Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
rele_zhauaptar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.44 Mб
Скачать

1.Релелік қорғаныс дегеніміз не?

Уақытында іс-шаралар қолдансақ, қауіпті жағдайдың алдын алуға болады (мысалы, көтерілген ток немесе кернеуді төмендетсек болғаны). Егер қондырғы немесе жүйеде қауіпті режим пайда болса, онда оны дер кезінде берілген уақыттарда өшіріп тастау керек. Ал, бұл автоматты құрылғы арқылы ғана жүзеге асады. Осы себептен электр жабдықтарын және оның элементтерін қауіпті жағдайлардан және бір қаліпті емес режимдерден автоматты құрылғылар арқылы қорғайды. Бірінші кезекте автоматты құрылғы (қорғаныс) ретінде балқымалы сақтандырғыштар қолданылды. Кейін қорғаныс құралы ретінде электрлі автомат- релесі арқылы қолданылды. Сондықтан қорғаныс құрылғыларды жасауда релелі пайдаланғандықтан, оны релелік қорғаныс деп атады. 

2.Релелік қорғаныстың негізгі мақсаты.

Релелік қорғаныстың басты мақсаты - ҚТ-дың пайда болған жерін жəне бұзылған құрылғылардың тез арада сөндіргіштерін өшіру немесе электр қондырғының не болмаса желінің бұзылмаған бөлігінен ажыратуда болып табылады.

3.Релелік қорғаныстың қосымша мақсаты.

релелік қорғаныстың екінші мақсаты болып – құрылғылардың қалыпты режімінің бұзылу себебін, апатқа əкелуге болатын жəне қызмет етуші ұжымының ескерту сигналдарын көрсетуі арқылы немесе құрылғыны белгілі бір уақыт ұстамымен сөндіруі болып табылады. ТПЕ-нің талабы бойынша электр стансалардың күштік құрылғылары, қосалқы стансалары жəне де электр желілері ҚТ-дан жəне қалыптан тыс жұмыс режімдері бұзылуынан релелік қорғаныстағы құрылғылармен қорғалынуы қажет.

4.Релелік қорғаныстың тезәрекеттігі дегеніміз не?

Тезəрекеттілігі - бұл қасиет қорғаныстың минималды уақыт төзімділігіндегі бұзылуды сөндіру. Жоғарыда айтылғандай, бұзылған құрылғыны тез арада сөндіру немесе электр қондырғының бөлігі тоқтатылады немесе бұзылудың өлшемін кішірейтеді; бұзылмаған қондырғының бір бөлігін тұтынушыларға қажетті қалыпты жұмысын сақтайды; генераторлардың параллель жұмысының бұзылуын тоқтатады. ҚТ тогының көп ағын кету салдарынан құрылғының бұзылмаған бөліктері, желілер, трансформаторлар бұзылуы мүмкін, олар арқалы ҚТ тогы ағып жатқан кезде термиялық қызу пайда болады.

5.Релелік қорғаныстың талғаулығы дегеніміз не?

Талғаулығы дегеніміз - релелік қондырғысының бұзылу орнын табу қасиеті жəне оны тек қана оған жақын орналасқан сөндіргіштер арқылы өшіруді айтамыз (1.1 сурет)

Сурет 1.1 - Релелік қорғаныстың талғаулық принципін түсіндіретін электр

қондырғының схемасы

Сөйтіп, ҚТ кезіндегі К1 нүктесінде апатты дұрыс жою үшін тек қана Q1 сөндіргішіне ғана əсер етуі жəне сол сөндіргішті өшіру қажет. Сол кезде электрлік қондырғының қалған бұзылмаған бөлігі жұмыс істеу қалпында қалады. Осындай қорғаныс əрекеті талғаулық деп аталады.

6.Релелік қорғаныстың сезгіштігі дегеніміз не?

Сезімталдық - ҚТ-дағы жүйенің минималды жұмыс режімі бойынша қорғалатын учаскенің соңында іске қосылуы. Дұрыс есептелген қорғаныс берілген электрлік қондырғы немесе электр желісі қалыпты жұмыс режімінің əртүрлі бұзылуы мен зақымдануына қажетті сезімталдыққа ие болуы керек, сонда ол бұзылудың бастапқы кезінде іс-əрекетке қосылып, бұзылу аумағын ҚТ-мен бірге кішірейтеді. Қорғаныстың сезімталдығы сонымен бірге аралас учаскілерінің бұзылуы кезінде қамтамасыз етуі қажет. Сөйтіп, мысал, егер К1 нүктесінде бұзылу пайда болған болса (1.1-сурет), қандайда бір себептен Q1 сөндіргіші өшпесе, қорғаныс келесі қорек көзіне жақын Q4 сөндіргішін өшіруі қажет. Осындай қорғаныстың əрекетін аралас немесе келесі аумақтың алыстық резервтеу деп айтамыз. Қорғаныстың сезімталдығы сезімталдық коэффициентімен бағаланады, ол қадағалайтын учаскенің соңындағы ҚТ-дағы минималды мəнінің қорғаныстың тағайыншама мəніне қатынасымен анықталады Кс f 1 . Сезімталдық коэффициенттері ПУЭ-де ортақтасады, олардың нормалық мəні ҚТ үшін қорғалатын аумағында Кс =1.5, резервтік Аумағында Кс =1.2, ал тезəрекеттік дифференциалды қорғаныстар үшін Кс =2 болуы қажет.

