Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
stilistika_p_1241_ni_zertteytin_nysany.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.87 Кб
Скачать

1. Стилистика – тіл білімінің бірсаласы. Стилистика – тіл ғылымының тілдік тәсілдер жүйесін зерттейтін ғылым. Оның негізгі зерттеу нысаны – стиль, сондай-ақ әдеби тілдің стильдік тармақтары, сөздердің сөз мағыналарының, грамматикалық тұлға тәсілдердің стильдерге тәндігін, олардың қолдану заңдылықтарын, эмоциялық мәндерін т.б. бейнелегіш құралдарды қарастырады. Стилистика сонымен қатар фонетикалық құбылыстарды – сөз, сөйлемдерге тән ырғақ, интонация, дыбыс үйлесімі, дыбыс әуенін белгілі стильдік мақсатқа лайықтап жұмсау жүйесін тексереді. Стилистиканың мақсаты ойды қайткенде дәл, айқын, әсерлі, көріктікөркеметіпайтуғатиістіжақтарын, соларғатәнтілдіктәсілдердіанықтаужәнестильдіңдамуынәдебитілтарихыменұштастырақарастыру. Сонымен бірге, көркем әдебиеттілінің дамуын, әдеби тілінің жасалу тәсілін, араласу жанрларын да зерттейді. Бұдан басқа тілдің экспрессиялыққұралдарын,сөйлеуфигураларынжәнетроптардызерттейді.Стилистика - тілматериалдарынмағынасына, әсерінеқарайпайдаланаотырып, ойдыдәл,анықжәнетартымдыетіпжеткізебілуүшінқолданылатынқұралдарытуралыілім.Тілбіліміндестилистиканыңжалпығабірдейқалыптасқананықтамасыжоқ.Мұныңбірсебебіөзініңқалыптасуыбарысындатілбілімініңбұлсаласыәртүрлібағыттардыңқұрамындадамыды.Алғашқыкездекөркемтілдізерттеуаясындадамыса, соңғыкездеріоныңзерттеунысаныәлдеқайдакеңейіп, тармақталатүсті. Филология ғылымында стилистика, стиль сөздеріертеденқолданысқаие. Ресейде 19, тіпті 18 ғасырданстилистиканыңжекелегенаспектілерінеарналғанзерттеулершықты (мысалы, әртүрлікөркемшығармалардың не жазушылардыңтілі, стилітуралы), теориялықсипаттағыеңбектер де жарықкөреді. Алайда, ғылымипәнретінде стилистика 20 ғасырдың 20-30 жылдарынанқалыптасабастайды, ал оныңбіртармағыболыпсаналатынфункционалды стилистика 50 жылдарданбастапбелсендітүрдезерттеуобъектісінеайналады.Стилистика, стиль ұғымыныңмәнітілдіңкоммуникативтікаспектісімен, тілдіңқолданысымен, қызмететужағдайыментығызбайланысты. Бұлмәселегекөңілбөлу 19 ғасырдыңаяғы 20 ғасырбасындағытілшіғалымдардыңеңбектеріненбастауалады: В.Гумьбольд, Ф. де Соссюр, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Р.О.Якобсон, В.В.Виноградов, Г.О.Винокурт.б

8. Сөз мәдениеті туралы ғылыми пікірлерді көрсетіңіз.

Сөз мәдениеті, сөзтану ғылымы филология ғылымдарының ерекше саласы, сондықтан қарым қатынастың феномені адам сөзін зерттейді.Сөз мәдениеті туралы іргелі ғылыми пікірлер мен тұжырымдар жасамастан бұрын сөз терминіне тоқтала кету керек.Сөз термині филологиялық тәжірибеде аяқ астынан пайда болған жоқ. Өте ерте кезден ақ адамзат өзінің сөзінің мәнеріне жақты концептуалды ой пікірлер айтып кеткен. Адам ерекше жаратылыс құбылыс иесі болғасын, оның сөзі де өте күрделі құбылыс болып саналады. І. Омаров алғаш М.Әуезовті көргенде былай деген екен: «Мен алғаш Мұхаңды сөзінен таныдым, сөзінен Мұхаңды таныдым». Р. Сыздықова «Тілдік норма және оның қалыптануы» деген еңбегінде «сөздің» семантикалық өрісінің 5-6 мағынасын талдап, сөздің (речь) болып, қолданылуын дұрыс деп санаған. Сондықтан сөзтану, сөз мәдениеті, сөз лингвистикасы қазақ тіл ғылымында-жаңадан қалыптасқан термин. «Сөз түзелді, тыңдаушы сенде түзел» (Абай). Сөз мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеудің негізгі мақсат-міндеттерін меңгерудің жолдарын, нақты талаптарын қарастырады. Қазіргі таңда қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөз мәдениетін жоғары деңгейге көтерудің басты шарты тікелей қатысты зерттеліп келеді. Сөз мәдениетін ұлттық тұрғыдан зерделеу мәселелері мәдени ұлттық аспектінің негізгі бағыттарын басшылыққа алу мәдениетін ұлт мәдениетімен ұштастыра қарастыруда. Яғни, осы үрдіске орай, бізде өз зерттеу жұмыстарымызда сөз мәдениетін «әсерлі жеткізу» ұстанымдары негізінде яғни тілдегі экспрессивтілік мәселелерімен сабақтастырылып, экспрессиялық стилистика мәселелерімен тікелей ұштастырылады. Тіл мәдениетінің басты қатысымдық сапаларына сөздің «дұрыстығынан» өзге сөз дәлдігі, сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз орындылығы, сөз әсерлілігі, сөз әдебі сияқты сапалар жатады.

