- •Аңдатпа
- •1.Құйылатын бөлшектің сипаттамасы мен оның қызметтерінің шарттары
- •2. Құйма материалы және оның қасиеттері
- •3. Құйманың технологиялылығын талдау
- •3.1 Құйылған бөлшекті өндіріс әдісіне негіздеу
- •3.2 Технологиялық конструкцияны бағалау
- •4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
- •5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау
- •6.Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу
- •7. Технологиялық есептер
- •7.1 Құюжол жүйесінің есебі
- •7.2 Қосылманың есебі
- •8. Опоканы таңдау
- •9. Пешті таңдау
- •10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю, қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеу
- •11. Құймалардың сапасын бақылау
- •12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою
- •4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
- •5. Құю қалыптары мен өзектер
- •7. Құю үлгілі әбзелді таңдау
9. Пешті таңдау
Мен өз материалымды балқытуға УИ-0.25Т-250 индукционды балқыту пешін таңдадым. Таңдап алған балқыту пешінің сипаттамасы:
Сыйымдылығы-250 кг.; балқыту уақыты-60 мин.; қуаты-250 кВт.;
Сыйымдылығы – 1500кг,күші – 300кВт, өнімділігі – 1000 кг/сағ дейін, ПӘК -85 %, электр энергиясының шығыны – 0,57 кВтсағ/кг, отқа төзімділігі – 250 ретке дейін болатын индукционды тигельді пеш таңдап алдым.
Таңдалған пештің артықшылықтары:
1) Металдық шихтаны балқыту процесі электр энергиясын үнемдейтін және жылытатын элемент ретінде қолданылатын металдық тигельде жүргізіледі;
2) Балқыту ыдысының биіктікке қатысы – минимальды;
3) Араластыру процесі электродинамикалық күштердің әсерінен автоматты түрде жүргізіледі. Ол балқыма құрамының біркелкі болуын қамтамасыз етеді;
4) Жұмыс қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайы.
Сұр шойын қорытпасын балқыту кезінде сутегімен қанығуын және тотықтанбауын қадағалау қажет. Қадағаламаған жағдайда бет кедір – бұдырлығына әкелуі мүмкін. Берілген жұмыста балқыту стационарлық тиглдерде монопроцесс арқылы жүзеге асады.
Балқыту алдында шихталық материалдар коррозиядан, май және басқа да қалдықтардан тазартылуы қажет. Шихталық материалдарды жүргізу келесі тәртіппен орындалады: көміртек, кремний, марганец, фосфор. Легірленген элементтерді қосқаннан соң қорытпаны 5–6 минут араластырып, химиялық құрамын анықтау үшін сынама алынады.
Тиглде шихта 400 – 500о С дейін қыздырылады. Содан соң шихтаның 10 % мөлшерде ВИ – 2 флюсы салынады. Флюс еріген соң, ерітіндіге шихта аз мөлшерде салынады. Ерітіндіні 700 – 720оС қыздырамыз. Қызған ерітіндіні 10 – 15 минут тұрғызып, құя беруімізге болады.
10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю, қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеу
Металл құйып жасап алу үшін қолданатын қалыптардың көп таралған және әмбебап түрі бір қолданбалы қалыптар болып есептеледі. Бір қолданбалы – деп аталатын себебі – ішіндегі құйманы шығарып алу үшін қалыпты бұзуға тура келеді. Демек, қалып бір – ақ мәрте қолданылады, ал келесі құйма үшін қалып қайта жасалу керек. Бір қолданбалы қалыптар балшық араластырған құмнан жасалады: құм (кварц құмы) – қалыпты отқа төзімді ету үшін, балшық - құм түйіршіктерін біріктіру үшін қосылады. Қалып қоспасын дайындар алдында балшықты су қосып езіп алады.
Қалып жасау үшін арнаулы құрал-жабдықтар қажет. Оларға үлгі, опока және әртүрлі саймандар жатады.
