- •Модуль 1. Археография тарихы
- •Кіріспе. Археография туралы жалпы түсінік. 1- сағат.
- •Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
- •XIX ғасырдың I жартысындағы Археография (1800-1860)
- •XIX ғасырдың II жартысындағы Археография
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Археография
- •Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. 1- сағат.
- •Тәуелсіз Қазақстан археографиясы 2- сағат.
- •1. Ресей Федерациясы
- •2. Қытай халық республикасы.
- •3. Монғолия.
- •4. Қырғыстан республикасы
- •5. Туркия республикасы Стамбул қаласында жургізілген архе-ографиялық ісспардың атқарған жұмыстары. (11 - 25 желтоқсан 2004 ж.)
- •6. Швейцария
- •Модуль 2. Археографияның теориялық-әдістемелік негіздері
- •Археографияда ғылыми басылым түсінігі 1- сағат.
- •Басылымның функциялары. 1- сағат.
- •Басылымдарды жіктеу. 1- сағат.
- •Құжаттық басылымдарды даярлау әдістемесі. 2-сағат.
- •Құжаттарды анықтау
- •Басылым үшін құжаттарды іріктеу. 1-сағат.
- •Модуль 3. Қолданбалы археография
- •Құжаттардың археографиялық безеңдірілуі. 1-сағат.
- •1509 Г. Февраля 9. – Судная грамота («вырок») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1...
- •1509 Г. Августа 27. – Уставная подтвердительная грамота («подтверженье») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1 мещанам г. Плолцка на магдебургское право
- •1892 Ж. 12 мамыр – «Минский листок» газетінің Минск қаласында салтанатты конки ашылуы туралы хабарынан
- •1660 Ж. 4 қазан – 1661 ж. 27 шілде. – Қару-жарақ палатасының кіріс-шығыс кітабынан. – Белорусстық оюшыларға піл сүйегін босату туралы
- •1676 Ж. 9 сәуір – 11 тамыз. – Смоленск қ. Кеден кітабынан. – витебскілік мыташы Провония мен шляхтич а. Кисельге поташ сату туралы жазба
- •1905 Ж., мамырдың 10-ы. – Минск губерниялық жандарм басқармасы бастығы көмекшісінің Полиция департаментіне Речицкий у. Лоев мекенінде 1 мамырға арналған прокламациялардың таратылуы туралы хабарламасы
- •1981 Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы
- •Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер)
- •Құжаттардың мәтінін таңдап алу және беру. 2-сағат.
- •Құжаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. 2-сағат
- •Ғылыми – анықтамалық аппарат және оның маңызы. 1-сағат
- •Хроника, оның міңдеттері, құрамы 1-сағат
- •Ескертпелер және түсініктемелер. Көрсеткіштер. 2-сағат
- •Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағат
- •Археографиялықбелгілер 1-сағат
- •Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 1-сағат
- •Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. 1- сағат.
- •Редакциялық–баспалық процесс. 1-сағат
- •1. Дайындық жұмысы
- •1. 1. Библиографиялық тізім құрастыру, әдебиеттерді зерттеу
- •1. 2. Құжаттарды жарыққа шығару көздерін анықтау
- •1. 3. Проспект-жоспар құрастыру
- •1. 4. Құжаттарды іздеп табу
- •2. Кинофотофоноқұжаттарды іздеп табу
- •3. Құжаттарды жарияланымға іріктеу
- •3. 1. Құжаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары
- •3. 2. Тұлғаның құжаттарын басылымға іріктеу
- •3. 3. Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды іріктеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3. Құжаттарды жарияланымға іріктеу
3. 1. Құжаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары
Құжаттарды баспаға іріктеудің әдіснамалық негізі тарихилық және объективтілік қағидалары болып табылады. Тарихилық қағидасын жүзеге асыру төмендегілерді міндеттейді:
әр дереккөзді оның пайда болуының себептері мен оның атқаратын қызметін ескере отырып нақты тарихи дәуірдің өнімі ретінде қарастырған жөн;
зерттеліп отырған мәселенің дамуын көрсету;
әрбір тарихи үдерістің жалпы және ерекше, өзіне тән қатынасын айқындау;
тарихи құбылысты бірізді көрсететін өзара байланысқан құжаттар кешенін ұсыну.
