- •Аңдатпа
- •1.Құйылатын бөлшектің сипаттамасы мен оның қызметтерінің шарттары
- •2. Құйма материалы және оның қасиеттері
- •3. Құйманың технологиялылығын талдау
- •3.1 Құйылған бөлшекті өндіріс әдісіне негіздеу
- •3.2 Технологиялық конструкцияны бағалау
- •4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
- •5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау
- •6.Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу
- •7. Технологиялық есептер
- •7.1 Құюжол жүйесінің есебі
- •7.2 Қосылманың есебі
- •8. Опоканы таңдау
- •9. Пешті таңдау
- •10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю, қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеу
- •11. Құймалардың сапасын бақылау
- •12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою
- •4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
- •5. Құю қалыптары мен өзектер
- •7. Құю үлгілі әбзелді таңдау
11. Құймалардың сапасын бақылау
Құйманың ақауы бойынша олардың сапасын бақылайды. Ақаулар сыртқы (құмдық қаяу, қиғаштық, толық құйылмау, т. б.) және ішкі (шөгіндік және газдық қаяу, жарықтар, т. б.) болып екіге бөлінеді. Құймадағы ашық немесе жабық қуыстарды құмдық қаяу деп атайды. Олар қораманы жеткілікті тығыздамаудан, қорама мен өзек беріктігінің кішкентай болуынан және басқа себептерден пайда болады.
Бір жақтың екінші жаққа қатысты ығысуын құйманың қиғаштығы деп атайды. Осыған мыналар әкеледі: қораманы дәл құрастырмау; модель мен өзектік жәшіктегі өзектің белгіленген бөлімдерінің сәйкес келмеуі.
Құйманың және құюжолы жүйесінің дұрыс емес құрылымынан және құю температурасының төмен болуынан құйманың жеке бөлімдерінің толмауын толық құйылмау деп атайды.
Кедір-бұдырлы беті және ірі кристаллитті құрылымы бар құйманың денесіндегі қуыстарды шөгіндік қаяу деп атайды. Осы ақау мынадай себептерден пайда болады: ірі габаритті құймаларды балқымамен жеткілікті қоректендірмеу; құю температурасының тым жоғары болуы; құйма құрылымының технологиялық болмауы.
Тегіс беті бар құйманың денесіндегі қуыстарды газдық қаяу деп атайды. Қорамаға балқыманы құйған кезде осы ақау мынадай себептермен пайда болады: газбен қаныққан балқыманы қорамаға құю; жоғары ылғалдылығы бар қорамалау қоспасын қолдану, т. б.
Құйма денесіндегі жарықтар деп құюжол жүйесін дұрыс емес дайындау, аса қыздырылған балқыманы құю себептерінен және технологиялық процестің басқа ауытқуынан пайда болған ақауларды айтады.
Құймадағы ақауларды көзбен шолып, люминесцентті бақылап, магнитті немесе түсті ақаукөргіштік, рентгенскопия, гамма-ақаукөргіштік, ультрадыбыс және басқа тәсілдер көмегімен анықтайды.
Құймадағы ақауларды оңдаудың бірнеше тәсілдерін қолданады. Сылап бітеумен немесе қоюжақпамен құйманың шамалы беттік ақауларын декоративті түзетеді. Құйманың кеуектілігін жою үшін әртүрлі құраманы оған сіңіреді.
Құйманың ары қарай өңделмейтін бетінде пайда болатын ақауларды (қаяулар, жарықтар және өтпелі тесіктер) газ немесе электр пісіру әдістері көмегімен жояды.
12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою
Қосымшалар
Қорытынды
Металдан жасалған дайындамаларды және тетіктерді жасаудың негізгі тәсілдері болып құю, қысыммен және кесумен өңдеу саналады. Күрделі пішіні бар бұйымдарды, алдын ала құюмен немесе қысыммен өңдеп жасалған тетіктерді пісіріп, дәнекерлеп немесе тойтарып жасауға болады.
Машиналардың көптеген дайындамалары мен тетіктерін ұнтақты металлургия тәсілдерін қолданып жасайды.
