Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etikadan_zhauap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.83 Кб
Скачать

21.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.

Прагматизм[1] (pragma — іс-әрекет) — қазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт. Прагматизмді таза АҚШтық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ықпалға ие Американдық төл философия.Прагматизм терминін мәдени айналымға 19 ғ-дың 70-жылдары америкалық философ Ч.С. Пирс (1839 — 1914) енгізді. Прагматизм негізінде ақиқаттың мәнділігі оның прагматикалық тиімділігімен анықталады деген “прагматизм принципі” жатыр. Прагматизм іргелі ақиқатты іздестіру қажеттілігін мойындамайды және абстрактылы философиялық жүйелер жасаудан бас тартады. Мұның орнына ол нақты тәжірибе мен тілге негізделген, өзгеріп отыратын көптеген ақиқаттарды қарастырып, онда ақиқат практикалық нәтижелерінің құндылығына қарай анықталады.Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екі бағытта дауласуда, бірі рационализм (ақылшылдық), ол идеалды, сезімге бай, ақылға жүгінеді, үміткер, дінге сенеді, еркін ерік-жігерді дәріптейді. Енді бірі, эмпиризм (тәжірибешілдік), олар материалистер, суыққанды, сезімдік танымға мән береді, үмітсіз, атеист, себеп-салдар заңын (детерминизм) ұстанады. Прагматистер осы екеуінің арасынан жаңа жол тапқысы келеді, "тәжірибешілдік ойлау әдісі мен адамзаттық діни сенім дәстүрін лайықты үйлестіруді" дәріптейді.

Прагматистер шындыққа адал болуды жақтайды, бірақ дінге де сын айтқысы келмейді. Егер діндегі кейбір ұғым-түсініктердің тұрмыс үшін құнды екені мойындалса, онда діннің де рас екені дәлелденеді. Олар философиялық ойлауды жеке адамдық өмірдің нақты кешірмесіне дейін төмендетуді дәріптейді, бірақ діни сенімді сақтауды жақтайды. Олар әрі Дарвинизмді жақтайды, әрі дінді жақтайды, олар өздерін плюралистер деп атағанды ұнатады. Дегенмен, мысалы У.Джеймс те, басқа прагматистер де дінді этиканың тағаны деп есептемейді.

Консьюмеризм бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған қоғамдық консь№меризмнің мақсаттарының бірі. Бұл тауар өндіруші мен сатушылардың, сондай ақ бизнес инфрақұрылымның өзге қатысушылардың, соның ішінде, жарнама агенттердің қызметін реттеу болып табылады, сол себепті консьюмеризм маркетологтардың тұтынушылардың мінез құлқының ықпалымен байланысты. Консьюмеризм 60 жылдардың ортасында АҚШ та пайда болды. Бұл ұғым тұтынушының егемендігі деген ұғымның орнына келді. Бұл экономикалық дамуының сатушы нарығында сатып алушы нарығына көшуінің нәтижесі. Қазіргі әлемде тұтынушылардың өздерінің құқықтарын қорғауға арналған қозғалысы даму өрісін алған. Әр түрлі журналдар, жарнама қолданылады. Тұтынушыларға кеңес беру жүргізіледі, тауарға дербес сараптама жүргізіледі, сапасыз тауарлар мен қызметтерге талап қойылады. Тұтынушыларды осы тұрғыдан ағарту жұмысы, тұтыну мәдениеті белсенді түрде дамып келеді.

22. Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз

Кәсіби этика теориялық, нормативтік және колданбалы бағыттар қиылысында дамиды. Кәсіби этиканың мазмұны кәсіби іс-әрекеттің мәнін құрайтын мәселелер шеңберімен аңықталады. Кәсіби этика белгілі іс-әрекет түрлеріне тән нормаларды, стандарттарды, талаптарды өңдейді. Кәсіби этика – мамандардың өз қызметтік міндеттерін орындау үшін оңтайлы болып есептелетін құндылық және жеке даралық қарым-қатынастардың белгілі түрін талап ететін мінез-құлық кодексі.

