- •7. Стандарттаудыңфункциялары. Реттеу функциясы
- •9. Стандарттаудың түрлері. Негізге алушы стандарттар.
- •22. Қр мсж міндеттері.
- •26.Құжаттардың бланкілеріне және рәсімдеуіне қойылатын талаптар.
- •27.Құжаттардыңдеректемелерініңқұрамы.
- •30.Техникалы шарттардың дайындау тәртібі, келісімі және белгіленуі.
- •31.Ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғам бірлестіктерінің стандарттары.
- •32. Ұйым стандарттары.
- •33. Білім саласындағы стандарттар.
- •34. Мемлекетаралық стандарттар.
- •35. Техникалық регламент және мақсаттары
- •36.Техникалық регламенттердегі қажетті талаптар.
- •37.Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (исо).
- •38.Координациялық комитеттер.
- •39.Халықаралық электротехникалық комиссия (хэк).
- •41.Смс бойыншамемлекетаралықкеңес (мгс)
- •42.Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықытары.
- •43.Мемлекеттікбақылауміндеттері.
- •44.Ұлттықстандарттар
- •45.Техникалықрегламенттердіңмазмұны
- •57. Техникалық реттеу саласында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалау
22. Қр мсж міндеттері.
Тұтынушы және мемлекет мүдделері үшін өнімдердің, үрдістердің және қызметтердің сапасына қолайлы талаптарды орнату;
Метрологиялық нормалар мен ережелерге, технологиялық үрдістерге үйлесімді (құрылымдық, электрлік, электромагниттік, ақпараттық және т.б.), өзараауыстыру және жүйеге келтіруі бойынша талаптарды орнату;
Өнімді, үрдісті, қызметті және өндірісті бақылаудың, сертификаттаудың және сапасын бағалаудың нормативтік қамтамасыз етілуі.
Техника-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін енгізу;
Әрекеттегі заңдарды жетілдіру және ҚР-да техникалық регламенттер жүйесін құру жолымен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін реттеу түрлеріне көшу;
ҚР аймағында халықаралық стандарттарды тікелей қолдануды қамтамасыз ету және халықаралық талаптар мен жүйелерге нормативтік құжаттар мен стандарттау жүйелерін үйлестіру;
Стандарттау бойынша жұмыстарды нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіру, ҚР мемлекеттік стандарттар қорын құру;
Сертификатталған өнімнің, үрдістің, қызметтің сапасы мен қауіпсіздігіне және нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындалуына мемлекеттік қадағалауды жүргізу.
23. ҚР МСЖ ұйымдастырушылық құрылымы
ҚР-ның мемлекеттік ст-у жүйесі - ҚР ст-у саласындағы жұмыстарды, соның ішінде өнім каталогтау жүйесін жүргізетін мемлекеттік басқару органдарының жеке және заңды тұлғалардың, ст-у жұмыстарын жүргізу ережелерін белгілейтін нормативті құжаттардың жиынтығы.
ҚР МСЖ ұйымдастырушылық құрылымы:
СМС жөніндегі уәкілетті орган және оның аймақтық бөлімшелері;
Құзыреттілік шегіндегі мемлекеттік басқару органдарынан;
Жек және заңды тұлғалардан, соның ішінде техникалық комитеттерден ст-у бойынша эксперт-аудиторлардан;
ҚР-ң мемлекеттік ст-у қорынан.
24. "Техникалық реттеу және метрология" комитетінің функциялары.Қазақстанда стандарттау саласындағы органдардың ұлттық органның функциясын атқаратын стандарттау саласындағы іс-қимылдарды басқару органы «Техникалық реттеу және метрология комитеті».Комитет стандарттау саласында мына функцияларды атқарады:
Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және қолданысқа енгізудің тәртібін белгілейді.
Техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады.
Халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпараттық жіктеуіштерін стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелерімен ұсынымдарын ҚР-ның аумығында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді.
Мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды.
Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді.
25. ЭҚАБЖ нормативті- құқықтық актілері
Электронды құжат және электрондық цифрлық қолтаңбалар туралы ҚР-ның 2003 жылғы 7 қаңтарға №370-II Заңы;
ҚР Президентінің Әкімшілігімен, ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесімен, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бекітілген ЭҚАБЖ-ға мемлекеттік органдарды қосу сызбасы;
2004 жылы ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бекітілген техникалық- жұмыс құжаттамасының құрамына кіретін- «ЭҚАБЖ ведомствалық деңгейдегі электрондық құжат айналымы ЭҚАБЖ бағдарламалық қамтамасыз етуді ықпалдастыруға қойылатын талаптар сипаттамасы», «Деректер алмасу форматының сипаттамасы».
