- •Модуль 1. Археография тарихы
- •Кіріспе. Археография туралы жалпы түсінік. 1- сағат.
- •Археографияның қалыптасу тарихы. Революцияға дейінгі археография.1- сағат.
- •XIX ғасырдың I жартысындағы Археография (1800-1860)
- •XIX ғасырдың II жартысындағы Археография
- •XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Археография
- •Кеңестік кезеңдегі Қазақстан археографиясы. 1- сағат.
- •Тәуелсіз Қазақстан археографиясы 2- сағат.
- •1. Ресей Федерациясы
- •2. Қытай халық республикасы.
- •3. Монғолия.
- •4. Қырғыстан республикасы
- •5. Туркия республикасы Стамбул қаласында жургізілген архе-ографиялық ісспардың атқарған жұмыстары. (11 - 25 желтоқсан 2004 ж.)
- •6. Швейцария
- •Модуль 2. Археографияның теориялық-әдістемелік негіздері
- •Археографияда ғылыми басылым түсінігі 1- сағат.
- •Басылымның функциялары. 1- сағат.
- •Басылымдарды жіктеу. 1- сағат.
- •Құжаттық басылымдарды даярлау әдістемесі. 2-сағат.
- •Құжаттарды анықтау
- •Басылым үшін құжаттарды іріктеу. 1-сағат.
- •Модуль 3. Қолданбалы археография
- •Құжаттардың археографиялық безеңдірілуі. 1-сағат.
- •1509 Г. Февраля 9. – Судная грамота («вырок») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1...
- •1509 Г. Августа 27. – Уставная подтвердительная грамота («подтверженье») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1 мещанам г. Плолцка на магдебургское право
- •1892 Ж. 12 мамыр – «Минский листок» газетінің Минск қаласында салтанатты конки ашылуы туралы хабарынан
- •1660 Ж. 4 қазан – 1661 ж. 27 шілде. – Қару-жарақ палатасының кіріс-шығыс кітабынан. – Белорусстық оюшыларға піл сүйегін босату туралы
- •1676 Ж. 9 сәуір – 11 тамыз. – Смоленск қ. Кеден кітабынан. – витебскілік мыташы Провония мен шляхтич а. Кисельге поташ сату туралы жазба
- •1905 Ж., мамырдың 10-ы. – Минск губерниялық жандарм басқармасы бастығы көмекшісінің Полиция департаментіне Речицкий у. Лоев мекенінде 1 мамырға арналған прокламациялардың таратылуы туралы хабарламасы
- •1981 Ж., ақпанның 23-і (10). – Витебск – Орша – Могилев – Гомель шептері бойынша неміс басқыншыларына қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы главкозап бұйрығы
- •Баян (бақылау – анықтамалық мәліметтер)
- •Құжаттардың мәтінін таңдап алу және беру. 2-сағат.
- •Құжаттардың мәтінін берудегі мәтіндік түсініктемелер. 2-сағат
- •Ғылыми – анықтамалық аппарат және оның маңызы. 1-сағат
- •Хроника, оның міңдеттері, құрамы 1-сағат
- •Ескертпелер және түсініктемелер. Көрсеткіштер. 2-сағат
- •Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағат
- •Археографиялықбелгілер 1-сағат
- •Құжаттарды жүйелеу, оның бағытталуы және маңызы. 1-сағат
- •Құжаттар жинағы қолжазбасының баспаға дайындығы. 1- сағат.