Құю өндірісі машинажасаудың бір саласы болып саналады. Құю өндірісінің мақсаты, сұйықаққыштыққа иемденген металдар мен қорытпалардан массасы, өлшемі мен пішіні әртүрлі болатын бұйымдарды (соның ішінде ішкі қуысы бар бұйымдар) жасау. Жасалатын көптеген машиналарда, құйылған тетіктің үлесі орташа 40...50 %, ал оларды жасаудың бағасы 10...15 % құрайды. Құйған кезде металдық балқыманы бұрынырақ дайындалған құю қорамасына құяды. Осы құю қорамалары бір рет қолданылатын немесе тұрақты пайдаланылатын болып екіге бөлінеді. Бір рет қолданылатын қорамада құйманы жасап, одан кейін оны қиратады, ал тұрақты қорама көптеген құйманы өндіруге жарамды. Құю тәсілін таңдау, тетіктің жұмыс істеу жағдайымен, өндіріс бағдарламасымен, экономикалық қажеттілікпен, тағы да талап қойылатын дәлдікпен және құйманың бетінің сапасымен анықталады. Құйманың көптеген бөлімі құмдық қорамаға құюмен жасалынады. Кейбір жағдайда бұл құймалар қойылатын талапты қанағаттандырмайды. Сондықтан құюдың мынадай арнайы тәсілдерін қолданады: қабыршықты корамаға құю; балқытылатын модельдер бойынша құю; металдан жасалған қорамаға, яғни кокильге құю; қысыммен құю;реттелетін қысыммен құю; центрден тепкіш тәсілмен құю; электрқажылы құю. Құйманы жасағанда қолданылатын технологиялық процестің негізгі операцияларын мынадай негізгі 3 топқа біріктіруге болады: қорамалау; балқыту және құю; құймаларды қағымдау және тазалау.
Құйманың сызбасын жасау
Құйманың сызбасын орындамас бұрын, құйған кездегі қорамның орналасуын, қорам бөліктерінің ажырама бетін,механикалық өңдеуге белгіленетін және технологиялық әдіптер мөлшерін анықтау қажет.
Құймадан жасалған тетікті пайдаланғанда жауапты қызмет жасайтын және айтылған құйманы өңдегенде бетінің тазалығына үлкен талап қойылатын беттерді төмен қаратып, құю қорамасын орналастыру ұсынылады. Ішкі және сыртқы беттері өңделетін цилиндр пішінді құймаларды (айналдырықтар, атанақтар, цилиндрлер, т. б.)
жасағанда, модельдің ажырама бетін көлденең орналастырып қарамалауды жүргізу керек, ал қорамаға сұйық металды құярдың алдында, оны тік жайға аудару керек. Осылай орналастырғанда металдағы бөтен қоспалар жеңіл жоғары көтеріліп, оңай алынып тасталады.
Негізінен қорамалар екі немесе одан көп жартықорамалардан (айтылып жатқан қораманы жасауды жеңілдету үшін және керекті сапаны қамтамасыз ету үшін) тұратын болғандықтан, қораманың ажырама жазықтығын таңдау қажет.
Таңдаған уақытта мыналарды ескеруіміз керек:
1. Ажырама жазықтықта қарапайым пішін болуы керек және ол құю қорамын кішкентай биіктікпен жасауға және осы қорамның ішкі қуыстарына жеңіл жақындауға мүмкіндік беруі қажет. Бұл қарамалауды ыңғайлы жүргізуге және қорамадан модельді кедергісіз шығаруға керекті.
2. Құйма немесе оның үлкен бөлігін астыңғы жартықорамда орналастырған дұрыс. Үстіңгі жартықорамда құйманың тек жауапты емес бөлімдерін орналастыру керек.
3. Саны аз құю өзектерін қолданған дұрыс немесе олардың орнына топырақтан жасалған кеспелтекті қолданған жөн. Негізгі өзектерді төменгі жартықорамда орналастыру қажет. Өйткені оларды осы жартықорамға берік, сенімді және ыңғайлы бекітуге болады.
