Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
HTML 1-60.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
421.11 Кб
Скачать

1.Web –технологияға кіріспе. HTML тілі туралы қысқаша деректер. Бүкілəлемдік ақпараттық желі (World Wide Web) – бұл 1961 жылдан бері қолданылып келе жатқан Интернетте жұмыс жасап келе жатқан компьютерлік желілердің бүкілəлемдік желілердің қолданбасы. 1970 жылдың орталарына қарай көптеген мемлекеттік мекемелер, зерттеу орталықтары жəне университеттер бір желіге қосылған болатын, бірақ олардың барлығы арнайы құрылған нақты жоба үшін өзіндік ішкі желіні қолданды. Мысалы, құрлық əскері – DEC фирмасының жабдықтарын, əуе қорғаныс күштері – IBM фирмасының жабдықтарын, теңіз күштері – Unisys фирмасының жабдықтарын қолданды.Бұлардың барлығы қуатты желі болатын, бірақ оларда «əртүрлі тілде сөйлейтін».Уақыт өте келе бір-бірімен əртүрлі желілерді байланыстыра алатын əртүрлі желілер жинағының хаттамасы керек болды.1974 жылы Винт Серф пен Боб Кан өздерінің «Əртүрлі желілердің əсерлесу хаттамасы» атты мақаласын жария етті.Бұл мақалада аталған проблемаларды шешу жолдары айқын көрсетілді.1982 жылы құрылғы іске енгізіліп, TCP/IP деген атау алды.TCP – беруді, жіберуді басқаратын хаттама (Transmission Control Protocol), ал IP – желіаралық хаттама (Internet Protocol) деген мағынаны білдіреді. TCP/IP-ді құрғаннан кейін əсерлесетін желілер дегенді білдіретін Internet сөзі барлық тілдерге еніп кетті .Алғашқы уақытта Интернеттің жұмыс жасау мақсатында мəліметтерді таңдау жəне индекстеу эксперименттер жасалды, бірақ эксперимент көрсеткіштері жақсы нəтиже бере алмады.Міне 1991 жылы Поль Линднер мен Марк МакКэйгин WWW қағидалары мен функцияларының ізашары болып табылатын, Gopher-ді құрды.Gopher серверлері бүкіл Интернет жүйелеріне тез тарап кетті, бірақ кейінірек белгілі болғандай бұларға да элменттер жиыны жеткіліксіз болған. Ақырында, 1992 жылы Тим Бернерс Ли Бүкілəлемдік ақпараттар желісін (World Wide Web немесе Web) құрды. Бұл желінің басты мақсаты компьютерлік технологиялар желісі арқылы ақпараттардың Интернетте таралуына негізделген. Web құраушы Gopher идеясын ары қарай дамытып толықтырды, сонымен қатар Web графикаға баспаханалық текстік стильді, ал ең бастысы – текстік сілтемелерді енгізді. Web жаңа үш технологияларды қолдана бастады: ● Web-беттерді сипаттауға арналған HTML (гипертекстік таңбалау тілі). ● Осы беттерді қайта сілтемелеуге арналған HTML (гипертекстің жіберілу хаттамасы).● Web-браузер – мəліметтерді алуға жəне олардың интерпретациясы мен нəтижелерін бейнелеуге арналған программа-клиент.