Іскерлік қатынас этикасы – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы. Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті өзі келесі компоненттерді қамтиды: техникалық іскерлік қатынас; психикалық іскерлік қатынас; іскерлік қатынас этикасы; қызметтік этика. Бұл компонентер практиканың кез-келген іскерлік қатынасында бір-бірімен өте тығыз байланысты, олар тек теориялық деңгейде ғана шектеулі. Қарым-қатынас – бұл адамның өзара қарым-қатынаста болу тәсілі, және де басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болуы. Қарым-қатынаста адамдар ақпаратпен, ойлармен, эмоцияларымен алмасады, нәтижесінде адамдар арасында өзара қандайда бір форма қалыптасады және өзара әсерлер, бұл қандайда әртүрлі мақсаттағы іскерлік қарым-қатынас нәтижесінде жетудегі бағыт. Іскерлік қатынастағы этка – бұл ғылымның, практикада және әлемдік тұрғыдан этникалық талаптарды, қағидаларды, нормаларды, заңдылықтарды сақталуы іскерлік қатынастағы субьектілер арасында өзара түсінушілік пен өзара сенімді қалыптастырады.Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек.Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы..  «Іскери қарым-қатынас принциптері»1. Іскери қарым-қатынас мәні және принциптері 2. Қызмет және этика. 3. Келіссөз жүргізу этикасы. 4. Іскерлік қарым-қатынастағы компромисс және конфронтация.5 Ресми-іскери жазбаша тіл ұстартудың этикалық аспекті.

23. Басшының іс-әрекетіне тән жалпы этикалық нормаларға сипаттама беріңіз.

Басқару этикасы – ол басқару іс-қызметіне бағытталған., этикалық ұғымдар және тәрбиелік нұсқаулар жүйесі. Басқару – ең алдымен адамдармен жұмыс істеу. Тек мәліметтерді өңдеу басшының бағыныштылармен тікелей қарым, қатынас жасауын алмастыра алмайды. Кейде басшының бағыныштыларымен қарым-қатынасын мәлімет ісіндегі ерекше түрі, мәліметтерді алудың және таратудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Басқару этикасы – басқару жүйесі қызметкерінің басқару үрдісінде адамдармен қарым-қатынасындағы өзін ұстай білу ережелерінің жиынтығы. Менеджер» ағылшын тілінен аударғанда басқарушы деген ұғымды білдіреді. Менеджер – бұл экономикалық және өндірістік құрылымдарда басшылық іс-әрекетті жүзеге асыратын маман Коммуникацияның тиімділігі көптеген факторларға байланысты болады. Оның бірі басшы мен персоналдар арасындағы жағымды қатынастардың орнауы. басқарушының коммуникативті іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыруы өндірістіктің өнімділігін арттырып, персоналдар арасында жағымдылық орнатуға мүмкіндік береді. Барлық рангтегі басшылар өзгермелі әлеуметтік ортамен және әртүрлі адамдармен тұрақты қатынаста болғандықтан дербес тәжірибесі мен ішкі сезіміне арқау етіп, кездейсоқ құбылыстар мен нақты жағдайларды ескере отыра шешімдерді қабылдауға міндетті. Жағымды, әдеттен тыс шешімді шығармашылық іздеу әрекеттері басқаруға өнерге тән бітістерді таңады. Сонымен бірге, Г.Кунц, С.О’Доннел сияқты ірі ғалымдар басқарудың бірінші кезекте өнер екендігін дәлелдейді. Олар: «басқару процесі мәні ғылымды (басқару саласында ұйымдастырылған білімнің негіздерін) кез келген жағдайдың ақиқатында пайдаланудан құралған өнер болып табылады», — деп тұжырымдайды . Ал ол «Басқарудағы іс-әрекет – өнер болса да, онымен айналысатын адамдар сол өнердің негізіндегі ғылымды түсініп, пайдалана алса, ежәуір жоғары нәтижелерге жетер еді. Топтық ынтымақтастықтың нәтижелілігі мен тиімділігінің маңыздылығы кез келген қоғамда мойындалады, басқарудың бүкіл өнердің ең маңыздысы екендігін сенімді айтуға болады» Адам іс-әрекетінің барлық саласында өнер мен ғылым бір-бірін жоққа шығармай, өзара толықтырып отырады. Топтық іс-әрекеттің нәтижесінде туындаған кез келген шешім жеке адамдар ұсынған нұсқалардан ерекшелінетін басқаруда ең аз шығынмен орынды ымыраға келу іскерлігі басшы өнерінің көрінісі болып табылады.Басшы қарым-қатынас өнерін шебер меңгерген, сендіре алатын, ұшқыр да ерекше ақылға ие, білімнің көптеген аумақтарына қанық қайталанбас тұлға болуы тиіс. Алайда ол бірінші кезекте адамдармен жұмыс жасайтындықтан «адам инженериясының» барлық қырларын білуге әрі ізгілендіруші және психологиялық білімдерді меңгеруге міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]