Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stilistika_p_1241_ni_zertteytin_nysany.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.87 Кб
Скачать

3. Стилистикалық категориялар мен ұғымдар туралы түсінік.

Стилистика өзіне тән ұғымдар мен категорияларға ие. Мысалы, стиль, функционалды стиль, стилистикалықбояу, стилистикалыққұрал, стилистикалықбелгі, стилистикалықмағына, стилистикалық норма, стиль құраушыфакторлар, стильдіңтілдікжүйелілігіСтилистикалық категориялар стильдік белгілерден шығады.Функционалдық семантикалық-стилистикалық категориялар стилистика ғылымында өте аз қарастырылған.Стилистикалық категориялардың қатарына стилистикалық акценттік категория, стилистикалық гипотезиялық категория, стилистикалық автор образы категориясы, стилистикалық бағалау категориясы, стилистикалық диалогтық категория.Акценттік категория-мәтіндік категориялардың бірі.Мәтіндік акценттік категорияны реттеудің тәсілдері сөздің стилистикалық қызметіне байланысты әрі соған тікелей тәуелді.Ахаң-біз үшін әлі оқылмаған дастан/Ә.Қайдар/.Ана тілі Ахаң түрлеген сайын шынында да түрлене түсті/З.Қабдолов/. Стилистикалық категориялардың қатарына жататындардың бірі-гипотезиялық категория.Гипотезиялық категория сөздің стильдік аспектілерінде пайдаланылады,бірақ оны барлық мәтінге қатысты деп айтуға болмайды,тек ғылыми мәтінге ғана тән.Ендеше,гипотезиялық категория ғылыми стильдің және көркем әдебиет стилінің кейбір жанрларына тән/атап айтқанда,фантастикалық шығармалар/.Стилистикалық категорияның тағы бір саласы-«бағалауыштық».Бағалауыштық-философиялық-әлеуметтік әдебиеттерде кең қолданылады.Ғылыми стильде бағалау категориясы ғылыми рецензияда жан-жақты көрінеді.Ғылыми стильдегі бағалаудың түрлері:аксиологиялық баға:тамаша идея,жоғары деңгей,ғажайып үлгі;ментальді баға:маңызды үлес,рационалды ыңғай; тәжірбиелік баға:ұтымды классификация, академиялық еңбек; ғалымды бағалау: үлкен ғалым,білікті маман,жоғары білікті маман.Ғылыми стильде бағалау категориясының қатарына жағымды бағалау лексикасы жатады: /жоғары сатыға көтерілген,дұрыс қорғалған/. Бағалау сипатына жағымсыз бағалаушы лексикалар да кіреді: диспропорция,кешірілмейтін,жарамайтын,дәлелсіз,қисынсыз.Публицистикалық стильде бағалау категориясы әлеуметтік болып саналады.Публицистикалық стильде бағалау категориясы полемика,теледебат,прения сияқты бұқаралық-ақпараттық жанрларда жиі кездеседі.Бағалау категориясын тудыратын біріншіден-субъект.Субъект заңды қоғамның әлеуметтік өкілі ретінде өзі жазып отырған оқиға,құбылыс туралы бағалау категориясын қолданып оқырманға акценттік ой тастайды.Екіншіден,қабылдаушының жалпы көзқарасы тұрғысында да автор стилистикалық бағалау категориясын пайымдап бере алады.

2. Ауызекі сөйлеу стильі.

Ауызекі сөйлеу стилі — 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.

2. Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;

а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);

ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның катан түрі);

б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;

в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;

г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";

т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.Ауызекі сөйлеу — адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауының бір түрі. Ауызекі тілдің басты ерекшелігі — сөйлеудің алдын ала дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында жүзеге асатындығы. Тіл білімінде ауызекі тілді функционалдық стильдердің бір түрі ретінде қарастырады. Басқа стильден оның біршама өзгешеліктері бар.[1] Мұнда тіл мәдениетін қатаң сақтауға талап қою дұрыс бола бермейді. Негізгі мақсаты тікелей және тез хабар беріп, хабар алу болғандықтан ауызекі тілде әдеби тілдің нормасынан тыс сөздер мен сөз тіркестері — варваризмдер, кәсіби сөздер,жаргондар, диалектілер т.б. кездесуі әбден мүмкін. Бұл ауызекі тілдің заңдылығын бұзу болып есептелінбейді. Ауызекі тілдің тағы бір ерекшелігі — әңгіме тақырыбының тез өзгеріп отыратындығы (екі адам ауа райы туралы сөйлесіп тұрып, күтпеген жерден өндіріс мәселесін сөз етуі мүмкін). Тілдегі экспрессивті, эмоциональдық қасиеттер көп жағдайда ауызекі тілде байқалады. Ауызекі тілде тілдік (линвистикалық) факторлармен қоса, тілден тысқары факторлардың (экстралингвистикалық) да жарыса пайдаланылуы осы стильдің өзіндік ерекшелігі болып табылады (сөз болып отырған оқиға тыңдаушысына түсінікті болса да, бет пішінінің, қолының қозғалыстары, дауысты көтере немесе сыбырлай сөйлеуі т.б.). Экспрессия және ықшамдылық үшін ауызекі тіл сөздерді өзгеше жұмсайды, ерекше синтаксистік бірліктер (сөз тіркестер мен сөйлемдер) құрайды. Ауызекі тілдің тек өзіне тән сөздік қоры болады, ол екпінге, сөйлемдегі мағынаға көбірек сүйенеді. Ауызекі тілді жалпыхалықтық тілдің бір түрі ретіндегі сөйлеу тілінен ажырата білудің елеулі мәні бар. Сөйлеудің ауызша түрі функционалдық стильдердің барлығында (сахнадан немесе радио мен теледидардан көркем шығармадан үзіндінің оқылуы, публицистикалық материалдың ауызша берілуі) кездеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]