2.HTML тілінің негізгі тəгтерін пайдалану. Алғашқы Web бетінқұру. Интернетте өте қарқынды дамып келе жатқан жəне кең тараған ортаға дүниежүзілік тор – World Wide Web жатады. Тордағы мəндер өзара бірімен-бірі байланысқан құжаттардан тұрады жəне оларды Web беттері деп аталады. Əр Web беті мəтін, сурет, видео, дыбыстық жазулар жəне т.б. тұруы мүмкін. Мұндай беттер планетаның кез келген нүктесінде компьютерлерде орналасуы мүмкін. Дүниежүзілік торға тұрақты қосылған жəне Интернет тұтынушыларына ашық Web бетінен мен басқа файлдардан тұратын компьютерлер сайт деп аталады. Интернетте WWW қызметін көрсететін компьютерлер Web серверлері деп аталады.Web серверлеріне ақпараттық қамтамасыздандыру, операциялық жүйе, Web беті кіреді жəне TCP/IP Интернетте мəндерді беру протоколын ұстауды қамтамасыз етеді.Кез-келген Web бетін қарау үшін арнайы программа – браузерлер қолданылады.Солардың ішінде кең тарағаны- Microsoft Internet Explorer, Firefox, Opera, Netscape Navigator.Бұл программалар керекті беттерді сілтемелерді немесе адрестер арқылы көрсетуге мүмкіндік береді.Web бетін дайындау үшін HTML – Hypertext Markup Language тілі қолданылады.Мұндай тіл құжат құрылымын сипаттайтын командалар жиынтығынан тұрады.Коды HTML тіліндегі мəтіндік файл .html немесе .htm кеңейтулері бар. HTML құжатындағы қарапайым мəтін < жəне > жақшалары арасына жазылған таңбалау мəтіндеріне келеді, мысалы <html>, <head>, <title>. Мұндай таңбалау элементтері тегтер деп аталады.Тегтер ақпаратты шығаруды басқарады жəне өздері экранға шықпайды.Тегтер ашылатын, жабылатын жəне дара болады. Егер тегте слеш / символы болса, онда тег соңғы тег, қандай да бір құрылымды жабатын тег болып табылады, мысалы </script>. Құжат басында <html> тегі орналасады, ол құжаттың басын көрсетеді. Əр HTML құжат белгілі құрылымға ие:

<html>

<head>

…..

</head>

<body>

……..

</body>

</html>

HTML құжаты

3.Мəтінмен жұмыс. Тізімдерді ұйымдастыру. HТМL құжатында абзацтарды форматтау үшін абзац тегі қолданылады. Броузер

үшін жаңа абзац - <P> тегі. Абзацтарды теңестіру үшін теңестіру атрибуты қолданылады

жəне оның бірнеше түрі бар: сол жақтан (left), оң жақтан (right), ортасына(center), ені

бойынша (justify) теңестіру.

ALIGN атрибуты көп тегтермен үйлеседі - тақырыппен, тізімдермен жəне т.б.

Мысалы, тақырыпты беттің ортасына, ал маркіленген тізімді оң жағына теңестіруге

болады.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> АТЛАНТ компаниясы </TITLE>

</HEAD>

<BODY>

<P align = center> Компания АТЛАНТ </P>

<P> Компания АТЛАНТ обеспечит вас компьютерами и программными продуктами на

любой вкус </P>

</BODY>

</HTML>

Көбіне браузер тексті келесі жолға өткізуді автоматты түрде орындайды. <BR> тегі

өзімізге абзацты жаңа жолдан бастауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар <BR> тегі бос

жолды қосуға, көрші абзацтар немесе тақырып пен абзац арасын ашуға қолданылады.

<BR> тегі дара болып табылады.

Мəтін ішінде, абзацта бос орын (пробел) қосу керек болса, керек жерге   енгізуге

болады.

<PRE> жəне </PRE> тегтері НTML кодында жазылған мəтінді сол күйінде

қалдырады. Бұл тег болмаса браузер сөз арасындағы бос орындарды, ENTER пернесімен

енгілген абзацтарды ескермейді. Егер мəтінді ешқандай өзгертусіз сақтағыңыз келсе, онда

осы тегті қолданған дұрыс.

Тақырыптар __________мəтінді түсінікті қылады, реттейді жəне оны визуалды құрылымын

келтіреді. Тақырыптардың алты деңгейі бар: біріншісі <H1> - ден алтыншыға <H6>

дейін. Тақырып тегінде ALIGN атрибутын қолдануға болады, мысалы <H1 ALIGN =

right>.

Белгілі бір абзацты беттің қалған бөлігіндегі абзацтардан ерекшелеу керек болған

жағдайда, цитатаны қойған дұрыс. Ол үшін мəтінді <BLOCKQUOTE> </BLOCKQUOTE>

тегтерінің арасына жазған дұрыс.

Комментарийді енгізу үшін <!-- комментарий --> жазылады.