7.Релелік қорғаныстың сенімділігі дегеніміз не?

Сенімділік - бұл қорғаныс қасиеті, барлық пайдалану кезең бойымен өз функциясын міндетті түрде орындауын айтамыз. Қалыпты жұмыс режімінің бұзылған кезінде немесе зақымдалғанда қорғаныстың көмегімен сөндіргіштер əрдайым дұрыс өшірілуі қажет. Қорғаныс құрылғысының талап ету жағдайы релелік қорғанысының жоспарлы тексеруімен қолданылады, олардың пайда болған ақауларын тауып, жою керек. Қазіргі уақыттағы микропроцессорлар мен микроэлектрондық қорғаныс құрылғыларында автоматтық жəне тесттік тексеру жүйелері бар, олар пайда болған зақымдануды тауып жəне соның алдын алуын қадағалайды.

8.Электр жабдықтардағы қысқа тұйықталудардың түрлері.

ҚТ-дың негізгі түрлері 3.1 суретте көрсетілген.

3.1 сурет - Қысқа тұйықталудың негізгі түрлері: а- үшфазалы; б-екіфазалы; в-жерге екіфазалы; г- бірфазалы.

Үшфазалы қысқа тұйықталу. Симметриялы үшфазалы ҚТ бүлінудің ең оңай есептелу мен талдау түрі.ҚТ орында да, əр басқа торап нүктесінде де барлық фазаның ток пен кернеу мəндері тең деп есептеуге болады.

Екіфазалы қысқа тұйықталу. Əртүрлі фазада кернеу мен ток екіфазалы қысқа тұйықталуда бірдей емес. В жəне С фаза арасындағы екіфазалы қысқа тұйықталуға сипатталған ток пен кернеу қатынасы.

9.Электр жабдықтардағы қалыптан тыс режимдердің түрлері.

Бейтараптама оқшауламаланған тораптағы бір фазалы жерге тұйықталу. Жерге тұйықталу токтары аз тораптарда, оған 3-35 кВ бейтараптама оқшауламаланған немесе бейтараптама жерге доға өшіретін реакторы арқылы қосылып жұмыс істейтін тораптар жатады, ҚТ тоғына қарағанда бір фазалы тұйықталу едəуір кішкентай токпен өтеді. Бір фаза жерге тұйықталу кезінде бүлінген фазасының фазалық кернеуі (Ua 4.1 суретте) жерге байланысты нөлге тең болады, ал бұзылмаған фазалардың кернеулері Ub жəне Uc 1,73 есе артады жəне фазааралық мəніне тең болады.

Басқа қалыптан тыс жабдықтың режімдері. Жабдыққа асқын жүктеме түсуінен токтың номиналдық мəнінен жоғары көбеюіне əкеледі. Номиналь деп токтың максималь мəнін, шектелмеген уақытқа дейін осы жабдық үшін рұқсат етілген. Егер де жабдықтан өтетін I ток номиналь мəнінен асса, онда оның қосымша жылу бөліну арқасында ток өткізу бөлігінің жəне оқшауламаның температурасы біраз уақыттан кейін рұқсат етілген мəнінен асады, бұл оқшаулама мен токты өткізу бөлігін тез ескіруіне əкеледі.

Кернеудің жоғарлауы. Генераторларда, трансформаторларда, жоғары кернеулі желілерде əдетте пайда болады жəне де тораптарға берілуі мүмкін. Тарату тораптарда кернеудің жоғарлауына қосымша себебтер пайда болады: РПН-ың дұрыс жұмыс істемеуі, жүктеменің кенет азайғанда сыйымдылық қарымталауының əсер етуі.

Кернеудің төмендеуі. Бұл көбінесе электр қозғалтқыштарға қауіпті, өйткені олар моменттің қажетті мөлшерін ұстау үшін тоқты тұтынуын жоғарлады, ал бұл оларды токтың асқынуына жəне істен шығуына əкеледі.

Екі фазамен жұмыс істеу режимі. Ол фаза үзулгенде көректендіретін тораптарда болады. Мұндайда, қозғалтқыштар жұмыс істеуі мүмкін, егер олардың əрекеттік моменті жеткілікті болса немесе тоқтап қалады. Екі жағдайда да ток күрте өседі, бұл қозғалтқышты асқын жүктемеге жəне оның істен шығуына əкеп соғады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]