Үлгі металдан, ағаштан немесе пластмассадан жасалуы мүмкін. Үлгі құйма бойынша жасалады, себебі – үлгінің өлшемдері алдымен қалыпқа, одан кейін құйылған металға көшеді. Дұрыс жасалған үлгінің бойында құймаға қарағанда мынадай өзгешелігі болу керек. Біріншіден, металдың суығанда шөгіп көлемін азайтатын қасиетін ескеріп үлгіні сәл үлкен етіп жасайды. Мысалы, сұр шойынның шөгу коэффициенті - 1%, болаттікі - 2%, түсті металдардың көбінде - 1,5% шамасында болғандықтан үлгінің өлшемдерін құйманың өлшемдерінен 1, 2 немесе 1,5%-ке (металына қарай) үлкейтіп алу керек. Екіншіден, тығыздалған қалыптан үлгіні тартып шығарып алғанда қалыптың ішкі қабырғасын зақымдап алмау үшін үлгінің тік қабырғаларын сәл көлбеу етіп жасайды. Көлбеулік шамасы үлгі қабырғаларының биіктігіне байланысты 0°30' - 3° аралығында болады.
Үшіншіден, құйманың жонып өңделетін беттері бар болса, онда үлгінің сол беттеріне әдіп қосып сәл қалың етіп жасайды. Бұл жердегі әдіп дегеніміз – құйманың жонып алынатын қабаты. Төртіншіден, жасалмақшы құйманың іші қуыс болып келсе, онда сол қуыстың тұсында үлгінің бүйірі шығынқы етіп жасалады. Үлгінің бұл шығыңқы бөлігін өзекшенің белгісі деп атайды.
Қорама мен өзектерді дайындау
Өзекше құйманың қуыстарын жасау үшін қолданылады. Өзекшені ажырамайтын тұтас және ажырамалы жәшіктерде салып дайындауға болады. Ең жиі кездесетін ажырамалы жәшіктер екі бөліктен тұрады да тиекшелердің, қапсырмалардың, ілгектердің көмегімен ұқыптап дәл және берік сенімді етіп жиналады. Өзекшені жасау жұмысы белгілі бір тәртіппен жүргізіледі (5.1 сурет).
Өзекше құйманың қуыстарын жасау үшін қолданылады. Өзекшені ажырамайтын тұтас және ажырамалы жәшіктерде салып дайындауға болады.
Ең жиі кездесетін ажырамалы жәшіктер екі бөліктен тұрады да тиекшелердің, қапсырмалардың, ілгектердің көмегімен ұқыптап дәл және берік сенімді етіп жиналады. Өзекшені жасау жұмысы белгілі бір тәртіппен жүргізіледі.
Өзекше жасайтын жәшіктің ішін тазалап, керосинге малынған матамен сүртіп, графит ұнтағын себелеп қондырады. Тиекшенің және тесіктің көмегімен жәшіктің екі жартысы дәлдеп жинақталады да қапсырмалармен қысып бекітіледі. Жиналған жәшікті көлденең тақтаға тігінен орнатып өзекше қоспасымен толтырып әбден тығыздайды. Беріктігі мен қатаңдығын күшейту мақсатымен өзекшенің ортасына сымтемір орналастырады.
Өзекшенің ашық бетін тегістегеннен кейін желдеткіш тесіктер жасалады. Дайын өзекшені жәшіктен босатып алып кептіруге жібереді. Қыздырғыш шкафтың ішіне қойып кептіру арқасында өзекше әбден қатайып беріктігі артады.
Қорамалау процесі
Қорамалау процесі, модель жинағын жасау, қорамалау мен өзектік қоспаларды дайындау, қорамалау мен өзектік элементтерді жасау және құю қорамасын жинау операцияларын өзіне қосады. Балқыту және құю процестерінде мынадай операцияларды іске асырады: балқыту пешін дайындау және тиеу операциялары; балқыту, құю қорамасына балқыманы құю. Құйма қатайып барып салқындағаннан кейін, құйманы қорамадан қағымдайды, тағы да құйманың құюжолын және қосылмасын өңдеумен кесіп алып тастайды. Ішкі кернеулерді алып тастау үшін және құйма металында
берілген құрылым мен механикалық қасиетті алу үшін айтылған құйманысәйкес термиялық өңдеумен өңдейді.
Қалыптау және өзекті қоспалар
Қалыптау қоспасының құрамы бірегей, құмды – сазды.
Қоспа құрамы :
-жанған жер– 60%;
- құм – 38%;
- қалыптау сазы – 2%;
-ылғалды күйдегі қоспаны қысқандағы беріктік 0,3-0,4 кгс/;
- қоспа ылғалдылығы 3,5-4% ;
- газөткізгіштік 65 бірліктен кем емес.