Нөмірленген тізімдер. Нөмірленген тізімді құру үшін алдымен <OL> тегін жазу

керек. Сосын тізімнің əр элементтің алдына <LI> тегін, соңына </LI> тегін қою керек.

Тізім соңына </OL> тегі тұру керек.

Нөмірленген тізімнің стилін беру үшін <OL> тегіне TYPE = “ ? ” атрибутын қосу

керек, мұндағы ? –

- A: A, B, C;

- a: a, b, c;

- I: I, II, III;

- i: i, ii, iii;

- 1: 1, 2, 3.

Маркіленген тізімді қолдану үшін <UL> тегін тізімнің алдына жазу керек. Тізімнің

əр элементінің алдына <LI>, соңына </LI> тегін қою керек. Тізімнің соңына </UL>

тегін жазу керек. Маркіленген тізімнің стилін беру үшін <UL> тегіне TYPE= “ ?”

атрибутын жазу керек, мұндағы ? –

- circle : ○;

- disc: ●;

- square: ■;

Кірмелі түрдегі тізімдерді құру, мысалы нөмірленген тізім ішінде маркіленген

тізімдерді жазу көпдеңгейлі тізімді құрайды. Ол үшін курсорды кірмелі тізім

құратын жерге қойып, жаңа жолдан нөмірленген тізім үшін <OL>, ал маркіленген

тізім үшін <UL> тегін енгізу керек. Жаңа тізімді алдыңғы тізімді құрғандай <LI>

</LI> тегтерімен жазу керек. Сосын жаңа тізімді </OL> немесе </UL> тегтерімен

жабу керек. Осылай кірмелі түрдегі тізім алуға болады.

Анықтау тізімдері мəтін ішінде сөздік немесе глоссарий түрінде болады. Мұндай

тізімдерді жазу үшін анықтауыш алдына <DL> тегін қою керек. Əр өрнектің

алдына <DT>, соңына </DT> тегін қою керек.

16-17 Web көріністер туралы негізгі түсінік. Web көріністер туралы негізгі түсінік. Гиперсілтеме. Web беттерінде көріністерді қолданудың бірнеше əдістері бар. Көріністер – ол

фотография, логотиптер, белгілер жəне басқа да визуалды объектілер. Көріністі эффектілі

түрде қолдану үшін браузерде көрсетудің негізгі принциптерін білу қажет. Көптеген

форматтардың ішінде желіде екеуі – .jpeg жəне .gif қолданылады. Екі форматта да сығу

алгоритмі бар. JPEG форматы миллиондаған түсті көрсету мүмкіндігі бар. JPEG форматы

түрлі – түсті фотографиялар мен суреттерді шығару үшін қолданылады, ал қарапайым

суреттер үшін онша емес. GIF форматы суреттерді: сызық, геометриялық фигура,

логотиптер жəне т.б. үшін қолданылады.

Көріністі экранға шығару үшін браузер оны сайттан алу (скачать) керек. Үлкен

көріністер, əсіресе жай қосылу кезінде өте ұзақ көшіреді. Сондықтан бетке суретті қоймас

бұрын, міндетті түрде алдымен оның өлшеміне назар аудару керек. Бетті суреттермен

толтырып тастамау қажет, себебі тұтынушыларға ол қосылғанша жалықтырып жібереді

де, жауып тастайды. Суреттің өлшемі 60 Кб- тан аспаған дұрыс, ол Web үшін оптималды

өлшем болып табылады. Суретті бетке қоймас бұрын, оны графикті редакторда өңдеу

керек.

