Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Археография, Лекциялар жинағы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.53 Mб
Скачать

1509 Г. Февраля 9. – Судная грамота («вырок») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1...

№ 306

1509 Г. Августа 27. – Уставная подтвердительная грамота («подтверженье») вел. Кн. Лит. И кор. Пол. Жигимонта 1 мещанам г. Плолцка на магдебургское право

(Полоцкие грамоты ХІІІ – нач. ХVІ в. / Сост. А. Л. Хорошкевич. М., 1980. Вып. 3)

Өкінішке орай, Беларуста Ресей мен Польшаға қарағанда дипломатика мәселесіне енді ғана көңіл бөліне бастады. Жоғарыда айтылған «Краткий словарь видов и разновидностей документов» кітабының екінші бөлімінде Ұлы Литва князьдігінің орталық және жергілікті мекемелерінде жасалған құжаттардың ерекшеліктері ескерілмейді. Осы жағдайды ескере отырып, аталған кезең құжаттарының түрлерін анықтау үшін «Методические рекомендации по изданию и описанию Литовской метрики» (Вильнюс, 1985) кітабына көңіл аударған дұрыс деп есептейміз. Оның құрастырушылары – С. М. Каштанов пен А. Л. Хорошкевич – ХІV – ХVШ ғасырларда Ұлы Литва князьдігінде жасалған негізгі құжаттар түрлерін бөлектеп алып, сипаттама берген. Біз олардың кейбір неғұрлым маңыздыларына ғана тоқталамыз:

Сый (жалованные) грамоталары, растайтын сый (подвтердительные жалованные) грамоталары

ХІV – ХV ғасырларда ҰЛК-де «грамота» термині қолданылатын; ХV ғ. соңы – ХVІ ғ. басында оны «привилей», «лист» сөздері ауыстыра бастады. ХV ғ. – ХVІ ғ. бірінші жартысында берілген сый (жалованные) грамоталары үшін «данина» термині қолданылды. Егер сый грамотасы немесе привилей осы мазмұндас бұрынғы құжаттарды қайталайтын болса, олар растайтын (подтвердительные) грамота деп аталды. ХVІ ғ. екінші жартысында мұндай привилейлер «конфирмациалық» деп атала бастады.

Жарғылық грамоталар

ҰЛК-нің барлық аумағындағы халықтың басқару мен түрлі әлеуметтік санаттағы соттардың негізгі принциптерін реттейтін сый грамоталары «жалпыжерлік сый» немесе «привилейлер» деп аталған. Лауазымды тұлғалардың немесе әртүрлі халық топтарының заңдық мәртебесін белгілейтін сыйлар «жарғылық сыйлар» (жалованные уставные) деп аталды.

Сейм құжаттарының арасында қаулылар («ухвалы»); жауаптар («бас тартулар»); нұсқаулар («ғылымдар») кеңінен таралған.

«Лист» терминімен олардың көмегімен орталық билік (ұлы князь, рада паны, канцлер) жергілікті билікке өз жарлықтарын хабарлаған, үшінші біреулерді марапаттағаны туралы білдірген құжаттары аталған. Оларға «жарғылық грамота» мағынасы жағынан ұлы литва князьдерінің белгілі бір жер тұрғындарына заңдық әрекеттері және басқа акциялары туралы хабарлайтын грамоталары жақын тұрады. Ұсыныс жасаушылар оларды «хабарлағыштар» («известительные») (халық арасында «сойм листі» деп аталған) деп атауды ұсынды.

Сот құжаттарының алатын орны үлкен. Олардың ішінде «позовные», «позовы» – шақырушылар сотқа шақырылатын адамдарға тапсыратын шақыртулар бар.

Жұрт «вырок», «декрет», «сот листі» деп атайтын құжаттар Рус мемлекетіндегі «құқық грамотасына» сай келеді.

Соттың мерзімін өзгертетін құжаттар «лимитация» немесе «кейінге қалдыру» (отложенье) деп, куәлердің көрсетулері – «сок листі» (соковый лист) деп аталды.

Иелік қағаз (купчие) және иелік қағазды растау (подтвердительные купчие) жылжитын және жылжымайтын мүлікті сату-сатып алуды заңдастырды.