Тарихи құбылыстың күрделілігі, жан-жақтылығы және қарама-қайшылығына қарамастан жан-жақты зерттеуді талап ететін объективтілік қағидасы нақты шындықтың түрлерін көрсететін және құжат авторының бағаларын беретін әр түрлі дереккөздерді іріктеп алу жолымен жүзеге асырылады.
Құжатты жинақтарды дайындау барысында жоғарыда баяндалған алға қойылған әдіснамалық қағидалар мен міндеттер негізінде құжаттарды жариялауға іріктеп алу мақсатында іздеп табылған дереккөздердің ғылыми және іс-тәжірибелік құндылықтарын деректанушылық талдау жүргізіледі.
Деректанушылық талдау құжаттың түпнұсқалылығын, уақытын, орнын, қалыптасу жағдайын және сырт ерекшеліктерін, оның ішінде техникалық, мәтіннің авторлығын, пайда болу себептерін, нақтылығын айқындау, құжат мәтінінің сақталу дәрежесі мен жасалу тәсілін анықтауды қарастырады. Жүргізілген талдаудың негізінде құжаттардың нақты басылымның тақырыбы мен міндеттеріне орай іріктеудің сипаттарына сәйкес келетіндігі айқындалады. Іріктеу барысында жарияланымға ұсынылған дереккөздердің түрлері мен әртүрлілігі толықтығы ескеріледі.
Жарияланымға құжаттарды іріктеу барысында төмендегідей кезеңдер жүзеге асырылады: біріншіден, жарияланымға ұсынылған мәтіндер анықталады, екіншіден, жарияланымға жіберуге жатпайтын, бірақ ғылыми-анықтамалық аппаратта пайдаланылатын құжаттар белгіленеді, үшіншіден толығымен жарияланбайтын құжаттар тобы бөлініп алынып, оларды жариялау түрі туралы мәселе шешіледі.
3. 2. Тұлғаның құжаттарын басылымға іріктеу
Бір тұлғаның құжаттарын ғылыми-көпшілік басылым түріне жариялау немесе қандай қорға қатыстылығына қарамастан аталған тұлғаның өмірі мен қызметі туралы жарыққа шығарылған барлық материалдарды (оның ішінде оның қатысуымен жасалған құжаттар) немесе аталған тұлғаның өмірі мен қызметінің кейбір тұстарын көрсететін құжаттардың бір бөлігін қамтиды.
Бір тұлғаның барлық материалдарын жариялау жарыққа шығарылған материалдарды (баспа және қолжазба) ғылыми-сыни зерделеуге, ең алдымен оларды атрибуттау, яғни шығарманың авторлығын, уақыты мен орнын анықтауға негізделеді. Іріктеу жинақтағы жарыққа шығарылған құжаттардың пайдаланылу тәсілін анықтаумен қорытындыланады.
Материалдардың бір бөлігі жарияланған жағдайда, оларды іріктеу ғылыми көпшілік сипаттағы басылымның міндеттерімен белгіленген маңыздылығына қарай анықталады.
3. 3. Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды іріктеу
Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттар олардың түпнұсқалары болмаған жағдайда немесе мерзімді баспасөзде жарияланған басылым ресми болған жағдайда басылымға жариялауға іріктеліп алынады. Мерзімді баспасөзде жарияланған құжаттың түпнұсқасы болған жағдайда құжаттың мәтіндері салыстырылуы қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Редакциялық–баспалық процесс: мәні және сатыларын ашып беру.
2. Баспаға дайындаған құжаттар жинағы қолжазбасының пікір беру және бекіту жолдарын анықтау .
3. Баспаға қолжазбаны тапсыру және оны корректеу жолдарын көрсету.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.
2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.
3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //
Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-
ких наук. С. 3-48.
5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.
Москва., 1977.