- •Редакциялық–баспалық процесс. 1-сағат
- •1. Дайындық жұмысы
- •1. 1. Библиографиялық тізім құрастыру, әдебиеттерді зерттеу
- •1. 2. Құжаттарды жарыққа шығару көздерін анықтау
- •1. 3. Проспект-жоспар құрастыру
- •1. 4. Құжаттарды іздеп табу
- •2. Кинофотофоноқұжаттарды іздеп табу
- •3. Құжаттарды жарияланымға іріктеу
- •3. 1. Құжаттарды баспаға іріктеудің негізгі қағидалары
- •3. 2. Тұлғаның құжаттарын басылымға іріктеу
- •3. 3. Мерзімді басылымдарда жарияланған құжаттарды іріктеу
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Терминологиялық сөздік, оның міңдеттері. Қысқартылған тізім. 2-сағат
Дәріс мақсаты: ҒАА жүйесінде терминологиялық сөздік және қысқартылған тізімнің ерешеліктерін ашып көрсету.
Тірек сөздер: ҒАА, терминологиялық сөздік, тізім
Негізгі қарастырылатын мәселелер және қысқаша мазмұны:
1. Терминологиялық сөздік, оның маңызы
2. Қысқартылған тізім: жарияланатын деректердің тізімі, анықталған деректердің тізімі.
ҒАА құрамына сондай-ақ қажет жағдайда жасалуы мүмкін терминологиялық сөздік те кіреді. Терминологиялық сөздiк көнерген терминдерді, сонымен бiрге, аз қолданылатын немесе қолданыстан шыққан сөздерді түсiндiредi. Мұндай терминдер болған жағдайда саны аз болса оларды мазмұны бойынша ескертулерде түсіндірген абзал. Терминдер терминологиялық сөздiктерде әліпбилік тәртіппен орналасады және олардың мәнi көрсетiледi. Ол ескірген терминдерге, аз қолданылатын сөздерге, полонизмдерге, германизмдерге, белорусизмдерге (орыс тіліндегі деректік басылымдар үшін), русизмдерге (белорус тіліндегі басылымдар үшін) түсінік береді. Олардағы терминдер әліпби бойынша олардың мәні ашылып орналастырылады:
Полонизм сөздігінен, көнерген сөздер мен сөйлемдер
Абвадовы – учаскелік полицейский
«Зубры» – Батыс Белоруссияда ірі жер иеленуші магнаттарды осылай атаған
Інтэрпеляцыя – сейм депутаттарының үкіметке сұрау салуы
(Борьба трудящихся Западной Белоруссии за социальное и национальное освобождение и воссоединение с БССР. Документы и материалы в двух томах. Мн., 1972. Т. 2. С. 533–534)
Терминологиялық сөздіктен
Армата – зеңбірек
Валка – ұрыс
Вепр – қабан
Врадник (врядник, урядник) – лауазымды тұлға
Инстигатор – Реч Посполитадағы сотта істі баяндайтын, айыптаушы қызметін атқаратын сот шенеунігі
Капитул – епископтың қасындағы діни кеңес.
(Социально-политическая борьба народных масс Белоруссии. Конец ХІV в. – 1648 г. Мн., 1988. Т. 1. С. 279–293)
Қысқарған сөздер тізімі басылымда кездесетін қысқартылып жазылған сөздердің әліпбилік тізімі болып табылады. Оған құжат мәтінінде кездесетін қысқарған сөздермен қатар археограф енгізген сөздер енгізіледі. Тізім қысқарған сөздердің толық атауымен қоса беріледі. Бір рет қана кездесетін қысқартулар бет астындағы түсініктемелерде ашылып, тізімге енгізілмеуі мүмкін. Қысқартылған сөздердің екіұшты түсінігі болмауы тиіс:
ВКЛ – Великое княжество Литовское (Ұлы Литва князьдігі)
ВНУ – Вышэйшая навучальная установа
м. – местечко
оп. – опись
фольв. – фольварк
Арнайы түсіндіруді талап етпейтін жалпыға ортақ қабылданған: т.т., т.б., т.с.с., обл., г., кг. және басқалар сияқты салмақ, ұзындық, уақыт өлшемдерін белгілейтін екіұшты түсінік тудырмайтын сөздер, сондай-ақ ауызша және жазбаша түрде әбден сіңісті болып кеткен райком, нархоз, т.б. сияқты сөз тіркестері қысқартылған сөздер тізіміне енгізілмейді. Белорус археографтарының тәжірибесінде жарияланатын құжаттар мәтіндерінде нақ осы екі тілдің басым екендігін ескеріп, белорус және орыс тілдерінде қысқарған сөздер тізімін жасау дәстүрге айналған.