Айырбас (меновые) және айырбастауды растау (подтвердительные меновые) грамоталарымен жерді айырбастау келісімдері; заставалық грамоталармен – жылжитын және жылжымайтын мүліктерді кепілге салу ресімделді.

Жәрдем грамотасы (заручные грамоты) – ұлыкнязьдік билік жекелеген феодалдардың өмірі мен мүлкін басқалардан қорғауға кепілдік мақсатында берілді. Кепілдік грамоталары (поручные грамоты) – жекелеген феодалдар басқа бір феодалдың ұлы князьге адал қызмет етуіне кепілдік ету мақсатында берілді.

Темір лист көмегімен ұлыкнязьдік билік жекелеген адамдардың сауда-несие қатынастарын реттеп отырды, атап айтқанда, төлем мерзімдерін ұзарту немесе несиелердің, оның ішінде тауардың қайтарылу міндеттерін, табиғи апаттардан немесе шабуылдан зиян шеккен көпестерге көмек көрсетуді реттеп отырды.

Жазбаша өтініштер мен арыз-шағым, рухани грамоталар кеңінен таралған.

Жылжымайтын мүлікті бөлісу келісімін ресімдеу үшін дельчи және растайтын дельчи; зайыбының жер бөлігін немесе жер иелігінен түсетін табыстың бір бөлігін иелену құқығын ресімдеу үшін – веновтық (веновные); кеден бажын жинауды және басқа жанама салықтарды белгілі бір мерзімге сатып алуға беру – жалға беру (откупные) арқылы ресімделді.

Дипломатиялық қатынас саласында жасалатын құжаттар арасында: сенім грамотасы; жолдау («лист»); жолдау (жарлық); қорғау («қауіпті»), татулық туралы келісім («аяқтау»), бекіту грамотасы, шерт грамотасы (қызмет етуге міндеттейтін); елші міндеті; елші есебі; өсиет грамотасы, т.б. бар.

Ақпараттық-мүліктік құжаттар қатарында тазарту жазбасы, елші жазбасы, кеңес жазбасы («бас тарту»), куәгердің жазбасы («хабарландыру»), «қосымша-жазба» (түрі жағынан растау (конфирмациялық) привилейге ұқсайтын), квитанциялар, қарыз кепілдігі, ант беру грамоталары, тізілімдер, мүкәммалдар, смолен князьдерінің, боярлардың, қалқаншылардың, сауыт-саймандылардың және сауытты қызметшілердің санақтары.

Ерте кездегі құжат түрлерін көрсеткенде олардың атаулары мен меншікті атауларын жаңғыртуға жол берілмейді. ХVП ғасырда «өтініш» (прошение) емес, «бас ұру»(челобитная); үкім (приговор), шешім емес, «выроки» сөздері; ХVШ ғасырда – «хабарлама» (донесение) емес, «доношение»; «рапорт» емес, «репорт», т.б. сөздер қолданылған.

Әскери құжат түрлеріне келер болсақ, олар жарғылық құжаттарға, әскери және теңіз ведомстволары бойынша бұйрықтарға және тиісті кезеңдегі іс қағаздарын жүргізу практикасына сәйкес анықталады.

Телеграф, телефон, басқа да байланыс құралдарының көмегімен берілген құжаттарды жариялаған кезде тақырыпта құжат түрі көрсетіледі, ал оның берілу тәсілі түсініктемеде атап өтіледі:

Белорус-Литва армиясы реввоенсоветінің мүшесі А. М. Пыжевтің 17-атқыштар дивизиясының жауынгерлеріне Гомель қаласындағы контрреволюциялық бүлікті басу жөніндегі бұйрығы

№ 9/3, Могилев 26 наурыз 1919 ж. 20 сағ.

ЦГАСА. Ф. 1260. Оп.2. Д. 67. Л. 66–68. Телеграф лентасы.

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1972-1. Т.2. С. 53-54)

Ставка штабының бастығы М. Д. Бонч-Бруевичтің Халық Комиссарларының Кеңесіне жолдаған герман командованиесімен татулық келісімін тоқтату туралы хаттамасы

№ 198

17 ақпан 1918 ж.