6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
Адресат
Альбом Анархия Буквалистік
Буклет
Ведомство
Гмина Графа Гриф Гуманитарлық Декларация
Делитант
Дефиниция Дефензива Диграф Дипломатия Инверсия Интеллигенция Лимитация Линовые Картон Коллекция Конка Контаминация Конфессия Конфирмация Корпус Корректура Кооперация
Критерий Купюр
Лаборотория Манускрипт Матанные Массив Медиевистер Нигилист
Палеография Парадигма
Плакат Позовы Поташ Прагматизм
Регест Реституция
Ретроспективтік Спецификалық Стенография
Тип Тезис Текстология
Транскрипция
Транслитерация
Факті Факсимиле
Цифирь
Формулировка
Эвристика
Эдиция Экзегетика Элемент Шерт
Титл
|
почтамен жіберілген жолдаманы алушы (жеке адам немесе мекеме) сурет, марка жинауға арналған дәптер, кітап. өкіметті бекерге шығару, бассыздық істің сыртқы пішінінің дұрыстығын формальді түрде (қағаз жүзінде) сақтау бір баспа беттен, бірнеше рет бүктелу арқылы жасалған шағын кітапша мемлекеттік мекеме, немесе мемлекеттік заңды тұлғаның, ресми ұйымның құрылымдық бөлімшесі
Үлгіге қарап тасқа ойып түсірген жазу сызықпен бөлінген баған Польшадағы ең төменгі әкімшілік бірлік қоғамдық (білім) үкіметтің, партияның атынан негізгі принциптерді салтанатты түрде жариялау ғылыммен немесе өнермен қажетті білімсіз (әуесқойлық) айналысу қандай да бір түсініктің қысқаша анықтамасы қорғаныс, соғыста қорғану әдістері екі әріптен тұратын таңба халықаралық саясат жөніндегі іс-әрекет сөйлемдегі сөздердің дағдылы тәртібін өзгеру зиялылық, білімділік, мәдениеттілік шектеу, шектеу қою қағаз бетіне жазуға қолайлы болу үшін түсірілген сызық қалың қатырма қағаз түрлі заттардың жиынтығы атпен жүретін вагон әңгіме барысында бірнеше оқиғаны қатар баяндау шіркеулік, діншіл діни білім беру, жастарды дінге тарту тұла бойы, тұрқы, сырты Типографиялық теру кезінде қателерді түзету Белгілі бір ұйымның мағынасында (тұтынушылар кооперациясы) өлшем, белгі 1 - ғылыми, музыкалық шығарманы ықшамдау, 2. – құны көрсетілген бағалы қағаз иелік қағаз
зертхана көне қолжазба кейінге қалдыру сілем, алап орта ғасыр тарихын зерттеушілер, тарихшылар ХІХ ғ. 60 ж. дворяндық қоғамға, әдет-ғұрыпқа қарсы шығушы көне жазбаларды зерттейтін ғылым бір сөздің түрлерінің жүйесі
үгіт-насихат мақсатымен салынатын сурет шақырушылар сақар (шыны өндірісінде қолданылытын хим. қосынды) философияны барлық мәселені шешуші әдіс деп санаушылар (идеялистер) уақытша басқару басқа жақтың заңсыз алып кеткен дүниесін, затын қайтару өткенге оралу, оны зерттеуге арналған ерекшелік, өзгешелік естіп отырғанды ерекше белгілерді пайдалана отырып қысқартып жазу әдісі
үлгі, түр, автордың дәлелдегісі келетін тұжырымы, жағдайы әдеби және ауызекі сөздерді сынай отрып қолдну орнын анықтау белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсететін жазу басқа тілдегі сөздерді екінші тілдің әріптерімен жазу
дерек, айғақ дәл көшірілген қолжазба
қолжазбаның, құжаттың, қойылған қолдың дәл көшірмесі ойды тұжырымдап айту жаңалық ашуда қолданылатын әдіс, нәтижелі ойлау жолдарын зерттейтін ғылым
жаңалық ашуда қолданылатын әдіс
мәтінді ғылыми түрде беру ережелер мен әдістер тұтастың бір бөлігі, хим., физикалық ұғым арифметика
сөздің қысқартылып берілгендігін көрсететін таңба
|