Суретті қою үшін <IMG SRC = “?” керек, мұндағы ? – фотография файлына

көрсететін жол. Егер бетте сурет өте үлкен немесе өте кіші болып көрінсе, онда оның

өлшемін HTML коды көмегімен ені мен биіктігін беру арқылы өзгертуге болады. Бұл

параметрлер пикселмен немесе экранның проценттік бөлігімен беріледі.. Ол үшін <IMG>

тегіне WIDTH = “?” атрибутын қосу керек, мұндағы ? - көріністің ені. Одан кейін бос

орын қойып, HEIGHT =“?” енгізу керек, мұндағы ? - көріністің биіктігі. Мысалы:

<IMG SRC= “Garden.jpg” WIDTH= “300” HEIGHT= “200”>

Ал егер көріністің ені мен биіктігін терезенің жалпы өлшемінің проценттік бөлігі ретінде

көрсетуге болады. Мысалы:

<IMG SRC= “Garden.jpg” WIDTH= “50%” HEIGHT= “30%”>

Көбіне стандартты Web бетінің ені 600 пиксель. Қойылатын сурет беттің 40-50%

өлшемінен аз болған дұрыс.

Сурет орнына тұтынушыға альтернативті мəтін арқылы қандай сурет болу керек

екенін көрсетуге болады. Ол үшін <IMG> тегіне ALT= “?” атрибутын қосу керек, мұндағы

? – альтернативті мəтін.

Əр сурет тұсына курсорды апарғанда, сурет атауын көрсету үшін <IMG> тегіне

TITLE= “?” атрибут қосу керек, ? – керекті сурет атауы.

LEFT жəне RIGHT теңестіру атрибуттары көріністі көлденең бойынша орналасуын

басқарады. Олар мəтіннің сурет айналасына орналасуын басқарады. Ол үшін <IMG>

тегіне ALIGN = “?” атрибутын қосу керек, мұндағы ? – беттің шетіне сол жақ (LEFT)

немесе оң жақ (RIGHT) бойынша теңестіру.

Суреттің бетте тік бағытта орналасуы TOP, MIDDLE, BOTTOM атрибуттары

арқылы анықталады. Көбіне олар суретті оның түсініктемесіне қатысты теңестіруде

пайдалы. Ол үшін <IMG> тегіне ALIGN = “?”, мұндағы ? – ортасына (MIDDLE), жоғарғы

жағынан (TOP) немесе төменгі жағынан (BOTTOM) теңестіру. Егер сурет мəтінмен бір

жолда тұрса, атрибуттар оны осы мəтінге қатысты орнын реттейді. Мысалы:

<IMG SRC= “Garden.jpg” WIDTH= “300” HEIGHT= “200” ALT= “Image of Garden Tool”

ALIGN= “MIDDLE” >

Cуретті беттің ортасына орналастыру үшін <IMG> тегінің алдына <CENTER> тегін

орналастыру керек.

Мəтінді екі сурет арасына қою үшін, бір суретті сол жаққа, екіншісін оң жаққа теңестіру

керек. HTML кодында мəтін алдына екі суретті қою керек. Бірінші <IMG> тегіне ALIGN =

“Left”, ал екінші <IMG> тегіне ALIGN = “Right” қосқан дұрыс. Мəтінмен көркемдеуді

бітіру үшін, <BR> тегіне CLEAR атрибутын қосу керек, <BR CLEAR = “?”, мұндағы ? –

көркемдеу шекарасы: Left, Right, All.

Сурет айналасына рамка қосу үшін, <IMG> тегіне BORDER = “?”, мұндағы ? –

рамка қалыңдығы. 0 мəні рамканың жоқ екенін білдіреді.

Көп браузерлер көрініс пен мəтін арасына орын қалдырмайды. Көлденең бойынша

аралық HSPACE атрибутымен, ал тік бағытта VSPACE атрибутымен реттеледі. Ол үшін

<IMG> тегіне HSPACE = “?” немесе VSPACE = “?” атрибуттарын қосу керек, мұндағы ?

– аралық шамасы.

Көріністі беттің фоны ретінде қолдануға болады. Фонға көрініс таңдауда мəтін

көрінетіндей болу керек. Көріністі фон ретінде қою үшін <BODY> тегіне

BACKGROUND = “?” атрибутын __________қосу керек, мұндағы ? – файл жолы.

Web беттерінде баннерлер қолдануға болады. Ол реклама немесе қараппайым

көркемдеу элементтері болуы мүмкін. Көбіне баннерлер GIF форматындағы көрініс

болып келеді. Баннерлердің стандартты өлшемі – ұзындығы 468 пиксель, биіктігі 60

пиксель жəне ол сайтқа байланысты өзгеруі мүмкін.