Өзек көміртекті бояумен боялады. Өзек қоспасының құрамы :
- жанған жер - 40% ;
- құм – 38% ;
- ағаш үгінділері – 18% ;
- сульфитті сілті – 2% ;
- өзектің кептіру температурасы 170-190⁰С ;
- ылғалды күйдегі қоспаны қысқандағы беріктік 0,3-0,4 кгс;
- қоспа ылғалдылығы 2-3 % ;
- газөткізгіштік 100 бірліктен кем емес ;
Құю өндірісінде, құю материалына (шойын, болат, түсті металдарды құю), құюдың алдындағы қораманың күйіне (беттері құрғақ, ылғал, кептірілген, т. б.), құюдың түріне (ұсақ, орташа, ірі құймалар) және кәсіпорында бар бастапқы материалдарға байланысты көптеген қормалауға арналған қоспаларды қолданады (жоғарғы жақты қараңыз). Кең қолданысты құмды-балшықты қоспалар тапты. Бұл қоспаларды былай ажыратады: қаптаушы, толтырушы және бірыңғай. Қаптаушы қоспаларды модельге 15–30 мм қалыңдықпен жабады. Олар жұмысшы бетті құрайды. Бұл қоспалар үлкен беріктіке, жақсы газөтімділік пен күйіп кетпеу қасиеттеріне иемденуі қажет.
Толтырушы қоспаларды қаптаушы қоспалардың үстіне жағады. Бұл қоспалардың беріктігі, қаптаушы қоспалардың беріктігімен салыстырғанда төмен. Қаптаушы қоспалар қымбат емес қорамалау материалы болып саналады. Өзектер – бұл құймада тесіктер мен қуыстарды жасау үшін қолданылатын қораманың элементі. Оларды қорамаға орнатып бекіту үшін, өзектік белгілер деп аталатын аяққы жақтағы қосымша шығынқы жерлерді қолданады. Өзек пен өзектік белгілер бір тұтас болып жасалуы керек. Бұл дәлдігі жоғары құйманы жасауға мүмкіндік береді. Егер өзек өте күрделі құрама пішінге иемденетін болса, онда оны қарапайым бөлшектерге бөліп, жасауды жеңілдетеді
Өлшемдерді, конустылықты және саңылаулар мөлшерлерін көрсетіп өзектің белгілерді сызбаға еңгізеді. ГОСТ - ке сәйкес өзектер контурлары бойынша штрихталады және СТ әріптерімен және 1,2,..., сандарымен белгіленеді. Осы белгілер, қораманы жинағанда өзектерді құю қорамасына орнатудың ретін көрсетеді.
Құрастыру және құю
Құю әдісі дайындама өндіру әдістерінің көп тараған түрі болып табылады. Құю әдісінде ішкі қуысының пішіні алынатын құймаға сәйкес болатын арнаулы қалыпқа балқыған металл құю арқылы құйма дайындамасы жасалады. Осылай алынған дайындама құйма деп аталады. Құйманы әртүрлі әдіспен алады: құм-балшық қалыпта, қабыршақ қалыпта, балқитын үлгі бойынша, кокильге құйып, қысыммен құю арқылы және т.б. Осы әдістерді таңдағанда жасалатын құйманың сапасына қойылатын талаптар, экономикалық тиімділігі сарапқа салынады.
Ең көп тараған әдіс - құм-балшық қалыпқа құйып құйма жасау. Оның себебі аталмыш әдістің басқалармен салыстырғанда қарапайым, әмбебап және арзан болуында.
Бірқолданбалы деп аталатын құм-балшық қалыпта құйма жасаудың технологиялық үрдісі мынадай кезеңдерден тұрады: құйма жасау технологиясын әзірлеу, үлгі жинағын жасау, қалып және өзекше қоспаларын дайындау, құю қалыбы мен өзекшелерді жасау, металл қорытпасын балқыту, қалыпқа металл құю, құйманы қағымдау, оны тазалау және сапасын бақылау.
Құйма жасау технологиясын әзірлеу кезеңінде құйманың сызбасын әзірлейді.
Құйманың сызбасын дайын бөлшек сызбасы бойынша әзірлейді. Осы сызбаны әзірлеу кезінде үлгінің ажырау бетін, қалыптау кезіндегі үлгінің орналасуын, металл құю кезіндегі құйманы жонуға арналған әдіп, металдың шөгу коэффициенті, өзекше белгісі, қалыптау көлбеулігі тағайындалып, құю жүйесі жобаланады. Құйма сызбасын әзірлеу соңында қалыпқа металл құю температурасы, қалып және өзекше қоспаларының құрамы және басқадай қажет болатын деректер беріледі.
