Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарттау шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.05 Кб
Скачать

39.Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк).

1904жылы құрылған халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) барлық электр техникалық, электрондық, ақпараттық және олармен байланысты технологияға арналған халықаралық стандарттарды әзірлеу және басып шығару бойынша жетекші ұйым болып табылады. ИСО стандарттарымен қатар ХЭК стандарттары электрлік, электрондық және электр техникалық өнімдерге қойылатын негізгі талаптарды халықаралық деңгейде үйлестіру мақсатында әзірлейді және осы стандарттардың пайдаланылуы әлемдік нарықта және саудада техникалық кедергілерді жоюға кәсіпорын бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Олар халықаралық тендерлерді әзірлеу кезінде ұлттық стандарттау және анықтамалық ақпарат негізі ретінде қызмет етеді. Халықаралық Электротехникалық Коммисияға 57 ел кіреді.ХЭК қызметінің негізгі міндеттері: • әлемдік нарық талаптарына тиімді жауап беру;

• өзінің стандарттары мен барлық әлем бойынша сәйкестік сызбанұсқасын максималды пайдалану және озық болуға кепілдік беру;

• бұйым сапасын бағалау және жақсарту және жаңа стандарттарды әзірлеу арқылы қызмет көрсету;

• кешенді жүйелердің өзара әрекеті үшін жағдай жасау;

• өнеркәсіптік процестер тиімділігінің өсуіне мүмкіндік беру;

• адам өмірі мен қауіпсіздігін жетілдіру бойынша қызметке үлес қосу;

• қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметке үлес қосу.

40.БҰҰ-ның Еуропалықэкономикалықкомиссиясы.

БҰҰ ЕЭК стандарттау саласында өзінің басты тапсырмасы етіп билік деңгейінде саясаттың бағыттарын дайындауды және осы аумақта негізгі мәселелерді анықтауды қояды.БҰҰ ЕЭК әлемнің барлық елдерінде ұлттық стандарттаудың проблемаларын шешуде ИСО және ХЭК ұйымдарымен бірлесе жұмыс істейді.Өзара тану бойынша екі жақты және көпжақты келісімдерге жәрдемдесу бағытында ''Сынақ нәтижелерін тану '' ұсынымдамасын қабылдады.Осы құжат сынақ лабораторияларын аккредиттеу практикасын жетілдіруде оң рөл атқарды.

41.Смс бойыншамемлекетаралықкеңес (мгс)

МГС тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) СМС саласында келісілген саясатты жүргізу мен орнату бойынша ТМД-ның мемлекетаралық органы болып табылады. МГС 1992 жылы 13наурызда құрылған, ол СМС саласында жұмыстарды реттейді, аккредиттеудің негізгі бағыттарын анықтайды, мемлекетаралық стандарттарды қабылдайды. МГС-тің жоғарғы органы МГС мүшелерінің отырысы жылына 2рет өткізіледі. Отырыстар арасында Кеңес жұмысының жетекшілігін Басшылық жүзеге асырады. МГС-тің басшылық органы стандарттар бойынша Бюро болып табылады. 1995жылы халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) МГС-ті стандарттау бойынша аймақтық ұйым деп СМС жөніндегі Еуразиялық кеңес (ЕАSO) ретінде мойындады.

42.Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықытары.

  1. Тексеру тағайындалғаны туралы нұсқаманы және қызметтік куәлігін көрсеткен кезде заңға сәйкес мемлекеттік бақылау жүзеге асыру үшін кедергісіз кіруге құқылы.

  2. Жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Заңнамасында беліленген тәртіппен мемлекеттік бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуға құқылы.

  3. Мемлекеттік бақылау үшін:

  • Өнім технкалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ жүргізуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебіне жатқыза отырып;

  • Өнім техникалық регламенттерде берілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ жүргізуге жұмсалған шығындарды тексерілуші тұлғалардың есебіне жатқыза отырып өнімнің сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы..

  1. Егер өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын сәйкестік туралы декларацияны немесе сәйкестік сертификатын қолдану техникалық регламентте көзделсе, өнімді өткізу сатысында өнімді дайындаушылардан, сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшірмесін көрсетуін талап етуге құқылы.

  2. Мынадай жағдайларда:

  • өнім техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмеген кезде;

  • сәйкестікті міндетті расталуға жататын өнімнің сәйкестік сертификаттары (көшірмелері), сәйкестік туралы декларациялары (және оның көшірмелері) болған кезде;

  • өнімді оған құқығы болмай тұрып сәйкестік таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың бұзылуын жою немесе өнімді өткізуге тыйым салу туралынұсқама шығауға құқылы.

  1. Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда берілген сәйкестік туралы декларациялармен сәйкестік сертификаттары тіркелуінің күшін тоқтата тұруға жіне жоюға құқылы.

  2. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өткізуші тұлғаларды ҚР-ның заңдарында белгіленген жауапкершілікке таратуға құқылы.

  3. Өнім өткізуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөніндегі комиссияларға ҚР-ның Үкіметі белгілеген тәртіппен қатысуға құқылы.

  4. Дайын өнімнің техникалық регламентке сәйкес келмеуі анықталған жағдайда өнімнің өмірлік циклінің кезкелген сатыларында сәйкес келмеу себептерін тексеруді ұйымдастыруға құқылы.

  5. Қазақстан Республикасының Заңнамасында беліленген тәртіппен сотқа жүгіпуге құқылы.

  • Мемлекеттік бақылау жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды орындауға міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]