Оны қою үшін, беттің басына <BODY> - дан кейін <IMG SRC = “?” енгізіу керек,

мұндағы ? – файл жолы.

Гиперсілтеме.

Өз құжатында басқа беттерге сілтеме беруге болады. Ол үшін

1. Сілтемеге айналдыратын мəтінді енгізу керек

2. Мəтін алдына <A HREF= “?” енгізу керек, мұндағы ?- сілтеме жасалатын керекті

беттің URL-і.

3. Мəтіннен кейін </A> жабу тегімен керек.

Мысалы <A HREF= “main.html”> Студенттер тізімі</A>

Суретке де сілтеме қоюға болады.

<A HREF= “main.html”><IMG SRC= “Anna.jpg” Width= “100” Height= “75”</A>

Сілтеме жаңа терезеде ашылу үшін <A> тегіне TARGET атрибутын қолдану керек жəне

оған _blank мəнін беру керек.

<A HREF= “main.html” TARGET = “_blank ”> Студенттер тізімі</A>

Сілтеме тек HTML құжаттарына ғана емес, сонымен қатар мəтіндік құжаттар,

графиктік файлдар, архивтерге де беруге болады. Файлға сілтеме жасау үшін

<A HREF= “?”> енгізу керек, мұндағы ? – файл жолы.

Сілтеме түсін өзгертуге болады. Мысалы оған сілтемені таңдағанға дейін бір түс

жəне таңдағаннан кейін басқа түс беруге болады. Ол үшін <BODY> тегіне LINK= “?”

жəне АLINK= “?” атрибуттарын __________енгізу керек.

.

11.Интернет негіздері. TCР/IP протоколдары. Браузерлер. протокол TCP/IP (Transmission Control Protocol /Internet Protocol) – қазіргі кезде компьютерлік желілерде ақпарат алмасуда қолданылатын протоколдардың бірі. Шын мәнінде бұл протоколдың өзі бірнеше протоколдан тұрады. Протоколдың аты екі бөлімнен тұрады:

ТCP–протоколы жіберуші жақта хабарларды пакеттер легіне түрлендіреді және қабылдаушы жақта пакеттерді қайта хабарларға жинайды.

¨ IP – протоколы пакеттердің бағытталуын басқарады, желілер арасында оларды әр түрлі бағытқа бағыттайды және әртүрлі желілердің бірігуіне ықпал жасайды.

интернет – миллиондаған компьютерлерді желілердің өте үлкен желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және белгілі жел. Интернет сөзі халықаралық желі деген сөзді білдіреді (INTERnational NETwork). Интернет–бүкіл әлемнің компьютерлер серверлерінің жиынтығы. Бұл желі ақпаратты сақтайтын серверлер және басқа компьютерлерден ақпарат алуға болатындықтан клиент –сервер болып табылады. Интернет миллиондаған тұтынушылар мен серверлерден тұрады, ал ақпарат көлемін бағалауға мүмкін емес.

Интернет түрлі элементтердің жиынтығы болып табылады, ал Бүкіләлемдік тор – Интернеттің тек бір бөлігі ғана. Интернет сізге қажет ақпаратты желіге біріккен миллиондаған компьютерлерден алуға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар ұсынады. Бұл құралдар қарапайым немесе жеткілікті күрделі бола алады, соның ішінде: TCP/ІР хаттамасының TCP/ІР-Итернетте қолданылатын әр түрлі деңгейдегі желілік хатттамалардың жиынының, стек жинақталған аты.

TCP/ІР ерекшелігі:

  • программаның және ақпараттың жабдықтардан тәуелсіз өңделетін ашық стандартты хаттамалар;

  • өткізудің физикалық ортасынан тәуелсіз;

  • пайдаланушылар қызметін таратуға арналған жоғары деңгейлі стандартты хаттамалар.

TCP/ІР хаттамасының стектері 4 деңгейге бөлінеді: қолданбалы, транспорттық, желі аралық, физикалық және каналдық.

