Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стандарттау шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.05 Кб
Скачать

26.Құжаттардың бланкілеріне және рәсімдеуіне қойылатын талаптар.

- Құжаттар бланкілерінде әзірленеді және олардың 2 негізгі форматы – А4 (270*297мм) және А5 (148*210мм) МЕМСТ 9327-60 бойынша белгіленді. А6 форматты (105*148) бланкілерде пайдалануға рұқсат етіледі. Құжаттың жиектері: сол жағынан – 20мм, оң жағынан – 10мм, жоғарғы жағынан – 10 мм, төмен жағынан – 10мм болуы қажет.

- Бланкілерді ақ қағазға немесе ашық түсті қағаздан жасаған жөн. Бланкілерді жедел полиграфиялық құралдың көмеімен, баспаханалық әдіспен немесе нақты құжатты дайындау кезінде есептеу техникасы құралдардың көмегімен жаңғыртуға рұқсат етіледі.

- Бланкілерде деректемелердің орналасуының түрі бар: бұрышта және ұзына бойына.

- Мемлекеттік ұйымның деректемелері ұзына бойы орналасқан А4 форматы бланкіде жаңғыртылған бейнесінің диаметрі 26мм-ден кем болмауы, А5 форматты бланкіде және А4 форматты бұрышты бойы бланкіде 15мм аспауы қажет.

27.Құжаттардыңдеректемелерініңқұрамы.

- Құжаттар бланкілерінде әзірленеді және олардың 2 негізгі форматы – А4 (270*297мм) және А5 (148*210мм) МЕМСТ 9327-60 бойынша белгіленді. А6 форматты (105*148) бланкілерде пайдалануға рұқсат етіледі. Құжаттың жиектері: сол жағынан – 20мм, оң жағынан – 10мм, жоғарғы жағынан – 10 мм, төмен жағынан – 10мм болуы қажет.

- Бланкілерді ақ қағазға немесе ашық түсті қағаздан жасаған жөн. Бланкілерді жедел полиграфиялық құралдың көмеімен, баспаханалық әдіспен немесе нақты құжатты дайындау кезінде есептеу техникасы құралдардың көмегімен жаңғыртуға рұқсат етіледі.

- Бланкілерде деректемелердің орналасуының түрі бар: бұрышта және ұзына бойына.

- Мемлекеттік ұйымның деректемелері ұзына бойы орналасқан А4 форматы бланкіде жаңғыртылған бейнесінің диаметрі 26мм-ден кем болмауы, А5 форматты бланкіде және А4 форматты бұрышты бойы бланкіде 15мм аспауы қажет.

28.Стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың категориялары.ҚР-да қолданылатын мемлекеттік, мемлекетаралық және техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі керек.

Ұйым стандарттары.

  • Өнімнің құрамдас бөліктеріне, технологиялық жабдықтарға, технологиялық үрдістерге, сонымен қатар олардың қоршаған орта қорғау және адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіздік технологиялық талаптарға;

  • Ұйымның ішінде көрсетілетін қызметтерге;

  • Өндірісті басқару және ұйымдастыру үрдістері (экологиялық басқару жүйелері өнімнің сапасын басқару, жіктеу, кодтау және терминология);

  • Республикада қолданылатын стандарттардың және техникалық регламенттің міндетті талаптарына , сәйкестігіне оларды бекіткен ұйым жауапты болады;

  • Жасау, бекіту және тіркеу тәртібін ұйым өз бетінше орнатады;

  • Әрекет ету мерзімін ұйым орнатады.

Мемлекетаралық стандарттар.

  • Жалпы техникалық нормалар мен талаптар, соның ішінде ортақ техникалық тіл;

  • Жалпы машиналық қолдану бұйымның типтік өлшемдері, типтік өлшемдер қатары және типтік құрылымдары, ақпараттық технологияның техникалық құралдары және ортақ бағдарламалары;

  • Үлкен өнеркәсіптік және шаруашылық кешендердің(транспорт, энергетика, байланыс) объектілері;

  • Үлкен мемлекетаралық әлеуметті-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламалар объектілері (халықты ауыз сумен қамтамасыз ету, қоршаған ортаны бақылау жүйесін құру және т.б.);

  • Мемлекеттер қатарында шығарылатын өзара жеткізілетін өнімдер;

  • ТМД;

  • Стандарттау жөніндегі мемлекетаралық Кеңеспен (МАК) қабылданады;стандарттар бюросында (Минск қаласы) тіркеледі.

