәкілетті Комитетінің- РГП «ҚазИнСт» мүдделі жеке және заңды тұлғалармен жоспардың жобасын қалыптастыру үшін ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін беріледі. РГП «ҚазИнСт» түскен ұсыныстарды талдап, жоспардың жобасын жасап және мүдделі ұйымдарға пікірге жіберіледі. Пікірді алғаннан кейін мемлекеттік ст-у жоспарының жобасының соңғы редакциясы қалыптастырылады және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін «техникалық реттеу және метрология» комитетіне бекітуге ұсынады. Мемлекеттік ст-уды жоспарлау бойынша жұмыстарды қаржыландыру көзі мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламаларды, ғылыми- зерттеу жұмыстардың жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражат және мүдделі жақтардың взносынан жиналған қаражат, сонымен қатар басқа да қаржыландыру көздері болып табылады. Ст-у бойынша мемлекеттік жоспарлардың орындалуын бақылауды «техникалық реттеу және метрология» комитеті жүзеге асырады.