9. Антонимдердің стилистикалық қызметі.

Антонимнің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежесі әр басқа. Рас, көп мағыналы сөз, омоним, антоним жеке тұрған күйінде кез келген стильде қолданыла береді. Мысалы: ақ пен қара, іші мен сырты, аз бен көп дегендер өзара антонимдік қатынастағы, яғни қарама-қарсы мағынадағы сөздер.Бұлардың бәрі жеке-жеке кез келген стильде қолданыла береді, бірақ қарсы мәнді сөздерді қатар алып қарастыру кейбір стильде, публицистикалық, шешендік, сөйлеу тілі, көркем әдебиет стилінде ғана мүмкін.Ғылыми, ресми, кеңсе стильдерінде антоним сирек қолданылады, көркем әдебиет стильінде антонимдердің қызметі де айрықша байқалады.Бұл ерекшелік олардың мағыналық табиғатымен байланысты. Өйткені, тіліміздегі қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды. Ақ денесі ашылып, қара шашы төгіліп жатыр. (М.Әузеов). Сені қара түнде, ақ боранда алыстан іздедім. Қыран баласына дүние әрі кең, әрі тар. Достарыда аз емес, жаулары көп. Алтайдың аязына, Атыраудың ыстығына төзбек ұрпақ керек. Антонимдер сондай-ақ публицистикалық стильдеде қолданылады. Ондада белгілі бір ойды анық, әсерлі жеткізу мақсатында жұмсалады.Жиналыста азшылығы, көпшілігінің пікірімен санасып, бірауыздан дауыс берілді.

13.Стилистика мен синтаксистің арақатынасы.С т и л и с т и к а сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құ-ралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады,’ дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды,— кісінің мақсатты ойын қалайша дүрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық ‘кұбылыстар-ын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады. Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, осындай "толғауы тоқсан” тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкін-шілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрётеді. Әрине, айтылғанның, жазылғанның бәрі бірдей "маржан” емес. Олардың да жақсысы бар, жасығы бар. Стилистика жақсыдан үйренуге, қате-кемшіліктен аулақ болуға шақырады. Әдеби тілдің қай стилінде болмасын,— оның бәріне тән нәрсе — о й а й қ ы н д ы л ы ғ ы, ол үшін сөйлем дүрыс құралу керек. Осы талап тұрғысынан әдеби тілдің сөйлемдері әбден қиюластырылып, сөздері рет-ретімен орналастырылып, синтаксистік басқа да тәсілдер белгілі қалыпқа түсіріліп жазылады. Әдеби тілде жазып отырған не сөйлеп тұрған кісі сөйлем қүраудыд бұл талаптарын да, оған керекті синтаксистік мүмкіншіліктерін де жақсы білуге тиіс. Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объекті бола-’ тын бір бүтін бөлшегі — сөйлем. Сөйлемдер әр алуан сөзден, сөз тіркестерінен құралып, түрлі-түрлі мағынада, экспрессивтік қыз-метте жұмсалады, олардың түрі көп, стильдік сыр-сипаты, кедір-бұдыр қыры көп. Сонымен қатар ол кісі ойының ғажайып жеміс бақшасы тәрізді. Сол бақшаның жемісінен "дәм татам” деген кісі сөйлемдердің стильдік қызметіне қанық болып, өзі оларды дұрыс жұмсай алатын болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]