- •Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір.
- •Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған?
- •Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған? Келесі қысқартуларды мдқ, сдқ, гдқ сипатта.
- •Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған ? Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?
- •Жоғары парафинді мұнайды жинау жүйесі. Парафин шөгінділерімен күресу әдістерін атаңыз.
- •Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді ? Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.
- •Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді. Қарапайым құбырлардың гидравликалық есебінде қандай параметрлер анықталады?
- •Кәсіпшілік құбырларын пайдалану кезіндегі қиыншылықтар.
- •Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері. Минерализациясы, қаттылығы, рН сутекті иондарының құрамдық көрсеткіштері, судың тығыздығы мен тұтқырлығы, коррозиялық белсенділігі?
- •Қандай заттар табиғи эмульгаторлар болып табылады? Мұнай эмульсиясының беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?
- •Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.
- •Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі? Қарапайым құбырлардың гидравликалық есебінің негізіне қандай теңдеулер қойылған ?
- •2. Мұнай эмульсияларын бұзу әдістері: гравитациялық салқын бөлу, құбыр ішіндегі деэмульгация, центрифугалау, фильтрациялау, электродегидрация.
- •Мұнай кен орындарының өлшемі мен пішініне байланысты жинау жүйелерін сипаттаңыз.
- •Мұнай құрамына қандай көмірсутектері кіреді ? Деэмульгаторлардың негізгі түрлерін атаңыз.
- •Мұнай эмульсияларын бұзу әдістері: гравитациялық салқын бөлу, құбыр ішіндегі деэмульгация, центрифугалау, фильтрациялау, электродегидрация.
- •Мұнай эмульсиясының табиғи тұрақтандырғышы; Мұнай эмульсиясының “ескіруі” дегеніміз не және ол қандай факторларға байланысты болады?
- •Мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлер әсер етеді?
- •Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар. Деэмулсацияның үш негізгі сатысын атаңыз.
- •Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?
- •Мұнайды эмульсиясыздандырудың қандай тәсілдерін білесіз?
- •Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай жүргiзедi? Мұнайдың қандай қасиетін тиксотропия деп айтады ?
- •Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не, Резервуардың ішкі элементтерін сипатта?
- •Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не? Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай жүргiзедi?
- •Резервуарлардың міндеті және жіктелуі. Тік болат резервуарлардың жабдықтары. Резервуарларды тазалау және жөндеу?
- •Резервуарлардың міндеті және жіктелуі. Тік болат резервуарлардың жабдықтары.
- •Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және олардың қызметi?
- •Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?
Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір.
Қазіргі уақытта мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін өлшеуге арналған автоматты құрылғылары: А-Спутнигі, Б-Спутнигі және В-Спутнигі кеңінен қолданылады. Олардың жұмыс принципі бірдей. Қондырғылар бір-бірінен келесі көрсеткіштері бойынша ерекшеленеді: жұмыс қысымымен, қосылатын ұңғы санымен, ұңғылардың максималды өлшенетін шығымымен, өлшенетін параметрлер санымен, қолданылатын жабдықтар мен аспаптардың жинақтылығымен. «Спутник» түріндегі қондырғылардың басты айырмашылығының ерекшелігі – блокты жасалуы және жинақталған түрде жеткізілуі, бұл олардың индустриялдық әдістермен жөндеп құрастырылуына мүмкіндік береді. Қондырғылар екі жабық қыздырылу блогынан тұрады: технологиялық және аппараттық.
А-Спутнигі - бұл өлшеу қондырғысы, ұңғыларды өлшеуге автоматты түрде қосуға, сондай–ақ Спутникке қосылған ұңғылар шығымын автоматты өлшеу үшін, сұйықты беру шамасына қарай ұңғы жұмысын қадағалауға (бақылауға) және апаттық жағдай кезінде ұңғыны автоматты түрде ажыратуға арналған.
А-Спутнигі екі блоктан тұрады: өлшеу – қосқышынан және жергілікті автоматика блогынан (ЖАБ). Бұларда, ұңғының өлшенген шығымы автоматты түрде тіркеліп және ұңғылар өлшеуге қосылады. А-Спутнигі берілген қатаң уақыт аралығында, ұңғыларды өлшеуге кезек–кезегімен қосылуын қамтамасыз ететін берілген бағдарлама бойынша жұмыс жасайды. Ұңғыларды өлшеу ұзақтығын жергілікті автоматика блогында (ЖАБ) орнатылған уақыт релесінің көмегімен анықтайды.
В-Спутнигі бұл А-Спутнигі сияқты ұңғыларды берілген бағдарлама бойынша өлшеуге автоматты түрде қосуға және еркін газдың шығымын автоматты өлшеуге арналған.
Ұңғылардың шығару желілерінде (выкидная линияда) парафин жиналған жағдайда, оларды тазалау үшін ұңғы сағасынан бастап резиналы шарларға арналған сыйымдылыққа-2 дейін мұнай ағынымен ығыстырылатын резиналы шарларды қолдану қарастырылған .