Ғылми және көпшілікке арналған басылымдарда жарияланатын құжаттар тізімі болуы керек. Олар не «ХVІІ ғ. екінші жартысындағы орыс-белорус байланыстары (1667 – 1686 жж.)» жинағындағы сияқты кіріспеге енгізілуі, немесе дербес берілуі тиіс (мысалы, «Белоруссиядағы Ұлы Октябрь социалистік революциясы» екі томдығындағы сияқты). Тізімдегі мақала элементтері мына тәртіппен орналастырылуы тиіс: реттік нөмірі, датасы, құжат тақырыбы, құжат орналасқан басылым беттері. Тізімде құжаттар басылым құрылымына сәйкес (бөлім бойынша) немесе хронологиялық ретпен орналастырылуы мүмкін. Екінші принцип ғылыми типтегі басылымдарға тән, мысалы, ішіндегі құжаттар қатаң хронологиялық тәртіпте жүйеленбеген кітап толық басылып шыққан жағдайда. «Беларуский архів»-тің 2-томының құрамындағы Литва метрикасы жазбаларының 16-кітабын (онда құжаттардың хронологиялық реттілігі сақталынбаған) басылымға даярлау кезінде Д. И. Довгялло осылай еткен. Ол негізді түрде бірінші орынға құжаттың датасын шығарған, ал құжаттың басылым ішінде белгіленетін нөмірін соңына, тақырыптан кейін орналастырды.
Ғылыми басылымдарда анықталған, бірақ басылымға енгізілмеген құжаттар тізімі де берілуі мүмкін. Бұл басылымның ақпараттылығын арттыра түседі. Мұндай тізімдер мақалаларының сипаттамалық құрылымы мынандай: датасы, тақырыбы және құжаттың іздеу деректері:
20 ақпан 1939 ж. Гомель облпланының үшінші бесжылдықта облыс энергетикасын даыту перспективалары туралы анықтамасы.
ГА Гомель обл. Қ. 1071. Оп. 1. Іс 30. Б. 21–26. Көшірме.
(Индустриализация Белорусской ССР (1926 – 1941 гг.) Мн., 1975. С. 461)
Зерттеушілерге ғылыми айналымға енгізілген ғылыми типтегі басылымдардағы дереккөздер туралы ақпарат беру мақсатында бұрын жарияланған құжаттар тізімі жасалуы мүмкін. Оларда датасы, құжаттың тақырыбы және ол бұрын жарияланған басылым атауы келтіріледі:
БССР МАБ (мемлекеттік мұрағаттық басқармасы) басқа мекемелермен бірлесіп бұрын жариялаған құжаттар тізімі
(Народное образование в БССР. Сб. документов и материалов. Т. 1. 1917 – 1928. Мн., 1979)
Қысқарған сөздер тiзiмі басылымда кездесетін қысқартылып жазылған сөздердің әліпбилік тiзiмі болып табылады. Оған құжат мәтінінде кездесетін және онда сақталған қысқартулармен қата,р археограф енгізген қысқартулар да жатады. Тізім қысқарған сөздердің толық атауымен беріледі. Бір реттен артық кездеспейтін қысқартулар жолма-жол ескертулерде беріледі. Қысқартуларды археограф ғылыми-анықтамалық аппарат құрамында жиі қайталанатын сөздер үшін орынды үнемдеу мақсатында және құжат мәтінін бергенде біркелкілікке жету үшін енгізеді. Сөздердiң қысқартулары екiжақты түсiнiкті болдырмайды. Арнайы түсiнiктеме талап етпейтiн жалпы қабылданған қысқартулар (т. б., т.т., т.с.с., обл. және басқалар, салмақтың, уақыттың, кеңістіктің атауларын белгілейтін, санға гемесе қандай да бір атауға жатқызылатын, екі жақты түсінік тулырмайтын – кг, мин., см., м., км), сондай-ақ, жазба және ауызша тіл нормаларына енген, мынау сияқты, ревком, райком, исполком, колхоз қысқартылған сөздер тізіміне енгізілмейді. Жарияланымда шет тіліндегі мәтіндер көп болғанда шет тіліндегі мәтіндерде қабылданған арнайы қысқартулар тізімі құрастырылады.