ЦГАСА. Ф. 1. Оп. 1. Д. 119. Л. 209. Телеграф бланкі.

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1972-1. Т.1. С. 19)

Жеделхат атауы, егер құжат басқа түрге тіркелмеген болса, құжат түрі ретінде сақталады:

Дриссен қалалық кеңесінің төрағасы Л. Б. Урбанның герман әскерлерінің шабуылы туралы Халық Комиссарлар Кеңесіне жеделхаты

19 ақпан 1918 ж.

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1972-1. Т.1. С. 21)

Үнпарақ түрінде таратылған құжаттарды жариялаған кезде тақырыбында құжаттың түрі көрсетіледі:

№ 126

БК(б)П Минск жасырын қалалық комитетінің қала тұрғындарын шабуылдаушы Қызыл Армияға бар күштерімен және құралдарымен көмектесуге шақырған арнауы

Қараша 1943 ж.

(В непокоренном Минске: Док. и мат. о подпольной борьбе советских патриотов в годы Великой Отечественной войны (июнь 1941 – июль 1944). Мн., 1987. С. 150–152)

Тікелей желі немесе сұхбат бойынша әңгімелесу мәтіні болып есептелетін құжаттардың түрі ретінде «Тікелей желі бойынша жазылып алынған», «Сұхбат жазбасы» деп көрсетіледі. Әңгімеге қатысушылар тақырыпта бағыныштылық тәртібі бойынша – (әңгімені кім бастағанына қарамастан) үлкен бастықтан кішіге қарай ретімен беріледі:

Батыс майданның командашысы М. Н. Тухачевскийдің 16-армияның командашысы А. И. Кукпен Булак-Балахович бандасын талқандау жайлы тікелей желіде сөйлескен сөзінің жазбасы

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1971. Т.2. С. 522)

Егер тікелей желімен құжат берілген болса, оның түрі мазмұнына қарап, тақырыбында міндетті түрде «Тікелей желіден алынған» деген сөзбен беріледі:

ЛжБК(б)П ОК мүшелері В. С. Мицкевич-Капсукас пен. Я. Г. Долецкийлердің РК(б)П ОК-не ЛжБССР үкіметін тарату туралы тікелей желі арқылы сұрау салуы

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1972-1. Т.2. С. 155–156)

Мерзімдік басылымдарда жарияланған құжат түрлері жалпы талапқа сай тақырыпта көрсетіледі. Мерзімдік басылымдардың меншікті материалдарына келер болсақ, олардың түрлері газет жанрларының жіктелуіне сәйкес анықталады (Қара: Газетные жанры. 2-е изд. М., 1976).

Жарияланатын құжаттың тақырыбында авторы мен адресатын берудің де өз ерекшеліктері бар. Олар жекелеген адамдар немесе адамдар тобы, сондай-ақ мекемелер, мекемелер топтары, ұйымдар, кәсіпорындар немесе олардың құрылымдық бөлімшелері болуы мүмкін. Мұның барлығы тақырыпта көрсетілуі тиіс. Авторы немесе адресаты белгісіз болған жағдайда, бұл туралы мәтінге түсініктемеде ескертіледі:

КПРП мүшесінің* Брестчинадағы сейм сайлауына дайындық туралы хаты

7 қазан 1922 ж.

* Авторы және адресаты белгісіз.

Құжаттың археограф белгілеген авторлық тақырыбы сақталған жағдайда, ол тақырыпта тік жақшаға алынады (қажет болып жатса авторын немесе адресатын табуды негіздеу мәтінге түсініктемеде келтіріледі).

