Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бибол новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.54 Кб
Скачать

Аңдатпа

т.ғ.д., профессор Сейтказенова Казира Камешовнаның жетекшілігімен ММГ-14-2кд тобының студенті Қалжігіт Биболдың «Қақпақ бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу » тақырыбындағы курстық жұмысы.

Бұл курстық жұмыста қақпақ бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірледім . Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде құю өндірісінің технологиясы жайында мәлімет келтірдім.

Негізгі бөлімінде құйылатын бөлшектің сипаттамасы мен оның қызметтерінің шарттарына, құйма материалы мен қасиеттеріне, құйманың технологиялығына, қорамада құйманың орналасуына, қорама және үлгінің ажырамасына талдау жасадым. Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын және технологиялық есептер, оның ішінде құюжол жүйесінің және қосылманың есебін есептедім. Құйманы жасау үшін опоканы және пешті таңдадым. Ең соңғы тарауында қорама мен өзектерді дайындауды, құрастыру және құюды, қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеуді жүргіздім. Құймалардың сапасын бақылап, ықтимал ақауларды және олардың алдын ала жоюды қарастырдым.

«Қорытынды» бөлімінде қақпақ бөлшегі үшін құйманы жасауда құм – балшық қорамалау әдісін қолданғанымды жаздым.

Курстық жұмыс 30 беттен тұратын түсіндірме жазба жұмысынан және А4 форматтағы құйманың және А3 форматтағы құйманың қорамамен қоса алғандағы жалпы көрінісі сызбасынан тұрады. Сонымен қатар иллюс- трациялық материалдардан (суреттер) - 3, 3 - кестеден және 7 -пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Мазмұны

Аңдатпа

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілер мен қысқартулар

Кіріспе

1. Құйылатын бөлшектің сипаттамасы немесе оның қызметтерінің шарты

2. Құйма материалы және оның қасиеттері

3. Құйманың технологиялылығын талдау

4. Қорамада құйманың орналасуын таңдау

5. Қорама және үлгінің ажырамасын таңдау

6.Әдіптерді, сыртпішін құру еңісін, ойыңды және өзектің санын есептеу

7. Технологиялық есептер

7.1 Құюжол жүйесінің есебі

7.2 Қосылманың есебі

8. Опоканы таңдау

9. Пешті таңдау

10. Қорама мен өзектерді дайындау, құрастыру және құю қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеу

11. Құймалардың сапасын бақылау

12. Құймалардың ықтимал ақаулары және оларды алдын ала жою

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Қосымшалар

Нормативтік сілтемелер

1. Техникалық регламенттер.

2. Мемлекеттік стандарттар (ҚР СТ).

3. Мемлекетаралық стандарттар ( ГОСТ).

4. ГОСТ 3.1125- 88. Құйма және құю қораманың элементтерінің сызбасын орындау ережелері.

5. ГОСТ 3606 – 80. Өзектік белгілері.

6. ГОСТ 26645 – 85. Механикалық өңдеудің әдіптері.

7. ГОСТ 3212 – 80. Қорамалы ойыңдар.

8. ГОСТ 28177-89. Құм-балшық қоспасына қойылатын талаптар.

Анықтамалар

Құю өндірісі – металдарды өңдеу технологиялық әдістерінің бірі болып табылады. Құю өндірісінде алдын-ала дайындалған қалыпқа балқыған сұйық металды құю арқылы құйма деп аталатын өнім алынады.

Құю тостағаны шөміштен құйылатын сұйық металл құйылатын ыдыс.Құю тостағанына құйғанда қож металмен араласпай жоғары шоғырланып, көтеріліп тұрады.

Құю машинасы — құю өндірісінде балқыған металды қалыпқа құю процестерін атқаратын машиналардың жалпы аты.

Құйма - әр түрлі материалдардан (металдан, керамикадан, күмістен, пластмассадан, фарфордан және т. б.) протездерді жасау процесі.

Жарықшақтар - металдың дұрыс құйылмау себебінен пайда болатын ақау.

Болат – темірдің көміртекпен (2,14% дейін), кремниймен, марганецпен, күкіртпен және фосформен қорытпасы.

Құйма қорамасы - құйма өндірісінде құйма жасау үшін пайдаланылатын қорама әбзел.

Қорамалау - құмды құю қорамаларын жасау үрдісі.

Опока – шойыннан, болаттан немесе алюминийден жасалған, ішіне қалып қоспасын салып тығыздауға арналған түпсіз жәшік түріндегі жабдық.

