Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SiPSP_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.54 Кб
Скачать

Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді ? Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.

Мұнай кен орындарындағы алаңдарда ұңғы өнімдерін тасымалдайтын құбырларды келесі түрдегідей жіктейді:

  • тағайындалуы бойынша - мұнай құбырлары, газ құбырлары, мұнай-газ-су құбырлары және су құбырлары;

  • арыны бойынша – арынды және арынсыз;

  • жұмыс қысымы бойынша – жоғарғы (6,4 МПа және одан жоғары), орташа (1,6МПа ) және төменгі (0,6 МПа) қысымды;

  • төселу тәсілі бойынша - жерасты, жерүсті және су асты;

  • функциясы бойынша - ұңғы сағасынан топтық өлшеу қондырығысына дейінгі лақтыру желісі (выкидные линии) (ішкі кәсіпшілік құбырлары); кен орындарынан ұңғы өнімдерін жинау және орталық жинау пунктіне (ЦПС) немесе газ өңдеу зауытына (ГПЗ) тасымалдауға арналған кәсіпшілік аралық құбырлар; магистралды – тауарлы өнімді тұтынушыға беруге арналған ұзынынан созылған мұнай және газ құбырлары;

  • айдалатын өнімнің құрамы бойынша - мұнай, газ, мұнай-газ және су коллекторлары; тауарлық мұнай құбырлары.

  • жұмыстың гидравликалық схемасы бойынша - тармақталмаған қарапайым құбырлар, тармақталаған күрделі құбырлар (оларға тұйықталған сақиналы құбырлар жатады).

Катодты қорғау - құбыр бетінде теріс таңбалы потенциалды жасау, осының арқасында құбырда коррозиялық желінумен бірге жүретін электр тогының шығуының алды алынады. Осы мақсатта құбырға тұрақты ток көзінің теріс таңбасы, ал арнайы жүргізілген металды жерге қосылған –анодқа оң таңбасы қосылады. Анод, топырақ құбырдың зақымдалған (изоляциясы) бөлгіші арқылы ток өткенде және ток көзінің теріс қысқышына (ұстағышына) арнайы дренаж арқылы алғанда, құбырлар анодқа айналып коррозияға ұшырамайды, ал өзі де соған арналған анод бұзылады. Катодты қорғау стадиясы тұрақты ток көзінен немесе айнымалы токты тұрақты токқа айналдырғыштан, жалғастырылған желілер және бақылаушы және реттеуші аспаптардан тұрады. Анодты жерге қосу ретінде графиттелген және теміркремнийлі электродтар қолданылады.

Протекторлы қорғау айнымалы ток көзі болмағандықтан катодты қорғау қолданбағанда құбырды және резервуарды қорғау үшін қолданылады. Бұл да катод принципіне негізделген, тек бір ерекшелігі қорғауға қажетті ток катодты станцияда емес, қорғалатын объектіден кіші электр потенциалды болып протектордың өзінде жасалады. Протектор ретінде алюминий, рафинделген мырыш және магний қолданылады. Протекторды жерге құбырмен параллель көміп және құбырмен бөлектенген өткізгіш арқылы қосады, негізгі мәнінде галваникалық элемент алынады. Құбырмен топырақ арасында потенциалдар айырмасы пайда болған жағдайда протектор бұзушы анодқа айналып кетеді, нәтижесінде құбыр коррозиядан қорғалады. Протекторлы қорғаудың артықшылығы: катодты қорғау станциясын құрудың керек еместігі; үлгісінің қарапайымдылығы, пайдалану шығынының жоқтығы. Кемшіліктеріне: түсті металды шығындаудың қажеттігі. Соған байланысты үлкен қаржылай шығындарды енгізуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]