- •Аңдатпа
- •1.Құйылатын бөлшектің сипаттамасы мен оның қызметтерінің шарттары
- •2. Құйма материалы және оның қасиеттері
- •3. Құйманың технологиялылығын талдау
- •3.1 Құйылған бөлшекті өндіріс әдісіне негіздеу
- •3.2 Технологиялық конструкцияны бағалау
- •4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
- •5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау
- •6.Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу
- •7. Технологиялық есептер
- •7.1 Құюжол жүйесінің есебі
- •7.2 Қосылманың есебі
- •8. Опоканы таңдау
- •9. Пешті таңдау
- •10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю, қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеу
- •11. Құймалардың сапасын бақылау
- •12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою
- •4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау
- •5. Құю қалыптары мен өзектер
- •7. Құю үлгілі әбзелді таңдау
1.Құйылатын бөлшектің сипаттамасы мен оның қызметтерінің шарттары
Маған пішіні конусты болып келген «қақпақ» бөлшегі берілген. Құйма материалының маркасы СТ 45(Болат 45). Сонымен қатар бөлшек бекітпе тесіктері мен білік орналасатын негізгі тесіктен тұрады.
Қақпақ – машиналардың, механизмдер мен жабдықтардың механи- калық жүктеме салынбайтын, шаң-тозаң және зақымданудан қорғайтын қосалқы бөлшегі болып табылады
Сурет-1. Қақпақ. Болат(Сталь) 45
Қақпақ бөлшегі редуктор жетегінің таспалы конвейердің мойынтірек түйіндерінінің құрамына кіреді. Қозғалмай білікке орналасқан мойынтірек сыртқы сақинасын белгілеу үшін қызмет етеді. Бөлшек корпусқа ГОСТ 77696-70 бойынша төрт болтпен бекітіледі.
Бөлшек елеулі жүктемелерге ұшырамайды, жабық орында және өзіне тән шамалы жоғары температурада жұмыс істейді.
Корпустық бөлшектер — мойынтіректер, кронштейндер, кран корпусының, сорғылардың, редукторлардың қақпақтары, фланецтер және басқа да бөлшектер құю немесе штамптау арқылы дайындалады, тек жекелеген өңделген бетінің жолымен алынатын фрезерлеу, сүргілеу немесе бұрғылау оларды басты түрде бейнелейді, сондықтан негізгі өңделген беті (тірек) көлденең орналасқан.
2. Құйма материалы және оның қасиеттері
Құйма болаттары шойындар сияқты көпкомпонентті теміркөміртекті қорытпалар болып табылады. Көміртегінің мөлшері 2,14% –ға дейін. Алайда, өндірістегі болаттардың басым көпшілігінде көміртегі мөлшері пайыздың ондық немесе жүздік бөлігіндей ғана болады.
Болат құймаларды химиялық құрамы, құрылымы, қолданысы және балқыту тәсілі бойынша жіктейді.
Болаттардың жоғары құю температурасы (1550–1650 оС) қалып пен өзекшеге қолданатын қоспалардың отқа төзімділігін көтеруді талап етеді.
Ұсақ және орташа құймалардың құю жүйесі бүйірден немесе үстінен, ал ірі құймаларға астынан (сифонмен) құятын етіп келтіреді. Болаттың сұйықаққыштығы төмен болғандықтан сұр шойынды құйғандағыдан көрі қоректендіргіш қимасы 1,5–2 есе үлкен болып тағайындалады.
Көміртекті құю болаттарының құрамында 0,12...0,6 % көміртегі бар және оларды таңбалағанда таңбаның соңында Л әрпін қояды. Болаттан жасалған құймаларды жасағанда құю ақаулары пайда болуы мүмкін. Өйткені болаттың құю қасиеттері шойынның және басқа құю қорытпаларының қасиеттерімен салыстырғанда төмен. Шөгу 2,5 % дейін жетеді. Осындай да төмен көміртегілі болаттар құюдың жоғары температурасын қолданғанда ыстық жарықтың пайда болуына бейім екендігімен сипатталады. Жоғары көміртегілі болаттарда илемділік және жылуөткізгіштік төмен болғандықтан ішкі кернеулер пайда болады.
Болат 45 маркалы болаттың химиялық құрамы мен механикалық қасиеттері туралы ақпарат 1,2 - кестелерде ұсынылған.
Болат 45 маркалы болаттың химиялық құрамы Кесте - 1.
C |
Si |
Mn |
Ni |
S |
P |
Cr |
Cu |
As |
Fe |
0,42-0,5 |
0,17-0,37 |
0,5-0,8 |
0,25 дейін |
0,04 дейін |
0,035 дейін |
0,25 дейін |
0,25 дейін |
0,08 дейін |
|
Механикалық қасиеті Кесте – 2.
σ0,2 (МПа) |
σв(МПа) |
δ5 (%) |
ψ % |
KCU (кДж / м2) |
НВ |
245 |
470 |
17 |
34 |
34 |
143-179 |

97