Ұсынымдар. Қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін кеңес немесе ұсыныс.

Техникалық регламент.

  • Өнімге және(немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін ҚР-ң техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.

Техникалық регламенттердің мақсаттары:

  • Өнімнің , процестің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Өнімнің көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне және сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттің алдын алу;

  • Саудадағы техникалық кедергілерді жою;

  • Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

  • Табиғи және энергитикалық ресурстарды үнемдеу;

  • Зиян келтіру қауіп-қатерінің деңгейін ескере отырып, өнімнің, процестің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең төменгі қажетті талаптарды белгілейді.

Техникалық регламентте:

  • Оның талаптары қолданылатын өнімнің, процестің толық қамтылған тізбесі;

  • Техникалық регламентті қабылау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің, процестің сипаттамасына қойылатын талаптар болуға тиіс;

  • Өнімнің сынамаларын іріктеу және оны сынақтан өткізу ережелері ,сәйкестікті растаудың ережелері мен нысандары(соның ішінде сәйкестікті растау схемалары) және(немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі жапсыоуға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін.

29. Техникалық шарттардың мәні мен мағынасы.Техникалық шарттар жеке және заңды тұлғалармен тапсырыс берушіге өз бетінше жеткізуге арналған өнімге дайындалады.Техникалық шарт тек келесі жағдайларда ғана беріледі:

  • Аталмыш өнімге ҚР мемлекеттік стандарттар және мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде;

  • Жалпы техникалық шарттар немесе жалпы техникалық шарттар түріндегі стандарттар бар болған кезде , яғни сол стандарттарда өнімнің арнайы талаптарын нақтылайтын техникалық шарттың жобасы қарастырылған кезде;

  • Жүзеге асырылып тұрған стандарттар мен техникалық регламенттің талаптарын ,нормаларын көтеру және толықтыру үшін.

ТШ келесі өнімдерге дайындалады:

  • Нақты бір бұйымға, затқа, материалға және т.б;

  • Параметрлері және өлшемдері әр түрлі бола тұра, бірақ ортақ белгілері бар, бірыңғай конструкциясы бар бірнеше нақты бұйымдар, заттар, материалдар түріне.

ТШ келесі өнімдерге дайындалмайды:

  • Техникалық тапсырма бойынша немесе өнімді шығару үшін қажетті және жеткілікті талаптардан тұратын құжаттар бойынша шығарылатын бірлік өнімге;

  • Бір мекеменің тікелей тапсырысы бойынша белгіленген көлемде шығарылған және ары қарай өңдеуді қажет ететін заттарға материалдарға, жартылай фабрикаттарға;

  • Бұйымның құжаттар комплектісіне кіретін конструкторлық құжаттар бойынша дайындалатын бұйымның құрама бөліктеріне;

  • Үлгі эталон бойынша , техникалық сипаттама бойынша техникалық құжаттама бойынша орнатылған тәртіппен шығарылатын өнімге;

  • Тек экспортқа ғана арналған өнімге, яғни контрактіде ТШ-ң бар болу керектігі қарастырылмаса;

  • Өнімді жөндеуге.

ТШ-дың іске асыру күнін бекіткен ұйым орнатады, бірақ ТШ-ң мемлекеттік тіркеу күннен ерте болмауы тиіс. ТШ-ң іске асыру мерзімін мемлекеттік тіркеуді жүргізуге арналған мекемелермен бекітіледі және 5 жылдан аспауы керек. Өндірістің шығарылған өнімнің техникалық шарттың қосалқы бөлшектерді дайындауға және өнімді жөндеуге қолдануға болады. Бұл кезде ТШ-ң титул парағына «жөндеу мақсатында» деген жазуды көрсету керек. Іске асыру мерзімі шектеулі болса, шектеу мерзімін алып тастайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]