Майдан құжаттарында үлкен бастықтың бір немесе бірнеше бағыныштыларына бағытталған құжат авторын белгілейтін сөз толық сақталады. Бұл кезде әскери құрамаларда ұжымдық басқару принципі болған Азамат және Ұлы Отан соғысының бас кезіндегі құжаттардың тақырыптарында коллегиалдық авторы: майдан (армияның, флоттың) командованиесінің атауы қолданылады:

Батыс майдан командованиесінің Мозыр тобының және 16-армияның командованиелеріне Березина өзенінен өтіп, Бобруйск – Глуск шебіне шығу туралы директивасы

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1971. Т.2. С. 353)

Өзінің бірлестігі немесе құрамасы бойынша берілген командованиенің әскери құжаттарында құжат авторы берілмейді, және әскери іс жүргізуде қалыптасқан форма сақталады:

Батыс майдан армияларына директива (яғни, диретиваны Батыс майдан командованиесі өз армияларына жіберіп отыр);

16-армия әскерлеріне бұйрық (яғни, бұйрықты армия командованиесі өз дивизияларына берген);

52-атқышлар дивизиясы бойынша бұйрық (яғни, бұйрықты дивизия бастығы өз полктеріне берген), т.б.

Бір әскери құрамаға арналған жинақта немесе жинақ бөлімінде, соңғысының нөмірі мен атауы тақырыпта қайталанбайды:

Майдан армияларының жаппай шабуылға шығуы туралы директива.

(Директивы командования фронтов Красной Армии. М., 1974. Т. 3. С. 483, раздел сборника: Южный фронт)

Армия әскерлеріне Белая өзенінің оң жағалауындағы жаудың ізіне түсіп өкшелей қуу туралы бұйрық

(В боях рожденная. 1918–1920. Боевой путь 5-армии. Иркутск, 1985. С. 119)

Әскери құжаттар тақырыбында авторын немесе адресатын көрсеткен кезде мекемелер, ұйымдар, құрамалар, бөлімдердің толық немесе жалпыға белгілі қысқартылған атаулары, сондай-ақ құжаттың кімнен шыққаны және кімге арналғаны туралы инициалы мен фамилиясы, лауазымы, атағы көрсетіледі: Главком, ПУР, Реввоенсовет, Беллитармия.

Тақырыпта мекеме, ұйым, кәсіпорынның ресми (толық немесе қысқартылған) атауы, қажет болған жағдайда бағыныштылық реті көрсетіледі. Толық ресми атауы қайталанатын жағдайда бірінші рет толық беріліп, одан әрі қысқартылған атауы берілуі мүмкін. Тақырыпта қолданылған мекемелердің жалпыға ортақ қысқартылған атауы қысқартылған сөздер тізімінде таратылып беріледі:

ТБШ – Таварыства беларускай школы.

Тақырыпта мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар атауы қазіргі кездегі формасында беріледі. Ертедегі құжаттарда тұлғалар жайлы сөз болғанда олардың атағы (маршалок, рада паны), лауазымы (наместник, воевода, тиун), әлеуметтік жағдайы (земянин, шляхтич, мещанин), титулы (князь, боярин), немен айналысатыны, т.б. егер аудармасы қиынға түспейтін болса, қазіргі басылым формасында беріледі. Құжат жасалған кезеңге сәйкес лауазымдар, шендері мен атақтары көрсетіледі.

Қазіргі заман құжаттарының тақырыптарында автор мен адресаттың фамилиялары мен инициалдары олардың лауазымдары немесе қоғамдық жағдайы көрсетіліп беріледі. Тақырыпта бұл адамдар бірнеше рет қайталанатын жағдайда соңғысында не алғашқысында аты-жөні лауазымдарымен алмастырылады:

БССР Мәдениет министрлігінің кітапханалар мен мұражайлар бөлімінің инспекторлары З. А. Коренкова мен Р. Р. Нестеровалар республикадағы аудандық және селолық кітапханаларды орталықтандырылған жинақтау туралы анықтамасы

20 мамыр 1956 ж.

(Библиотечное дело в БССР. Документы и материалы. 1941–1956 гг. Мн., 1984. С. 183)

Тұлғалардың лауазымдары мен қоғамдық жағдайлары жайлы мәліметтер бөлек атаулар көрсеткішіне енгізілген жағдайда тақырыпта көрсетілмесе де болады.

Ұжымдық авторлар құжаттарының тақырыбына «шешімдер, қаулылар, резолюциялар, т.б.) автор ретінде құжат шығатын мекеме, кәсіпорын немесе ұжым көрсетіледі:

ЛКСМБ ОК Секретариатының ерікті комсомолдарды арнайы тапсырма орындауға жіберу туралы қаулысы

гор. Витебск 7 шілде 1941 ж.