В-Спутнигінің кемшілігі мынада, яғни парафинді мұнайларды өлшеу кезінде тарирлі сыйымдылыққа жиналған парафиндер оның анықтау дәлдігін едәуір төмендетуі мүмкін.
Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған?
Берілген кенорнының арнайы ерекшеліктерін ескере отырып мұнай кенорнын тұрғызуды жобалау кезінде қолданады және келесі шарттар қарастырылады:
мұнай, газ және суды жинау мен тасымалдау үрдістерінің толық саңылаусыздығы;
ұңғылар өнімінің АТӨҚ-да газ бен сұйыққа бөлінуі және әрбір ұңғы бойынша олардың мөлшерін өлшеу;
суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;
ұңғы өнімдерін дайындау және оны одан әрі өңдеу үшін мұнай жинау коллекторларын пайдалану;
мұнайдан газды сапалы түрде айыру;
ақаба (сточный) суды дайындау және оларды ҚҚҰ жүйесіне беру;
мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау (сусыздандыру және тұзсыздандыру);
тауарлы мұнайдың мөлшері мен сапасын дәл автоматты өлшеу;
Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған? Келесі қысқартуларды мдқ, сдқ, гдқ сипатта.
Мұнай өндіруші аудандардағы мұнай, газ және суды жинау мен дайындау комплекстерінің жетілдірілген жүйелерін осы саладағы соңғы жетістіктер мен ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жасап және толықтырулар негізінде, сонымен қатар мұнай кен орындарын жобалау, тұрғызу және пайдаланудағы отандық пен шет елдік тәжірибелерге сүйене отырып Гипровостокнефть және ВНИИСПТнефть институттары жасады. барлық жүйелер жетілдірілген технологиялық сұлба түрінде берілуі мүмкін. Бұны, берілген кенорнының арнайы ерекшеліктерін ескере отырып мұнай кенорнын тұрғызуды жобалау кезінде қолданады және келесі шарттар қарастырылады:
мұнай, газ және суды жинау мен тасымалдау үрдістерінің толық саңылаусыздығы;
ұңғылар өнімінің АТӨҚ-да газ бен сұйыққа бөлінуі және әрбір ұңғы бойынша олардың мөлшерін өлшеу;
суланған және суланбаған мұнайды бірге немесе бөлек тасымалдау;
ұңғы өнімдерін дайындау және оны одан әрі өңдеу үшін мұнай жинау коллекторларын пайдалану;
мұнайдан газды сапалы түрде айыру;
ақаба (сточный) суды дайындау және оларды ҚҚҰ жүйесіне беру;
мұнайды тауарлы сапаға дейін дайындау (сусыздандыру және тұзсыздандыру);
тауарлы мұнайдың мөлшері мен сапасын дәл автоматты өлшеу;
Игерудің нақтылы жағдайында қандайда болмасын технологиялық үрдістерді қолдану. жобалаушы мекеменің технологиялық және экономикалық есептерімен негізделеді.
Мұнайды дайындауға (МДҚ) арналған құрылымдар жиынтығы:
А-1 (С-1) – 1-ші сатылы айырғыш;
А-2 (С-2) – 2-ші сатылы айырғыш;
А-3 (С-3) – 3-ші сатылы ыстық айырғыш (яғни, соңғы айырғыш);
Т-1 (О-1) – алдын-ала сусыздандыру тұндырғышы;
Т-2 (О-2) – тереңірек сусыздандыру тұндырғышы
П-1 – эмульсияны қыздыруға арналған пеш;
ТТ – тамшы түзгіш;
А – сусызданған мұнайды алдын-ала тұзсыздандыру үшін оны тұщы сумен араластыруға арналған араластырғыш;
Э – тереңірек тұзсыздандыруға арналған электродегидратор;
Р-1 – тауарлы мұнайды қабылдауға арналған резервуарлар;
А – мұнайдың мөлшері мен сапасын өлшеуге арналған автомат;
МС – мұнайды айдауға арналған сораптар.
Суды дайындайтын (СДҚ) және шламды дайындауға (ШДҚ) арналған құрылымдар жиынтығы:
ТБ (БО) – МДҚ-нан келетін суды тұндыру блогы;
АМҚБ (БОН) – ауланған мұнайды қабылдау блогы;
МГЦ – Ағынды (сточный) сулардан (әсіресе жауын-шашын суларынан) механикалық қоспаларды бөлуге арналған мультигидроциклон;
АҚБ (БОС) – буферлі сыйымдылықтан ағындарды қабылдайтын және айдайтын блок;
ШС (ЕШ) – шламға арналған сыйымдылық;
СГБ (БДВ) – суды газсыздандыру блогы;
СШӨТ (УЗРВ) – су шығынын өлшейтін торап;
Р-2 – таза қабат суларының резервуары;
СС (НВ) – таза қабат суларына арналған сораптар.
