Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SiPSP_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.54 Кб
Скачать

Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және олардың қызметi?

Тауарлы мұнай резервуарлар паркiнің жалпы көлемi кез-келген кен орнының барлық өндiрушi ұңғыларының екi тәулiктiк жоспарлы өндiрілген өніміне тең болуы керек.

Шикi және тауарлық мұнайды қабылдап алу, сақтау және өткiзу шараларын жүргiзу үшiн резервуарлар арнайы арматуралармен және жабдықтармен жабдықталады. Резервуарлардың жабдықтары мыналарды қамтамасыз етедi:

 резервуарлардың толуын және босауын;

 мұнай деңгейiн өлшеуді;

 мұнай сынамасын алуды;

 резервуарлардың тазалануын және жөнделуін;

 мұнайдың тұнуын және тауарлы мұнайдың астындағы судың

жойылуын;

 резервуардағы қысымды қауiпсiздік шегінде ұстап тұруды.

Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?

Теңіздегі кен орындарында ұңғыны бұрғылау, одан өнім алу, алынған өнімді (мұнай, газ және су) жинау және дайындау үшін әртүрлі гидротехникалық құрылым-жасақтары қолданылады. Олардың түрлерін таңдау көптеген себептерге байланысты болады.

Теңіздің 10-15 метр тереңдігіне дейінгі жерлерде алаңқайлары бар жасанды дамбалар немесе аралдар және эстакадалар, ал неғұрлым терең (150-300м) жерлерде тұрақты (стационарлы) платформалар түріндегі гидротехникалық құрылым-жасақтары жиі қолданылады.

Теңіз түбіне қағылған, металды құбырлы қазықтармен орнатылған фермдерден жинақталған көпірлі құрылым-жасақтарды эстакадалар деп атайды. Эстакадаларға ұңғыны орналастыру, мұнай мен газды жинау пункті мен мұнай резервуарларына арнап, сондай-ақ көмекші және тұрмыстық кешендерді орналастыру үшін алаңқайлар жалғанады.

Эстакаданың екі түрі болады:

  1. жағалауға жақын орналасқан және олармен су үсті арқылы байланысатын жағалық эстакадалар.

  2. жағалаудан қашық орналасқан және олармен су үсті арқылы байланыспайтын ашық теңіз эстакадалары.

Жағалауға жақын орналасқан теңіз кен орындары үшін эстакада бойынша ұңғының шығару желісін төсеу жол бойымен немесе жағада орналасқан автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысындағы (АТӨҚ) құбырларға арналған арнайы тіректер арқылы жобаланады. Ұңғы өнімі өлшенгеннен кейін бір немесе екі жинау коллекторлары арқылы жағада орналасқан мұнайды жинаудың орталық пунктіне тасымалданады.

Су, мұнайдан бөлініп және сәйкесті дайындықтан өткеннен кейін, қабат қысымын ұстау мақсатында шығару желісіне параллелді орналасқан, эстакада бойымен төселген құбырлар арқылы кен орнына қайтарылады.

Тік гравитациялық мұнайгаз айырғышын сұйық бойынша өткізу қабілетіне есептеу кезінде қандай параметрлер анықталады.

Айырғыштардың сұйық (мұнай) бойынша өткізу қабілетін бақылаудағы мақсат айырғыштан мұнаймен бірге ілесіп шығатын газ көбіктерін нолге жеткізу (яғни болдырмау) қажеттілігінен туындайды. Жалпы алғанда сұйықпен ілесетін газ көбіктерінің мөлшері келесі факторларға тәуелді болады:

1) сұйықтың тұтқырлығы;

2) айыру қондырғысындағы қысым;

3) айырғыштағы сұйық деңгейінің көтерілу жылдамдығы.

Ұңғы өнімін есептеуге арналған қондырғылар: «Спутник-А», «Спутник-В-14», «Спутник- Б-40». Мұнайдағы судың, механикалық қоспаның және тұздардың құрамын анықтау.

А-Спутнигі - бұл өлшеу қондырғысы, ұңғыларды өлшеуге автоматты түрде қосуға, сондай–ақ Спутникке қосылған ұңғылар шығымын автоматты өлшеу үшін, сұйықты беру шамасына қарай ұңғы жұмысын қадағалауға (бақылауға) және апаттық жағдай кезінде ұңғыны автоматты түрде ажыратуға арналған. А-Спутнигі екі блоктан тұрады: өлшеу – қосқышынан және жергілікті автоматика блогынан (ЖАБ). Бұларда, ұңғының өлшенген шығымы автоматты түрде тіркеліп және ұңғылар өлшеуге қосылады. А-Спутнигі берілген қатаң уақыт аралығында, ұңғыларды өлшеуге кезек–кезегімен қосылуын қамтамасыз ететін берілген бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Ұңғыларды өлшеу ұзақтығын жергілікті автоматика блогында (ЖАБ) орнатылған уақыт релесінің көмегімен анықтайды.

Б-40-Спутнигі ұңғыларды берілген бағдарлама бойынша өлшеуге автоматты түрде қосуға және ұңғылар шығымын автоматты өлшеуге арналған. Б-40-Спутнигі А-Спутнигімен салыстырғанда анағұрлым жетіл-дірілген, себебі онда мұнай ағынындағы судың пайыздық мөлшерін үздіксіз анықтап отыратын мұнайдың автоматты ылғал өлшеуіші орнатылған, сондай-ақ гидроциклонды айырғыштағы мұнайдан бөлінетін еркін газдың мөлшері турбиналы шығын өлшегіш көмегімен автоматты өлшенеді. Сұйықтың турбиналы шығын өлшегіші (ТОР) гидроциклонды айырғыштың технологиялық сыйымдылығындағы сұйық деңгейінен төмен орнатылған. Б-40-Спутнигінің көмегімен суланған және суланбаған ұңғылардың шығымдарын жеке өлшеуге болады.

В-14-Спутнигі ұңғыларды берілген бағдарлама бойынша өлшеуге автоматты түрде қосуға және еркін газдың шығымын автоматты өлшеуге арналған. В-14-Спутнигінің көмегімен сұйықтардың шығымын өлшеуге болады. В-Спутнигінің кемшілігі мынада, яғни парафинді мұнайларды өлшеу кезінде тарирлі сыйымдылыққа жиналған парафиндер оның анықтау дәлдігін едәуір төмендетуі мүмкін.

Мұнайдағы су мөлшерін анықтауда, мұнай мен судың диэлектрлік қасиеттерінен су-мұнай қоспасының диэлектрлік өткізгіштігінің тәуелділігіне негізделген мұнайдың сулануын өлшеудің жанама әдісі көбірек тараған. Бізге белгілі болғандай, сусыз мұнай диэлектрлі болып табылады, және оның диэлектрлік өткізгіштігі ε=2,1÷2,5 , ал бұл көрсеткіш (яғни, диэлектрлік өткізгіштік- ε) минералданған қабат суларында 80-ге дейін жетеді.

Нақты жағдайларға байланысты мұнай және газды жинау жүйесінде ұңғы өнімдерін өлшеу және мұнайдағы судың, механикалық қоспаның және тұздардың құрамын анықтау.

өлшеу үшін әртүрлі автоматтандырылған қондырғылар қолданылады:

 ТӨҚ – топтық өлшеу қондырғылары;

 АТҚ – автоматтандырылған топтық қондырғылары;

 АТӨҚ – автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғылары;

 «Спутник» түріндегі блокты автоматтандырылған өлшеу

қондырғылары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]