Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
HTML 1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
421.11 Кб
Скачать

Html тілінің негізгі тәгтері.

<H1>...</H1> – <Н6> ... </Н6>

<Hі> белгісі (мұндағы і – 1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып – ең ірісі, алтыншы сатыдағы – ең кішісі. Бұл тәг көрсетілмесе, экранға <H3> мөлшеріне сәйкес мәтін шығады.

<Р> ... </Р>немесежалғыз <Р>

Бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы <Р>және</Р> белгіле­рінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.

<Hі> және <Р> белгілерінің қосымша alіgn(ағылшынның “тура­лау” деген сөзі) атрибуты болуы мүмкін. <H1 ALІGN=CENTER> Тақырыпты ортаға жылжыту </H1>

немесе <P ALІGN=RІGHT>Абзацты оң жақ шетке туралау түрі </P>

22. Қаріптерді форматтау Физикалық стиль. HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі – мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарай­тылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсе­туге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерек­шелеу түрін броузер өзі анықтайды. Физикалық стиль деп қаріптің түрленуі жайлы броузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Тәгтердіңбұлтобықаріптердің сызылы­мын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді.

<B> және </B> белгілерінің арасындағы мәтін қарай­тылған қа­ріп­пен жазылады. <І> және </І> белгілерінің арасын­дағы мәтін кур­сив қаріппен, ал <U> және </U> белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. <TT> және </TT> белгілерінің қызметі ерек­ше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жа­зыл­ған тәрізді болып көрінеді де, оның символдарының ені тұрақты болады. Мысалы:

<HTML <HEAD><H3> Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару </H3></HEAD>

<BODY><P><B> қарайтылған қаріп түрі </B>

<P><І>қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі </І>

<P><U>асты сызылған қаріп түрі </U>

<P><S> белінен сызылған қаріп түрі </S>

<P><TT> жазба машинкасындағы сияқты </TT>

</BODY></HTML>

23.Қаріптерді форматтау Логикалық стиль HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі – мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарай­тылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсе­туге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерек­шелеу түрін броузер өзі анықтайды.

Логикалық стильдер

Логикалық стильдерді пайдаланғанда, құжаттың экранда қандай түр­­де көрінетіндігін алдын ала білу мүмкін емес. Логикалық стильді әр броузер әр түрлі етіп қабылдайды. Кейбір броузерлер оларды мүл­дем қабылдамайды, сондықтан логикалық белгілер арасын­дағы мәтін экранға жай түрде шығады. Көп тараған логикалық стиль белгілері:

<EM> – </EM>ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, ол курсив қаріптерге ұқсас болып келеді.

<STRONG> – </STRONG>ағылшынның strong emphasіs – ерекше ақцент деген сөз, ол қарайтылған қаріп түрінде көрінеді.

<CODE> – </CODE>бастапқы мәтін фрагменттері үшін пайдалануға негізделген.

<SAMP> – </SAMP>ағылшынның sample – нұсқау (үлгі) деген сөзі. Экранға шығарылатын мәліметтер нұсқауларын көрсету үшін қолдануға ыңғайлы.

<KBD> – </KBD>ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) сөзі. Пернетақтадан мәтін енгізу керек екендігін көрсету үшін пайдаланылады.

<VAR> – </VAR>ағылшынның varіable – айнымалы сөзі. Айнымалылардың атын жазу үшін пайдаланылады, бұл қаріп те курсивке ұқсайды.

Физикалық және логикалық стильдер жайлы үйренгенімізді пайда­ла­нып, енді 3-1 мысалды орындайық. Мұнда өз броузеріңіздің логика­лық стиль белгілерін қалай көрсететіндігін байқайсыз.

<HTML><HEAD><TІTLE> 3-1 мысал</TІTLE></HEAD>

<BODY><CENTER><H3>Мәтін фрагметтерін қаріптермен белгілеу</H3><HR><P> Енді біз мәтін фрагменттерін әр түрлі етіп белгілеуге болатындығын білеміз.

<P> Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар:

<P><EM>EM – ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді, </EM>

<P><STRONG>STRONG – ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен, </STRONG><BR>

<CODE>CODE – бастапқы мәтін фрагменттерін көрсету үшін</CODE><BR><SAMP>SAMP – ағылшынның sample – үлгі деген сөзінен,</SAMP><BR><KBD>KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен, </KBD><BR>

<VAR>VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен</VAR><HR></CENTER>

</BODY>

</HTML>

24.Тізімдерді ұйымдастыру Нөмірленбеген тізімдер HTML тілі мәтін абзацтарының сыртқы пішімін толық анықтауға мүмкін­дік береді. Абзац элементтерін тізім түрінде белгілеуге болады. Енді тізім­дер жасайтын мүмкіндіктердің бырсыпырасын қарастырайық. Жалпы тізім элементтері арнайы тәгтермен қоршалып, экранға шығарылғанда олардың сол жақтарында тізім белгілері орналасады.

Нөмірленбеген тізімдер<UL> және </UL> (unordered list – реттелмеген тізім) тәгтері арасында орналасқан мәтіндер нөмірленбей, бірақ белгіленіп жазылған тізімдер ретінде қарастырылады. Мұнда тізімнің әрбір жаңа элементін <LI> (list – тізім) белгісінен бастап жазу қажет. Мысалы, экранда жасыл түсті әріптермен терілген мынадай тізім жасау үшін:

  • Сәуле;

  • Мақсат;

  • Данияр;

  • Ержан

төмендегідей түрде HTML тілі мәтінін Блокнотта теріп, Internet Explorer-де көріп шығу керек:

<HTML><HEAD><TІTLE> 3-2 мысал </TІTLE></HEAD>

<BODY text = green BGCOLOR=YELLOW>

<HR SIZE=5 COLOR=WHITE WIDTH=50%>

<H2 ALIGN = CENTER> Белгіленген тізім жолдары </H2>

<HR SIZE=8 COLOR=BLUE WIDTH=75%>

<UL>

<LI> Сәуле;

<LI> Мақсат;

<LI> Данияр;

<LI> Ержан

</UL>

<HR SIZE=5 COLOR=RED>

</BODY>

</HTML>

<LI> белгісі үшін жабылу тәгінің жазылмайтынын байқаған боларсыздар.

25.Тізімдерді ұйымдастыру Нөмірленген тізімдер. HTML тілі мәтін абзацтарының сыртқы пішімін толық анықтауға мүмкін­дік береді. Абзац элементтерін тізім түрінде белгілеуге болады. Енді тізім­дер жасайтын мүмкіндіктердің бырсыпырасын қарастырайық. Жалпы тізім элементтері арнайы тәгтермен қоршалып, экранға шығарылғанда олардың сол жақтарында тізім белгілері орналасады.

<OL> және </OL> тәгтері арқылы жазылатын нөмірленген тізімдер

Нөмірленген тізімдер алдыңғы белгіленген тізім тәрізді шығарылады, олар тек <ОL> және </ОL> (ordered list– реттелген тізім) тәгтерімен қоршалады да, нәтижесінде тізім белгісі ретінде бүтін сандар жазылады. Жоғарыда келтіріл­ген мысалды аздап түрлендіріп, нөмірлеп жазып шығайық:

<HTML><HEAD><TITLE> 3-3 мысал </TITLE></HEAD>

<BODY text = green BGCOLOR=YELLOW>

<HR SIZE=5 COLOR=RED WIDTH=50%>

<H2 ALIGN = CENTER> Нөмірленген тізім жолдары </H2>

<HR SIZE=5 COLOR=GREEN WIDTH=75%>

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]