Үлгі жинағын жасау кезеңінде құйма үлгісін, үлгі тақтасын және өзекше жәшігін жасайды.
Сонымен бірге опокалар, кептіргіш тақталар, шаблондар және т.б. құралдар дайындалады.
Қалып және өзекше қоспаларын дайындау кезеңінде осы қоспалардың құрамындағы материалдар өз тәртібімен араластырылып дайындалады.
Қалып қоспасының негізін құраушыларына кварц құмы, балшық, су және әртүрлі қосымша заттар жатады. Қоспа дайындау үшін араластырғыш жүгірткілер (бегун) қолданылады.
Қалып және өзекше жасау кезеңі. Құю қалыбын жасау үрдісін қалыптау деп атайды. Құю өндірісінде қолмен, машинамен және автоматпен қалыптау қолданылады. Қолмен қалыптауды жекелеген және ұсақ сериялы өндірісте – машинамен қалыптауды сериялы және ірі сериялы және жаппай өндірістерде қолданады. Қолмен қалыптауда тығыздағыштар, ал машинамен қалыптауда сілкілегіш, баспалаушы және т.б. машина түрлері пайдаланылады.
Өзекше жасау үшін өзекше жәшіктері немесе шаблондар қолданады. Дайындалған өзекшелерді арнаулы пештерде (кептіргіштерде) кептіріп, олардың беріктігін, газ өткізгіштігін жоғарылатып, газ бөлгіштігін азайтып алады. Қалып пен өзекшені жинастырмай тұрып олардың бетіне графит, тальк сияқты заттардың ұнтағын сеуіп, сол арқылы күйе жабысудың мүмкіндігін азайтады. Осыдан кейін қалыптың ішіне өзекшелерді орнатып (керек болса), жинастырған соң, қысып бекітеді. Жиналған қалып одан әрі металл құюға жіберіледі.
Металл қорытпаларын балқыту кезеңінде қажет болатын құрамдағы қорытпаларды пештерде балқытып қорыту орындалады. Балқыту пештері электр қуатымен, жалынмен қыздырылатын болып келеді.
Шойын және болат құйма жасауға арналған материалдар есебінде құйылма немесе қайта өңделетін шойындар, болат және шойын сынықтарын, ферроқорытпалар, отын және қождауыштар пайдаланылады. Түсті металдардан жасалатын құймаларға кесек түріндегі түсті металдар, лигатуралар, қождауыштарды алады. Осы материалдардың жалпылай атауы шикіқұрамдық материалдар деп аталады. Қождауыштар металл бойындағы кірінді, араласқан бөтен заттарды металл бетіне қож етіп шығаруға арналған.
Балқыған металдың құяр алдындағы температурасы қалыпты толық толтыруға мүмкіндік беретіндей жеткілікті деңгейде болуы керек. Осылай әбден қызған металды пештен шөмішке ағызып, қалыптарды құю учаскесіне жеткізеді.
Қалыптарды құю кезеңінде дайын тұрған қалыптарды сұйық металмен толтыру жұмысы атқарылады. Қалыпқа құйылған металл біртіндеп жылуын жоғалтып суынып, қатаяды.
Қалыптағы металл әбден қатайған соң қалыпты бұзып (қағымдап), ішінен құйманы шығарып алады. Қалыпты қағымдау үшін арнаулы қондырғылар – торлы дірілдеуіштер қолданылады. Қалыптан шыққан құймалардың құю жүйелерін бөліп, сыртқы беттеріп қырнап, қажап күйе жабысқан қоспа қалдықтырынан тазалайды. Құйманың сыртқы бетін тазалауға айналып тұратын барабан (даңғыра) қолданылады.
Кесу және тазалау
Қалыптарды кесу процесі құюжолдарды, қосылмаларды пневматикалық балғалар және пневматикалық қашаулар көмегімен сындырудан тұрады.Кесу ленталық араның көмегімен жүргізіледі.
Тазалау процесі қалыпта қалыптау және өзек қоспаларының қалдықтарын, күйген жерлерін, қоқыстарды тазалаудан тұрады.Тазалау құю камераларында жүзеге асады.
Құймаларды термиялық өңдеу
ГОСТ 1583 – 93 бойынша Т6 режимінде шынықтыру жүргізіледі. Ол үшін бөлшекті 535 ± 5о С қыздырып, 2 – 6 сағат бойы демалдырады. Содан соң 20 -100о С температура суда суытылады.
Жасыту 15 сағат бойында 175 ± 10о С температурада жүргізіледі.
