Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бибол новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.54 Кб
Скачать

3. Құйманың технологиялылығын талдау

Құйманың технологиялылығы деп құйма конструкциясының құю өндірісіне сәйкес келуін айтамыз. Құю технологиясының сонымен қатар механикалық өңдеу технологиясының барлық талаптарына жауап берген жағдайда ғана құю бөлшегі технологиялық болып табылады. Құйманың сапасы мен өндіріс шығындары құйылатын бөлшектің конструкциясының технологиялығына байланысты.

Технологиялықты бағалау төмендегідей жүргізіледі:

- құйманың барлық қимасындағы қабырға қалыңдығын тексеру;

- қабырғадан қабырғаға көшу;

- конструкцияның әртүрлі орындарындағы қимасының біркелкілігін тексеру;

- бөлшектің конструкциясын талдау;

Маған берілген қақпақ бөлшегінің қабырға қалындығы 12 мм басталып, 44 мм-ге дейін қалыңдыққа көшеді. Бөлшек негізгі бір тесіктен тұрады және қосымша кіші диаметрлі төрт тесік үшін орын беріледі.

3.1 Құйылған бөлшекті өндіріс әдісіне негіздеу

Бұл курыстық жұмыста Ст45 маркалы болаттан қақпақ бөлшегін құю талап етіледі.

Құю тәсілін таңдау бірқатар факторларға байланысты:

- құю материалына;

- құюманың салмағы, көлемі, құрылымына;

- дәлдік мөлшерлеріне және кедір - бұдырлығына;

- берілген зауыттағы өндіріс тәсіліне;

- экономикалық есептеулер нәтижесіне.

Құю материалы Ст45 көбіне аз жүктемеге ие материалдарды құюға арналған(жұдырықшалы жалғастырғыштар, төлкелер, шпиндельдер, бағыт- тауыш қабықшалар, плунжерлер, шлицелі біліктер және т.б бөлшектерді жасау үшін қолданылады). Өлшемдері мен салмағы орта . Элементтердің ішкі қуысына цилиндрлік беттерін, тесік және қабырғасының орташа күрделі конфигурациясы бар, қабырғасының қалыңдығы 44 мм. Өндіріс түрі жаппай өндіріс болып табылады. Құймаға қатысты технологиялық талаптарды ескере отырып, берілген құйманы құм балшық қалыпқа құямыз.

3.2 Технологиялық конструкцияны бағалау

Құмды-балшықты қалыпқа дайындаманы құюдың технологиялық үрдісін жасау өзіне бірнеше негізгі операцияларды қосады. Осы операциялардың негізгі болып мыналар саналады:

- құйма сызбасын жобалау;

- қалып моделінің және өзек жәшігінің сызбасын орындау;

- литник жүйесін есептеу;

- қосылманы жобалау;

- қорамжәшікті есептеу;

- жиналған қорама сызбасын орындау;

- қорама және өзекті жасайтын қоспаны таңдау;

- қорамалау машинасын таңдау;

- технологиялық үдерістің картасын құрастыру.

Құймаларды бірқолданбалы құм-балшық қалыптарда құюдың технологиялық процесі.

Кесте 3

Құймадан жасалған тетікті пайдаланғанда жауапты қызмет жасайтын және айтылған құйманы өңдегенде бетінің тазалығына үлкен талап қойылатын беттерді төмен қаратып, құю қорамасын орналастыру ұсынылады. Ішкі және сыртқы беттері өңделетін цилиндр пішінді құймаларды (айналдырықтар, атанақтар, цилиндрлер, т. б.) жасағанда, модельдің ажырама бетін көлденең орналастырып қарамалауды жүргізу керек, ал қорамаға сұйық металды құярдың алдында, оны тік жайға аудару керек. Осылай орналастырғанда металдағы бөтен қоспалар жеңіл жоғары көтеріліп, оңай алынып тасталады.

4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау

Жасалынатын құйманың үлкен көлденең беттерін жоғары жаққа орналастырмау керек. Өйткені қож және газ қаяуы, қосылма, тартылма сияқты құйма ақаулары осы беттерде жинықталып қалуы мүмкін.

Негізінен қорамалар екі немесе одан көп жартықорамалардан (айтылып жатқан қораманы жасауды жеңілдету үшін және керекті сапаны қамтамасыз ету үшін) тұратын болғандықтан, қораманың ажырама жазықтығын таңдау қажет. Құймадан жасалған тетікті пайдаланғанда жауапты қызмет жасайтын және айтылған құйманы өңдегенде бетінің тазалығына үлкен талап қойылатын беттерді төмен қаратып, құю қорамасын орналастыру ұсынылады. Ішкі және сыртқы беттері өңделетін цилиндр пішінді құймаларды (айналдырықтар, атанақтар, цилиндрлер, т. б.) жасағанда, модельдің ажырама бетін көлденең орналастырып қарамалауды жүргізу керек, ал қорамаға сұйық металды құярдың алдында, оны тік жайға аудару керек. Осылай орналастырғанда металдағы бөтен қоспалар жеңіл жоғары көтеріліп, оңай алынып тасталады.

Құйманы қорамада орналастырғанда жауапты бөлігін төменгі бетке орналастыру қажет екенін ескере отырып, құйманы төменгі опокада орналастырамын. Жоғарғы опокаға құюжол жүйесін талапқа сай әзірлейміз.