- •7.2. Фондық дыбыс
- •7.3. Бейнекадрды пайдалану
- •4.2. Форма жасау тәгтері
- •4.4. Select тәгі
- •Html тілінің негізгі тәгтері.
- •Данияр;
- •27 Сурет пен мəтін жолынын орналасуын беру.
- •35.Тармақталу алгоритмдері.Тармақталған алгоритм – бұл шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм.
- •41. Html құжаты ішіне сурет енгізу қалай орындалады?
- •43. Логикалық стильдердің физикалық стильден айырмашылығы неде? Қаріптерді форматтау
- •50. Baseline мəнінің қызметі қандай?
- •56.Батырма мен қосқышты қалай жасауға болады? түйме-батырма-кнопка-button
- •7.1. Жеке бір тәг үшін жазылған стиль
- •1.1 Мысал
- •1.2. Жеке html-файлына арналған стиль
- •7.3. Бірнеше html-файлдарға арналған стиль
- •7.4. Аралас стильдерді пайдалану
- •Css анықтаулары жоқ құжат
- •1 .6 Мысал
- •1.7 Мысал
- •1.8 Мысал
50. Baseline мəнінің қызметі қандай?
Базалық сызық бойынша ағымдағы элементтің базалық сызығын тегістейді. Егер бастапқы элементтің базалық элементі жоқ болса, онда ол элемент үшін төменгі шегі жауапбереді. Ұяшықтың базалық сызығын тексттің бірінші жолымен немесе басқа енгізілген элементтің базасымен тегістейді.
51.Кесте жолының ішкі фон түсін анықтау қалай атқарылады? Web - құжаттармен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кестедегі қатар мен баған қиылысқан орынды ұяшық деп атаймыз. Ұяшықтың ішінде мәтінмен қатар, сурет, шағын кесте де болуы мүмкін. HTML тілінің кестелермен жұмыс істейтін тэгтерін қарастырайық. Оларға төмендегі тэгтер жатады:
<table>
• <caption>
• <tr> (table row)
• <td> (table data)
• <th> (table head)
<table> тэгі Web - құжатқа кесте құру үшін қажет. Тэг </table> тэгімен жабылады. Кестенің ұяшықтары <caption>, <tr>, <td> және <th> тэгтерімен құрылады.
Мысалы:
<table width="50%" border="1">
<tr> <td><p>
Кестеге жалпы фон түсін, ал кейбір ұяшықтарға басқа фон түсін беруге болады. Кейбір ұяшықтардың мәтінін пішімдейік.
<table width="50%" border="1">
<tr>
<td align="center"> 1 </td>
<td align="center"> 2 </td>
<td align="center"> 3 </td>
</tr>
<tr>
<td bgcolor="#ff0000"> 4 </td>
<td bgcolor="#ffffff"> 5 </td>
<td bgcolor="#0000ff"> 6 </td>
</tr>
</table>
52.COLSPAN параметрінің қызметі.Ол қандай тəгтерде оқлданылады? COLSPAN — бағаналар тақырыбына арналған біріктірілген жол (ұя) ішінде орналасатын бағаналар саны. <TR> тәгінің атрибуты болып табылады.
56.Батырма мен қосқышты қалай жасауға болады? түйме-батырма-кнопка-button
Мен бұл элементтің қазақша атын түйме деп атап жүргенмін, жақында батырма деген атауды кездестіріп енді осылай атауды жөн көрдім.Себебі менің ойымша осы қазақша атау орынды секілді.
Web интерфейсінде форма жасалғанда осы элемент жиі кездеседі.Түріне қарап-ақ оны үстінен шерту керек екенін сол бойда түсінуге болады.
Бұл батырма екі қызмет атқарады- деректерді серверге жіберу және экран бетіндегі парақша өрістеріндегі таңбаларды өшіру немесе тазалау.
Оларды парақша бетінде де екі әдіспен жасауға болады - <input> және <button> тегтері арқылы.Осылай сипатталған бұл батырмалар өздігімен еш әрекет жасай алмайды, сондықтан олардың әрекеті өзіміз жазатын форма өңдегіштері арқылы жүзеге асырылады.
1. Батырманы <input> арқылы жасаудың синтаксисі мынадай:
<input type="button" параметрлер>
Оның параметрлері төменгідей болып келеді:
Параметр |
Сипаттамасы |
name |
Батырманың аты, өріске жазылған деректі өңдейтін сервердегі скрипте анықталады. |
value |
Батырманың атының мәні және батырманың бетінде жазылатын мәтін. |
Енді осы батырмаға арналған HTML кодын жазайық және сосын оның нәтижесін браузерде көрейік.
<!DOCTYPE html>
<html>
<head>
<meta http-equiv="Content-Type" content="text/html; charset=utf-8">
<title>Батырма</title>
</head>
<body>
<form action="myscript.php">
<p><input type="button" name="justpress" value="Мені түртіп жібер"></p>
</form>
</body>
</html>
Енді батырманы <button> тегі арқылы жасап көрейік.
Бұл да алдыңғы <input> тегінің әрекетіне ұқсайды, бірақ мүмкіншіліктері кеңірек.Яғни бұл батырмада кез келген HTML тегін орналастыруға болады.Мысалы төмендегідей HTML кодын жазып, суретті мәтінмен қоса батырма ретінде пайдалануға болады.
<!DOCTYPE html>
<html>
<head>
<meta http-equiv="Content-Type" content="text/html; charset=utf-8">
<title>Батырма</title>
</head>
<body>
<form action="myscript.php">
<button><img src="images/butterfly.jpg" width="28" height="30"> Батырма сурет</button>
</form>
</body>
</html>
Нәтижесі браузерде былай болып шығады:
58-60 CSS қысқартылған сөзі қандай мағына береді? CSS технологиясының атқаратын қызметі. Бір тəгтегі стиль қандай атрибут арқылы беріледі? Cascading Style Sheets
CSS (Стильдердің сатылы кестелері) HTML тілімен қосыла отырып, гипермәтіндік парақтарды кәсіби программаларда жасалған мультимедиялық өнімдерден айнымайтын динамикалық әрі интерактивті деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Сценарийлер енгізілген CSS статикалық HTML-тілін динамикалық жаңа күйге келтіретін қосымша мүмкіндіктер жиыны.
STYLE атрибуты арқылы мыналар атқарылады:
- Жеке тәг стилі
- Жеке HTML-файлы стилі
- Бірнеше HTML-файлдарына арналған стиль
- Аралас стильдерді пайдалану
