Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etikadan_zhauap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.83 Кб
Скачать

16. Кәсіптегі жетістіктің гуманистік негіздерін айқындаңыз.

Іскерлік қатынас этикасы – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы. Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады: 1. іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек; 2. адамгершілік; 3. мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі; 4. құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет. Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы. Кәсіби такт – қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі.Іскерлік қарым-қатынас және ондағы сөйлеу этикасы.Тілдің қатысымдық қызметі – адамның тіл арқылы алуан түрлі қарым-қатынасқа түсуі. Оқытудың қатысымдық қызметі тілді жан-жақты меңгеру, хабарлау, суреттеу, диалогтік, монологтік, көркемдік-тілдік құралдарды пайдалануды талап етеді. Лингвистикалық талдаулар негізінде іскерлік қарым-қатынас жайлы берілетін білім мазмұнының көлемін, ұғымдар жүйесін, оларды толық меңгеруге мүмкіндік беретін теориялық мәліметтер мен дағдыландыратын практикалық жаттығулар жүйеленді. Қатысым дегеніміз – әрекет. Оның ұйымдастыру амалдары мен нұсқасы болады.. Олар: ауызша және жазбаша. Ал бұлардың әрқайсысына тән икемділіктері мен дағдылары, қарым қатынас әрекетінің құралдары, сөйлеудің бұл нұсқаларын игерудің өзіндік жолдары бар.

17. Маманның жетістікті кәсіби қызметіндегі тәрбиенің рөлін сипаттаңыз

өлшем Ізгілік пен зулымдық — этиканың орталық категориялары. Ең абстрактілі деңгейде ізгілік пен зұлымдықты адамгерпгілік пен адамгершіліксіздіктің баламасы деуге болады. Ізгілік арқылы адамдар өздерінің ортақ мүдделерін, талап-тілектерін, болашақтан үмітін танытады. Сонымен, ізгілік шапағатымен өмір гүлі өсіп, тамыр алса, зұлымдық өмірдін түбіріне балта шабады. Ізгілік категориясына барлық он қылықтар жинақталған.Ар, намыс, ұят - абырой ұғымдарының бір-бірімен тығыз байланыстылығы соншалық, оларды бөліп-жарып қарасты- рудың өзі қиын. Неміс философы Канттың жүрек тебірентерлік мынадай жолдары бар: "Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы — ар мен ұят. Ұят — адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде өр түрлі екенін айта кету керек.Ұят — адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Армен және намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзінмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатьш күй. Өйткені адам өзі жасаған келеңсіз өрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сәзді ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығьша қам жейді.Абырой — адамнын өз іс-әрекеттерінін тиесілі адамгершілік мұраттарына сәйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен намыс арқылы адамның өз қылыктарын парыз, міндет, тиесілі бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.Әділеттік — ізгіліктін нақтыланған өзіндік түрі. Ол адамды қоғамның елеуі, марапаттауы түрінде көрінеді.Әділеттік — тарихи қалыптасқан ұғым. Алғашкы қауымдық құрылыста әділеттікті табу, талион ұстанымдарының маңынан көруге болатын. Ол кезде әділеттілік есесін жібермеу, орынды жазалау түрінде қарастырылатын.Бақыт — этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің "Никомах этикасы", Сенеканың "Бақытты өмір жайында", Фома Аквинскийдің "Бақыт туралы трактаты", Әулие Августиннің "Бақытты өмір сүру туралы", Әл-Фарабидің "Бакыт жолына сілтеу" және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама кеп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.

Бұқара санасында бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі:Бақыт дегеніміз—жолы болып, "жұлдызы жанғандық".Бақыт — қуаныш, лөззат және жан қызығы.Бақыт дегеніміз — ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.Бақыт — өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған "төрт құбылаң түгелдік" күйі.

Құндылыктар тұрғысынан алғанда бақыт деп адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады. Бақыт туралы әркімнің өзіндік түсінігі бар, әмбебап, әркімнің ойынан шығар бақыт түсінігі кемде-кем. Әдетте, бақыт деп өзіндік болмыстың кемелдігш, түгелдігін, асқан қуаныш әкелген ерекше көтерінкі кеңіл күйін айтады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]