Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты 540 патфиз каз 2016 - студ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
316 Кб
Скачать

*Патологиялық физиология, тқж патофизиологиясы*1*7*1*

#514

*!Сүйек тінінің қайта үлгіленуі(ремодилирование)– бұл:

*сүйек тінінің кері сорылуының тұрақты үрдісі және оның түзілуі

*аяқ-қолдың жасанды ұзаруы

*буындарға протез салу

*остеобластармен сүйек тінінің кері сорылуы

*остеокластармен сүйек тінінің түзілуі

#515

*!Жайылған салдарлық остеопороз байқалады

*гиперэстрогенемияда

*өт-тас ауруында

*гипопаратиреозда

*ұзақ төсек тартып жатқанда

*сүйек сынығын гипстік таңғышпен емдегенде

#516

*!Сүйек жұмсаруында ( остеомаляция)

*остеоид түзіледі, бірақ минералданбайды

*сүйек тінінің остеоиды түзілуі төмендеуі

*остеоид түзіледі және минералданады

*сүйектерде кәлций, фосфор мөлшері көбейеді

*сүйек тінінде минерализдену үрдістері күшейеді

#517

*!Аяқталмаған остеогенездің патогенезінде коллаген тектерінің мутациясы маңызды:

*II түрінде

*I түрінде

*III түрінде

*IV түрінде

*Vтүрінде

#518

*!Марфан синдромының біртектес көрінісі

*«янтарлы» тістер

*құрсақ ішілік сүйек сынғыштығы

*құздамаға ұқсас артрит

*буындардың қатты қозғалғыштығы және арахнодактилия

*шамадан тыс созылмалы тері

#519

*!Буын шеміршегі төзімділігінің төмендеуін туындатады

*өспе тіршілігін жоятын жайт түзілуінің азаюы

*интерлейкин – 1 азаюы

*коллагеназа жеткіліксіздігі

*буын хондроциттермен протеогликандар өндірілуінің тежелуі

*эстрогендердің артықтығы

#520

*!Құздамаға ұқсас артритте буын шеміршегінің ыдырауын қамтамасыз етеді

*остеобластардың әсерленуі

*паннус коллагеназасы

*остеокластардың әсерленуі

*остеоид минералдануының бұзылысы

*шеміршекке түскен жүктеме мен олардың репарациясының арасындағы сәйкессіздік

*Патологиялық физиология, тқж патофизиологиясы*2*8*1*

#521

*!Альбинизм кезіндегі депигментация байланысты

*меланоциттердің бүлінуімен

*тирозиназа белсенділігінің төмендеуімен

*фенилаланиннің меланинге уытты әсерімен

*меланин ынталандыратын гормон жеткіліксіздігінен

*фенилананиннің тиразинге ауысуының бұзылысы

#522

*!Аяқталмаған остеогенездің біртектес көрінісі

*шамадан тыс созылмалы тері

*ақыл естің кемістігі

*«өрмекші»- тәрізді саусақтар

*сүйектердің сынғыштығы, көздің ағы көгілдір болуы, кереңдік

*шеткі фалангы аралық буындардың жарақаттануы (Геберден түйіндері)

#523

*!Марфана синдромы патогенезінде маңызды

*1 типті коллаген синтезінің тұқым қуалайтын кемістігі

*тұқым қуалайтын тубулопатиялар

*фибриллин синтезінің тұқым қуалайтын кемістігі

*фибробласттардың өсу факторындағы рецепторының тұқым қуалайтын кемістігі

*остеокласттың сутегі иондарының түзілуіне қажетті карбоангидразаның тұқым қуалайтын кемістігі

#524

*!Ахондроплазияның патогенезіндегі маңызды белгісі

*1 типті коллаген синтезінің тұқым қуалайтын кемістігі

*тұқым қуалайтын тубулопатиялар

*фибриллин синтезінің тұқым қуалайтын кемістігі (дәнекер тін микрофибрилінің негізгі компоненті)

*фибробласттардың өсу факторындағы рецепторының тұқым қуалайтын кемістігі

*остеокласттың сутегі иондарының түзілуіндегі, карбоангидраз қажеттілігінң тұқым қуалайтын кемістігі

#525

*!Кәлцийдің тағаммен түсуінің азаюы → плазмада кәлций мөлшерінің азаюы → паратгормон мөлшерінің артуы → ? → сүйек тінінің резорбциясы

Алиментарлық остеопатияның патогенезінде жетіспейтін тізбегін қойыңыз

*остеокластардың белсенділігі жоғарылауы

*остеобластардың белсенділігі жоғарылауы

*ауыспалы (трансформирующий) өсу жайтының әсерленуі

*Iтипті коллагеннің өндірілуі азаюы

*остеоциттер белсенділігі төмендеуі

#526

*!Баланы тексеру барысында қабырғаның «ескі» сынықтары, буындарының өте жоғары қозғалғыштығы, тістердің өзгерістері, склераның көгілдірленуі анықталған.

Берілген өзгерістер өндірудің бұзылысымен байланысты

* коллагеннің Iтүрі

*коллагеннің IIтүрі

*коллагеннің IIIтүрі

*коллагеннің IVтүрі

*коллагеннің V түрі

#527

*!Белсенді Д3 тапшылығы  ішекте кәлций сіңірілуінің бұзылысы  ?  салдарлық гиперпаратиреоз  сүйек тініне кәлций қосылуының төмендеуі, остеокластарды ынталандыру  остеомаляция.

Мешел ауруының патогенезінің жетіспейтін тізбегі

*гипокәлциемия

*гиперкәлциемия

*гипофосфатемия

*гипернатриемия

*гипонатриемия

#528

*!Кортизол тапшылығы → кері байланыс тетігі бойынша → ? → өндірілуінің артуы → тері және шырышты қабықтарда меланин жиналуының жоғарылауы → гиперпигментация

Аддисон ауруы кезіндегі тері және шырышты қабықтар гиперпигментациясы патогенезінің көрсетілмеген тізбегі

*АКТГ

*АДГ

*СТГ

*ТТГ

*ГТГ