Қосылма - құйманы шапқанда жойылатын, ең соңғы қататын және қоректендіру торабының үстіне орнатылатын, құйманың бетіне арнайы құйылатын техникалық ағын.

Бір қолданбалы қалыптар - балшық араластырған құмнан жасалған, бір рет қолдануға арналған қалып.

Қоспа – бірнеше жай немесе күрделі заттардан құралатын жүйе. Мұндай қоспа физикалық, механикалық және химиялық (құраушы заттары әрекеттессе) деп аталады.

Өзек – бұл құймада тесіктер мен қуыстарды жасау үшін қолданылатын қораманың элементі.

Құюжол - қалыпқа құйылатын сұйық қорытпа қоректендіруші — құюжол арқылы жеткізіледі. Құюжолдың атқаратын қызметі — қалыпты қорытпамен тегіс толтыру.

Құюжол жүйесі - құю қораманың ішкі жұмыс қуысын балқытылған қорытпамен толтырып, құйма қатайған кезде оның шөгуі кезінде пайда болатын қуыстарын қоректендіріп, қождар мен қоқымдарды ұстап қалуға арналған арналардың (элементтердің) жиынтығы.

Құйма үлгісі - құйманы жасау үшін құйма қораманың жұмыс қуысын қалыптастыруға арналған айлабұйым.

Құю шөміші - балқыған металды немесе қожды уақытша сақтауға, тасымалдауға және таратып құюға арналған ішкі беті отқа төзімді қышпен қапталған болат немесе шойын ыдыс.

Белгілер мен қысқартулар

Ст – болат

ҚЖ – құюжол жүйесі

ГОСТ – мемлекетаралық стандарт

КҚ – кварцты құм

Т - төменгі опока

Ж – жоғары опока

Кіріспе

Құю өндірісі-құю жолымен алынатын фасонды дайындамаларды әзірлеуге немесе механикалық өңдеуге қиын бөлшектерді алуға арналған машинажасаудың саласы.

Құю арқылы әртүрлі құрылымды массасы бірнеше граммнан 300 тоннаға дейін,ұзындығы бірнеше сантиметрден 20 метрге дейінгі құймаларды алуға болады.

Қазіргі кезеңде құю арқылы көптеген металл және олардың қорытпаларын, сол сияқты, көптеген металл емес материалдар, пластмассалар алынады. Техникалық тағайындалған құйылып алынатын бұйымдар үшін шойын мен болат және алюминий, мыс, цинк, магний, титан негізіндегі қорытпалар жиі қолданылады. Құю өндірісінің ғылыми негіздерін талқылау ХХ ғасырдың 20-жылдарында басталды. Қорытпалардың негізгі физикалық қасиеттері: қатты және сұйық күйдегі тығыздығы, термиялық ұлғаю және сығылу коэффициенті. Жылу физикалық қасиеттер: кристалданудың басталу және аяқталу температуралары (ликвидус және солидус), балқудың ( кристалданудың) жасырын жылуы, жылу өткізгіштік коэффициенті, меншіктіжылу сыйымдылығы. Қатты және сұйық күйдегі механикалық сиапаттамалар: серпімділік модулі, беріктік және аққыштық шегі , пластикалылық, тұтқырлық, беттіктаралу . Химиялық қасиеттер: қатты жәнесұйықкүйдегіактивтілік, газдардың ерігіштігі.

Құю өндірісі – металдарды өңдеу технологиялық әдістерінің бірі болып табылады. Құю өндірісінде алдын-ала дайындалған қалыпқа балқыған сұйық металды құю арқылы құйма деп аталатын өнім алынады. Құйма көп жағдайда одан әрі механикалық жону арқылы дайын бөлшекке айналатын дайындама есебіндегі өнім болып саналады.

Құйма жасауға құюдың әртүрлі әдістері қолданылады. Олар – құм-балшық қалыпқа құю, қабыршақ қалыпқа құю, балқитын үлгі бойынша құю, кокильге құю, центрден тепкіш күшпен құю және т.б. әдістер. Осылардың әрқайсысын қолдану үшін өндіріс көлемін, құйманың өлшемдерінің дәлдігі мен бет тазалығына қойылатын талаптарды, экономикалық тиімділікті басшылыққа алу керек.

Құю өндірісінің өнімі ретінде құйманың сапасы құю өндірісі технологиясының әр кезеңінде біртіндеп қалыптасады. Сол себепті құйма жасау технологиялық үрдісінің жекелеген амалдарын, оларда қолданылатын материалдар мен жабдықтарды жетік меңгеру құю өндірісін оқудағы басты мақсат болып табылады.