- •1. Этика пәнінің адам зерттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •3. Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз.
- •6. Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз.
- •8. Адамның жетістікке жетуге ықпал беретін алғышарттарды анықтап беріңіз.
- •9. Адамныңәлеуметтіктәртібініңтипологиясынжәнежекетұлғалыққұндылықтарынашыпберіңіз.
- •10. Дәстүрліэтиканыңерекшеліктеріжәнеоныңмәдениеттеринтеграциясындағытрансформациясынасараптамажасаңыз.
- •14. Кәсіби маман тұлғасының дамуын сипаттаңыз
- •15. Тұлғаның даму заңдылықтарын және жемісті әлеуметтену
- •16. Кәсіптегі жетістіктің гуманистік негіздерін айқындаңыз.
- •18.Жетістікке жетудегі көшбасшылық ерекшеліктерді айқындаңыз.
- •Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
- •21.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.
- •22. Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •24.Жетістікті адамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіштерін, бет-
- •25.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсетіңіз.
- •27. Жастарарасында аккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз.
- •28. Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің тарихи және заманауи ерекшеліктерін ашыңыз
- •29. Менталдық пен қарым-қатынасты, тілдесуді салыстырып арақатынасын ашыңыз.
- •31. Маманның кәсіби мәдениетін сипаттаңыз
- •32. Маманды еңбек нарығына бейімдеудегі бәсекеге қабілеттіліктің рөлін сипаттаңыз.
- •41. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз.
- •44.Имидж бен бедел мекемелердегі корпоративтік мәдениет көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз.
- •46 Заманауи этика мәселелерін табыңыз.
18.Жетістікке жетудегі көшбасшылық ерекшеліктерді айқындаңыз.
Көшбасшы – көшті бастаушы әрі басқарушы. Қазақстанның Орт. және Бат. өңірлерінде көшпелі және жартылай көшпелі мал ш-на сай қазақ қауымы жиі-жиі қоныс аударып, көшіп-қонып өмір сүрген. Көшті жөн-жосықты жақсы білетін, жер-су жағдайымен жете таныс К. басқарған. Кейде ұзақ көш жолдарымен көшуге тура келіп, көптеген елді мекендерді басып өтетіндіктен К. болып ел мен жер тарихымен, жергілікті ру-тайпалардың әдет-ғұрыптарымен жақсы таныс, көпті көрген, көне көз адам тағайындалған. К. көштің бағдарын, уақытын, тәртібін ғана қадағалап қоймай, ру аралық қақтығыстарды болдырмайтын мәмілегер, бітімгер, саясаткер адам ретінде көш қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. 20 ғ-дағы ірі саяси оқиғаларға байланысты К-лықтың мән-мағынасы өзгерді; қ. Лидер.
Саяси көшбасшылық - саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың, аймақтың, мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп, белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл ұғым мағынасы кеңейе түсті. Өйткені саяси көшбасшыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын, бірақ саяси өмірде беделді, аты шыққан адамдарды жатқызып жүр. Қазір саяси көшбастаушылар деп қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.
Саяси көшбастаушы болудың 2 жолы бар:
1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу;
2) ол мүдделерді мақсатты түрде тал май зерттеу нәтижесінде.
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
19. Эмоцияны басқару туралы өз пікіріңіз
Эмоцияны басқару дегеніміз сезімдерді бөлу дегенді білдірмейді. Мұндай басу психоаналитиктерге бай азық бере алады, алайда ол «емделушінің» асқан ақылдылығының көрінісі бола алмайды. Аристотель былай деген: «Әрбір адам ашулана алады – бұл оп-оңай. Алайда соған лайықты адамға , қажетті дәрежеде, және уақытында , ізгі мақсат үшін және лайықты түрде ашулану – бұл оңай шаруа емес ». Бірақ эмоцияларды басқару дегеніміз оларды үздіксіз білдіру дегенді білдірмейді. Мәселен «арқаға жасырып қою» деген сөз кейбір жекелеген жағдайларға сәйкес келгенімен , оның эмоционалдық интеллектінің көрінісі болуы екіталай. Керісінше көпшілік жағдайларда кері қауіпті эмоцияларды жасыруға тырысу түбінде жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін. Сезімдерді мүлдем басқаша түрде басқару қажет. Кейбіреулер ашу–ызадан арылу үшін, оны ашық түрде білдіру қажет дейді. Алайда тәжірибелер мен бақылаулар көрсеткендей , егер де сіз ашу–ызаға ерік берсеңіз , онда ол мұны күшейте түседі. Денені босаңсыту , медитация , терең тыныс алу, керек болса жай қарапайым онға дейін санау дағдылары тиімді әрі саналы эмоционалдарда да эмоциялар әмірші мен қожайын ретінде емес, қызметші ретінде пайдалы. Кейбір эмоционалдық жауаптар интенсивті болса да бір сәтте болады. Өзгелері көп жылдық әдетке ауысып, біздің кәдуілгі көңіл-күйіміз бен себептерімізді айқындайды. Көңіл-күй жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жақсы әрі қуат беруші көңіл-күй толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Құлазыған көңіл-күй мен себептердің жетіспеушілігінің бізге тек қана зиянды әсері болуы мүмкін. Көңіл-күй бізге қалауымызға қол жеткізуге көмектесуі немесе керісінше кедергі келтіруі мүмкін. Ренішке де уақыт бар – үрей немесе жек көру үшін де орын табылуы мүмкін. Өзінің сезімін өте әдемі білдіре алатын, бірақ оны басқара алмайтын үш жасар баланың даму деңгейі мен эмоциясын бақылауды сақтай отырып , өзіндік бір эмоционалдық жануар ретінде соған бола қалуға негіз жоқ. Интеллект адам психикасының осындай алғашқы міндетті қасиеттерін түсінуден, басқарудан және бақылаудан тұрады.
20.Тұлғаның жемісті қалыптасуына ықпал ететін өздігінен білім алудың мәнін ашыңыз.
Өздігінен білім алу - күндізгі оқу орнында жүйелі курстан өтпей-ақ өздігінен жұмыс істеу үрдісінде алынан білім. Өздігінен білім алудың ең кең тараған формаларыәдебиет оқу және зерделеу болып табылады.
Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.
Өздігінен білім жетілдірудің мақсаты:
1. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру – адамның әлемін арандаттырып, құрастыратын, білім меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын туғызатын белгілі әрекеттің түрі .
2.Жолшыбай өздігінен білім жетілдіру. Мақсатты әрекеттпен айналыса отыра, адам әрі қарай білім мен біліктерін қолдана алатын барлық жаңалықты біле бастайды.
3. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру. Адам өзіне өзі белгілі бір салада мақсат қояды. Бұл мақсат келесі ізденістерін жүзеге асырады, нәтижесін талдауда, оның шешімдерін қоюында дербестікті көрсетеді.
