Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SiPSP_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.54 Кб
Скачать

2. Мұнай эмульсияларын бұзу әдістері: гравитациялық салқын бөлу, құбыр ішіндегі деэмульгация, центрифугалау, фильтрациялау, электродегидрация.

Мұнай эмульсияларын бұзудың негізгі әдістеріне: гравитациялық суық бөлу (қыздырусыз тұндыру), құбыр ішіндегі деэмульсация, центрифугалау, сүзгіден өткізу, термохимиялық әсер ету, электрлі әсер ету, сондай-ақ осы әдістердің үйлесімді біріккен түрі жатады.

Құбыр ішіндегі (жолдық) деэмульсация - тиімділігі жоғары деэмульгаторлардың пайда болуымен байланысты кең қолданыс тапты және мұнайды дайындаудың басқа тәсілдерімен бірге қолданылады. Бұл тәсіл бойынша, деэмульгаторды дозалық сораппен мұнай-су қоспасына ұңғы сағасында құбыраралық кеңістікке немесе ТӨҚ (топтық өлшеу қондырғылары) жинау коллекторының басында енгізеді (1 тонна мұнай эмульсиясына 15-20 грамм). Мұнай-су эмульсиясы көтергіш құбырлар бойымен, жеткізу желілерімен және жинау коллекторларымен қозғалуы барысында қарқынды араласып, эмульсияның бұзылуына әкеледі.

Гравитациялық суық бөлу (суық тұндыру) – шикізат резервуарларында мұнай құрамындағы қабат суларының мөлшері 60%-дан асқанда және мұнай құрамында табиғи эмульгаторлар болмай, сондай-ақ эмульсиялар тұрақты болмаған жағдайда жүзеге асады. Гравитациялық тұндыру қабат суы мен мұнайдың тығыздықтарының айырмашылығы әсерінен жүзеге асырылады. Гравитациялық бөлу деэмульгаторларды енгізу арқылы немесе енгізбей-ақ жүргізіледі. Мұнайдың резервуарлардағы қыздырусыз бөлінуі бірнеше сағатта өтеді. Эмульсия резервуарларға қабат суының деңгейінен төмен орналасқан арнайы тарату құрылғысы арқылы резервуардың барлық ауданы бойынша тепе-тең жіберіледі, бұл су қабатымен әсерлесетін эмульсияның бетін үлкейтеді және эмульсияның ыдырау процесін жеделдете түседі.

Центрифугалау - арнайы құрылғыларда (центрифугаларда) жүргізіледі, бұл жерде тығыздықтары әр түрлі мұнай мен суды айыру үшін оларда пайда болатын инерция күшін қолданады. Центрифугада су-мұнай эмульсияларын бөлу - өте тиімді әдіс, бірақ әлі практикада қолданыс таппаған.

Фильтрация – бұл қиыршықтас, сынған әйнек, ағаш және металл қиындылары және т.б. материалдардан тұратын фильтрлеуші (коалесцирлеуші) қабат арқылы тұрақсыз эмульсияларды өткізіп біріктіру үшін қолданылады.

Электродегидратация (электрлік деэмульгация). М/С түріндегі мұнай эмульсияларын электр өрісінде де бұзуға болады. Бұл әдіс негізінен орташа, ауыр және тұтқыр мұнайларды тұзсыздандыруға арналған. Электр өрісіндегі эмульсияларды бұзу механизмі былайша түсіндіріледі

Мұнай кен орындарының өлшемі мен пішініне байланысты жинау жүйелерін сипаттаңыз.

Мұнай кен орындары ауданы бойынша үлкен (30х60), орташа (10х20) және кіші (10 км2 -дейін) болып келеді. Пішіні бойынша бұл кен орындары созылған, шеңберлі немесе элипс тәрізді болуы мүмкін. Көрсетілген факторлар мұнай, газ және суды жинау жүйесіне елеулі әсер етеді. Олардағы жабдықтар, төселген құбырлар және құрылым-жасақтарының жиынтығы бірдей, бірақ олардың алаңға орналасуы әртүрлі.

Алып жатқан ауданы бойынша үлкен, созылған кен орындарында, ауданның өс бойына орналасқан бірнеше мұнайды дайындау қондырғысы (МДҚ) қолданылуы мүмкін, оларға топтық қондырғылар (ТҚ) қосылған. Тауарлы мұнайды жинау ортақ тауарлы парк ақылы жүзеге асады.

Ауданы бойынша шағын, пішіні шеңберлі болып келетін кен орындарында орталық жинау пунктін (ОЖП) кен орны ауданының ортасына орналастырады, ұңғы өнімдері топтық қондырғыдан (ТҚ) өз қысымы арқылы мұнайды дайындау қондырғысына (МДҚ) келіп түседі. Мұнда мұнайды тауарлы сапаға дейін толық дайындау жүзеге асады.

Алып жатқан аудан көлемі үлкен, пішіні элипс тәрізді кен орындарында ұңғы өнімін орталық жинау пунктінде (ОЖП) дайындау тиімді болады, бірақ топтық қондырғылардың (ТҚ) едәуір қашықтықта орналасуына байланысты топтық қондырғылар территориясында орналасқан сығымды сорап станциясын (ССС) пайдалануымызға тура келеді. Кен орнын игерудің соңғы сатысында бұл жерге суды алдын-ала шығаруға арналған тұндырғыштар орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]