Мәліметтер пакетпен жіберіледі. Пакеттердің басы және соңы болады, оған қызметші ақпараттар жазылады. Өте жоғары деңгейдегі мәліметтер кіші деңгейдегі пакеттерге қосылады.

TCP/ІР стегі белгілі бір хаттамаларды ғана қолдануды көрсетпейді, ол қолжетімді деңгейде мәліметтерді өткізу ортасы мен физикалық ортасын көрсетеді. Өткізу ортасында қолжетімді деңгейде ІР модульді интерфейс болуы шарт, ол ІР – пакеттерді өткізуді қамтамасыз етеді.

12.НTML тілінің версиялары жəне оларды сипаттау. HTML дің ең бірінші нұсқасы 90-шы жылдардың басында пайда болған.Кейін Тим Бернер тілді әркім өз білгендерінше бұрмалап кетпес үшін, сол тілді белгілі бір стандартқа бағындырмақ ниетпен консорциум-құрылым ашқан.Ол W3C( World Wide Web Consortium) деп аталады.

1994 жылы гипертексті таңбалау стандарттарының екінші версиясы әзірленіп, ал 1995 жылы HTML3 версиясы CSS тің сүйемелдеуімен бірге жарық көреді.Одан соң 3.2 кейін 4.0 версиялар пайда болады.

Ал қазір біз 1999 жылы пайда болған HTML дің 4.01 версиясын осы күнге дейін пайдаланып келеміз.

HTML 4.0 жаңа версиясы қазіргі уақытта құжатты функционалды белгілеу үшін қажет барлық құралдарды қамтитын HTML тілінің “соңғы” редакциясы ретінде қарастырылады. Әшекейлеу құралдарының және интерактілікті қамтамасыз ету құралдарының жетіспеуі сыртқы (HTML –ге қарағанда) құралдармен, мысалы стилдер тізімі және динамикалық сценарий, т.б. толықтырылады. Көптеген Web- түйіндер қандай да бір мәліметтер қорының мазмұны және қолданушының сұранысы негізінде Web-беттерді автоматты түрде генерациялайды. Бұндай элементтер қазіргі Web-беттердің стандартты компоненттері болып табылады.

15. HTML ТІЛІНІҢ МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ 1Броузерлердің (Netscape Navigator, Internet Explorer) мульти­медия­лық файлдарды іске қосатын қосымша программалық модуль­дері бар. Олар LiveAudio (WAV, AU, AIFF және MIDI форматтарын­дағы дыбыстық файлдар), Live3D (VRML), LiveVideo (АVI бейнелік файлдары) және QuickTime (дыбыс пен мәтін қосылатын MIDI түріндегі MOV форматындағы файлдар) тәрізді технология­ларды сүйемелдей алады.

<EMBED> тәгін пайдалану

Жоғарыдағы айтылған мультимедиалық мүмкіндіктердің бәрін web-құжатқа <EMBED> тәгі арқылы енгізуге болады. Оны жабу мін­дет­ті емес. Бұл тәгті пайдалану кезінде дыбыс ойнайтын құралдың басқару элементтерін сурет тәрізді көрсету мүмкіндігі бар.

7.2. Фондық дыбыс

Web-құжатты жүктеген соң, оны көру барысында өзіңіз ұнататын әнді тыңдап отырғыңыз келсе, <BGSOUND> тәгін төмендегідей түрде жазып пайдалануға болады:

<BGSOUND SRC=”ән аты” LOOP= “қайталану саны”>

Мысалы, “Ақбақай.mp3” әуендік файлын 3 рет қайталап тыңдау үшін, мынадай жол енгізілуі тиіс:

<BGSOUND SRC=”Ақбақай.mp3” LOOP=3>

Егер бір әуен шексіз түрде қайталанып айтылғанын қаласаңыз, соңғы атрибут LOOP=INFINITE деп жазылуы қажет. Әрине, әуен орнына жасалған web-сайт жайлы түсініктеме мәтін немесе оны қалай түрлендіруге болатыны жайлы кеңестерді де тыңдауға болатыны түсінікті шығар.

Әуенді web-құжат ашылғанда, бірден тыңдамай, өзіңіз қалаған сәтте ғана іске қосу үшін, дыбыстық файлға суреттік файлдарды шығару кезіндегі сияқты төмендегідей түрде гиперсілтеме жасау керек.