Ғылыми және ғылыми-көпшiлiк типiндегi басылымдар жарияланатын құжаттардың тізбесін мазмұндайды. Жарияланатын құжаттардың тiзбесі мазмұнына енгiзiледi, немесе бөлек бөлiм болады. Тiзiмнiң элементтерi мынадай тәртіппен орналасады: реттiк нөмiрі, күні, құжат атауы, құжат жарияланған басылым беттері. Тiзiмдегi құжаттар басылым құрылымына сәйкес (тараулар, бөлiмдер бойынша және сол сияқты) немесе хронологиялық тәртіппен орналастырылады. Тiзiмнiң хронологиялық құрылымы ғылыми басылымдарда пайдаланылады, онда құжаттар хронологиялық емес, қандай да бір басқа тәртіппен (тақырып бойынша, корреспонденттер бойынша, дереккөздер түрлерi бойынша, тағы сол сияқты) орналасады, бірінші орынға күні қойылады, ал құжат нөмірі атауының соңында көрсетіледі. Егер құжат мазмұны атауында көрсетілмесе (мысалы, эпистолярлық басылымдарда, хаттамалар жинағында, дипломатиялық хат алмасуларда) жарияланатын құжаттардың аннотацияланған тізімін құрастыру қажет.
Анықталған, бiрақ жарияланбаған құжаттардың тiзбелерi ғылыми типтегi басылымдар үшiн, зерттеушiге басылым тақырыбы бойынша барлық табылған, бiрақ жарияланбаған материалдар туралы мәлiмет беру мақсатында жасалады. Тiзiбелердi құрастыру әдiсi табылған құжаттардың сипаты мен көлемiне байланысты әр түрлi болады. Тiзбеде бiр құжат бойынша да, құжаттарды топтап та сипаттама жасалынады. Құжаттардың саны аз болғанда тiзбеде мынадай мәлiметтер берiледi: күнi, әрбiр құжаттың немесе бiркелкi құжаттар тобының атауы мен iздестiру мәлiметтерi, кейде – мазмұнының аннотациясы. Тiзбелерде құжаттар жинақтың құрылымы (бөлiм мен тарау бойынша) сәйкес жүйеленеді, болмаса басқа белгiлерi бойынша жүргiзiледi, мысалы, хронологиясы, тақырыптық айдарлары немесе сақталу орны бойынша. Құжаттардың бір түрін (хаттамалар, бұрыштамалар және тағы сол сияқты) қамтитын жинақтарда олардың атауларының мазмұны ашылмаса, құжаттар жинағына кірмеген құжаттарға аннотацияланған тізім құрастырылады. Тізімдерде құжаттарды жүйелеу жинақтың құрылымына (бөлім мен тарау бойынша) сәйкес келуі мүмкін, болмаса басқа белгілері бойынша жүргізіледі, мы
Бұрын жарияланған құжаттардың тiзбесi ғылыми басылымдар үшiн зерттеушiлердi айналымға енген құжаттар туралы ақпараттандыру мақсатында жасалады. Бұндай тiзбелерде құжаттың күнi, атауы (қажет болған жағдайда – аннотациясы) және құжаттың бұрын жарияланған басылымының атауы, шығарылым деректерi мен беттерi көрсетiле отырып берiледi. Тiзбедегi құжаттар жинақтың құрылымына сәйкес немесе хронологиясы бойынша жүйеленедi. Тізбеге бірнеше жинақта жарық көрген құжаттар енгізілгенде, бұл жинақтар атауы кіші атау ретінде беріледі, сосын хронологиялық ретпен бұрын жарияланған құжаттардың атауына енгізіледі.