Азамат соғысы мүгедектерінің РКП(б) Гомель қалалық комитетіне жолдаған РКП(б)-ның 25-жылдығына орай құттықтауы

14 наурыз 1923 ж.

Ұжымдық авторлық құжаттарының тақырыптарында (басұрушылық, актілер, үкім, т.б.) автор ретінде әлеуметтік жағдайлары, тұрғын мекен-жайлары көрсетілген адамдар тобының ортақ атауы беріледі, ал бүкіл топ атынан әрекет ететін тұлғалардың аты-жөні беріледі:

Брест уезі Гроднен губерниясы Тростянцкий болыстық жиынының жарғылық грамота бойынша міндеткерлікті арттыруға қарсы үкімі

Төменгі буындардан жіберілетін алғашқы ақпараттар негізінде жасалған есептік-ақпараттық сипаттағы әскери құжаттардың тақырыптарында тек қана мекеме, әскери бірлестік штабы белгіленеді:

Республика Реввоенсоветі Далалық штабының Лепельский у. Ушачи м. 17-атқыштар дивизиясының бөлімшелері азат еткендігі туралы жедел мәлімдемеден

22 қазан 1919 ж.

Егер құжаттың авторлары немесе адресаттары болып тең негіздегі бірнеше мекемелер есептелсе, олардың бәрі де тақырыпта көрсетіледі:

Давид-Городокск жасырын райкомының хатшысы Х. И. Севастьянчик пен Пин облысы «Советская Белоруссия» партизандық отрядының комиссары И. А. Смотровтардың Рубель қыстағының тұрғыны Т. М. Маляшкевичті әскери тапсырманы табысты орындағаны үшін құттықтауы

26 тамыз 1943 ж.

(Всенародное партизанское движение в Белоруссии в годы Великой Отечественной войны (июнь 1941 – июль 1944): Документы и материалы: В 3 т. Т. 2. Кн. 2. Мн., 1978. С. 127)

КПБ ОК және БССР МК «БССР министрліктері мен ведомстволарының мұрағаттық материалдарын сақтау режімі мен дұрыс пайдалануды реттеу шаралары туралы» қаулысынан

31 наурыз 1956 ж.

(Архивное дело в БССР (1918 – 1968): Сб. законодательных и руководящих документов. Мн., 1972. С. 100)

Егер құжат біртектес мекемелерге арналған болса, тақырыптағы адресаттар жалпы түрде көпшілік жалғаумен көрсетіледі:

РКП(б) Гомель губерниялық комитетінің уездік комитеттерге жасырын партия комитеттерін құру туралы бұйрық хаты

5 қыркүйек 1919 ж.

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1971. Т.2. С. 190)

Егер бір мекемеге жіберілген құжат бірқатар мекемелердің назарына арналған болса, тақырыпта тек негізгі адресат қана жазылады, қалғандары мәтінге түсініктемеде келтіріледі:

10-армияның генерал-квартирмейстері А. А. Герцтің Жоғарғы бас командашы қасындағы генерал-квартирмейстер А. С. Гришинскийге Молодечно бағытындағы герман әскерлерінің шабуылы туралы жеделхаты*

18 ақпан 1918 ж.

* Көшірмесі Батыс майданның генерал-квартирмейстеріне және 2-ші және 3-армиялардың генерал-квартирмейстерлеріне жіберілді.

(Борьба за Советскую власть в Белоруссии. 1918–1920 гг.: Сб. док. и мат. в 2 т. Мн., 1971. Т.1. С. 19)

Мерзімдік басылымнан алынған, авторы қойылған материалдың тақырыбында автордың фамилиясы мен инициалы (бұл жағдайда мерзімді басылымның аты тек түсініктемеде ғана келтіріледі), авторы қойылмаған материалдарда – мерзімді басылымның аты да беріледі:

ЛКСМБ ОК хатшысы В. Зимяниннің «Белоруссияның лениншіл комсомолына 25 жыл» атты мақалаcынан

23 қыркүйек 1945 ж.

(Комсомол Белоруссии в Великой Отечественной войне. Документы и материалы. С. 423)