<A HREF=”Ақбақай.mp3”>өлең </A>

Мұнда экранға “өлең” атты гиперсілтеме шығып тұрады, соны тышқанмен шерткен кезде ғана ән ойнала бастайды.

7.3. Бейнекадрды пайдалану

Web-парақ ішіне бейнекадрды қою жай сурет орналастыру тәрізді орындалады. Мұны жүзеге асыру тәгінен мысал келтірейік:

<IMG DYNSRC=”FILE1.AVI” START=OPENFILE LOOP=2>

Мұнда DYNSRC атрибуты бейнефайлдың атын береді, ал START параметрі бейнероликті іске қосу тәсілін тағайындайды. Егер оның мәні OPENFILE болса – бейнефайл бірден жүктеледі, ал MOUSEOVER болса – онда тышқан курсорын сол роликтің бірінші кадрын іске қосатын суретте шерткенде барып жүктеледі. LOOP параметрі бейнефайлды қайталау санын береді.

Бейнефайлдарды гиперсілтеме арқылы да көрсетуге болады:

<AHREF=”VIDEO.MOV”>Бейнефильм көру (1,3МВ)</A>

Гиперсілтемені шерткенде, броузер файл типін оқып, бейне­филь­мді көрсететін плейерге қосымша құрылғы іске қосылады. Қандай плейер қолданылатыны тұтынушы броузерінің құрамы мен құрылымына (конфигурациясына) байланысты болады. Көбінесе бейнефильм басқару тақтасы бар жеке терезеде көрсетіледі.

<EMBED> тәгі арқылы бейнефайлды көру кезінде web-парақ­тағы плейерге қатысты құрылғы ізделеді де, іске қосылады. Мысалы:

<EMBED SRC=”cool.mov” AUTOPLAY=false WIDTH=160 HEIGHT=120></EMBED>

Мұндағы AUTOPLAY=false атрибуты бейнефильм PLAY батырма­сын шерткен соң, іске қосылатынын көрсетеді. Ол бірден іске қосы­луы үшін AUTOPLAY=true болуы тиіс. WIDTH=160 HEIGHT=120 атрибуттары бейнекадрдың ені мен биіктігін береді.

18.HTML ҚҰЖАТТАРЫНДАҒЫ ФОРМАЛАР HTML формалары web-құжат жариялаушылар мен оқырмандар­ арасындаақпарат алмасуға мүмкіндік жасайды. Бұған дейін біз web-құжаттарды тек экранға шығару әдістерін талқылап келген болсақ, енді, керісінше оларға мәлімет енгізу әрекеттерін қарастырамыз. Формалар арқылы тұтынушыдан жалпы мәтін түрінде ақпарат сұрап алуға, "иә/жоқ" деген жауаптың бірін таңдауға немесе бірнеше жолдың біріне тоқтауға болады.

Формаларды әртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретін­де, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін форма­ға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді.

4.1. <FORM> тәгі

Әрбірформа осы тәгпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу программасын (скрипт) және мәліметтерді жөнелту әдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет.

1 кесте

Атрибуты

Атқаратын қызметі

ACTION

Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі

METHOD

Форманы өңдеу программасына (скрипт) қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді. Әдетте, оның мәні POST болады, мұндайда форма мәліметі URL-дан бөлек жеке жөнелтіледі. Ал оның мәні GET болса, онда мәлімет URL-мен бірге жіберіледі

Мысал:

<FORM METHOD="post" ACTION="/cgi-bin/comment_script">

</FORM>

Бұл мысалда броузерге мынадай нұсқау берілген: толтырылған форманы post әдісін қолдана отырып жөнелтіп, оны web-құжат орна­лас­қан сервердің cgi-bin каталогында орналасқан comment_script скрип­ті көмегімен өңдеу керек екендігі көрсетілген.Бір web-парақта орналасатын формалар саны шектелмейді, бірақ та бір форманың екінші бір форманың ішіне кіріп кетпеуін қадағалап отыру керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]