Егер басылым үшін дереккөздер саны көп тартылған болса, мұрағаттық және жарияланған пайдаланылған дереккөздер тізімін жасаған тиімді болмақ. Ғылыми типтегі басылымдар үшін ол міндетті. Мұндай тізім болмаған жағдайда, анықталған құжаттар дереккөздері жайлы мәліметтер басылымның алғысөзінде келтіріледі.
Құжаттары жарияланған басылым тізімінде мұрағаттық қорлар мұрағат бойынша топтастырылады. Қорлар нөмірлерінің өсуі ретімен тізімделеді:
Пайдаланылған дереккөздер тізімі
Мұрағат қорлары
ЦГАДА
Қ. 389 – Литва метрикасы
ЦГИАСССР
Қ. 823 – Ресейдегі грек-униат шіркеулері митрополитінің кеңсесі
ЦГИАБССР Минск қ.
Қ. 694 – Радзвилл князьдері
Қ. 1705 – Брест қалалық соты
Қ. 1727 – Минск қалалық соты
ЦГИА Литва ССР-і
Қ. 1177 – Огинский графтары
Қ. 1280 – Радзвилл князьдері
Жарық көрген басылымдар
Вилен археографиялық комиссиясы жасаған актілер
Журналдар
Тарихи мұрағат. М., 1956. № 2...
(Социально-политическая борьба народных масс Белоруссии. Конец ХІV в. – 1648 г. Мн., 1988. Т. 1. С. 302)
Шетелдік мұрағаттар отандық мұрағаттардан кейін әліпбилік ретпен беріледі.
Мұрағат қорларының тізімінен кейін жарияланған құжаттар алынған мерзімдік басылымдар тізімі келтіріледі. Бұл кезде ол басылымдардың кімнің органы екендігін көрсеткен дұрыс. Түпнұсқа тіліндегі шетелдік мерзімдік басылым атаулары жеке тізіммен берілуі немесе жалпы тізімге енгізілуі мүмкін. Ғылыми басылымдарда пайдаланылған дереккөздер тізіміне тақырып бойынша әдебиеттер де енгізіледі.
Мазмұнында ҒАА мен қосымшаларды қоса барлық басылым құрамы түгел қамтылуы тиіс. Қосымшалар құжаттарда берілетін мәліметтерді толықтыру мақсатында барлық типтегі басылымдарда жариялануы мүмкін. Олардың құрамында марапатталғандар тізімі, атауы өзгертілген көшелер, алаңдар, елдімекендер тізімі, археографтар кестеге енгізген кәсіпорындар, ұйымдар, статистикалық деректер бойынша анықтамалар, т.б. енгізілуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
1. Басылымда терминологиялық сөздіктің алатын орны мен маңызын анықтап көрсетңіз?.
2. Басылымда қысқартылған тізімнің алатын орны мен маңызын анықтап көрсетңіз?
3. Басылымда библиографияның алатын орны мен маңызын анықтап көрсетңіз?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Валк С.Н. Советская археография. Москва.,1948. 243с.
2. Добрушкин Е.М. Основы археографии, Москва., 1992. І раздел. С. 7-26.
3. Козлов В.П. Русская археография конца ХVІІІ-первой четверти ХІХ века //
Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора историчес-
ких наук. С. 3-48.
5. Эпштейн Д.М. История археографии в дореволюционной России.
Москва., 1977.
6. Королев Г.И. Археография. Москва., 1996. 256с.
ДӘРІС- 27
