Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etikadan_zhauap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.83 Кб
Скачать

14. Кәсіби маман тұлғасының дамуын сипаттаңыз

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында Республикадағы білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс байқалады және оқытушы іс-әрекетін жаңашыл тұрғыдан ұйымдастыруды талап етеді.  Елімізде болып жатқан әр түрлі бағыттағы өзгерістер егеменді еліміз жаңа XXІ-ғасырдың табалдырығын аттап, білім беру жүйесін дамытуда біршама табыстарға қол жеткізуде. Жаңа ғасыр бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе болашағымыз бала тәрбиесімен айналысатын болашақ маманның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болмақ. Ғылыми революциялық жаңалықтардың ашылуы, оның соңынан ғылыми техникалық прогресс әлемдік алаңға жаңа мәселелері алып келді. Ақпарат пен білімнің жетілдірілуі техникалық дамуына және өндірістің әр түрлі технологиясын іске асыруға мүмкіндік туғызды. Техника, технология, өндірістің дамуы мен оларды адамзаттың қарқынды қолдануы экологиялық аппатқа әкелудің шегінде тұр. Адамзаттың негізгі тапсырмасы болып өзінің сапасын жетілдіру “адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда ” басты мақсат адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыру. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму қарқынды дамуы болашақ мамандардың талғамының өсуі, электронды кітап, интернет және компьютер құралдарының кең көлемде қолданылуы мен т.б ақпараттық құралдардың пайда болуы, білім беру саласында жаңа технологиялық әдістерді енгізуге ықпал етуде. Қоғамның даму кезінде білімнің қарқынды прогресімен ескі технологиялық идеялардың тез өзгеруімен, инноватциялық жаңашылдыққа көшуге болашақ мамандардың іс-әрекетімен байланыстыру ерекше сипат алады. Болашақ мұғалімдерді кәсіби тұрғыдан педагогикалық – психологиялық даму ерекшеліктерін қарастырмас  бұрын  жеке тұлға  ұғымына тоқталып өтейік.А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша, «Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттерімен, рухани байлығын арттыра түседі» - деп қарастырады  

15. Тұлғаның даму заңдылықтарын және жемісті әлеуметтену

негіздерін сипаттаңыз.

Даму психологиясы немесе жас ерекшеліктерінің психологиясы — жеке адамның психикалық дамуын, өмір тіршілігінде қалыптасу зандылықтарын танып білуге көмектесетін психология ғылымының дербес саласы. Даму:

• 1) материалдық объектілердің заңды, бағытты, қайтымсыз өзгеруі, нәтижесінде объектінің жаңа қасиеттері туындайды;

• 2) тұлғаның сыртқы және ішкі, басқарылатын және басқарылмайтын факторлардың әсерімен даму үрдісі.

Даму кезінде адамда сандық және сапалық өзгерістер туындайды. Даму психологиясы адамның жеке басының қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді, адам жасының өсуіне сәйкес психикалық даму ерекшеліктерін азаматтық қасиеттерінің кемелдену жағдайларын, өзіндік ерекшеліктеріндегі психологиялық зандылықтарымен таныстырады. Даму психологиясы психикалық дамудың қозғаушы күшін, заңдылықтарын және адамның онтогенезде қалыптасуын қарастырады.

Даму психологиясы келесі бөлімдерден тұрады:

• мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы;

• бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы мен жеке басының қалыптасуы;

• жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктері мен жеке бастарының қалыптасуы;

• жасөспірімдердің психикалық дамулары мен психологиялық ерекшеліктері;

• ересектер мен егде жастағылардың психологиялық ерекшеліктері;

• қартайған жастағылардың (геронтопсихология) психологиялық ахуалдары.

Даму психологиясы — онтогенезде адамның психологиялық және қылықтық дамуының заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін мәліметтері бар психологиялық зерттеулер саласы. Дамудың әлеуметті жағдайы — адамның психологиялық және қылықтық дамуы өтетін әлеуметтік жағдай. Дамудың әлеуметтік жағдайы дамудың қандай факторлар жүйесіне байланысты екендігін де қарастырады Дамудың жақын зонасы — психикалық дамудың мүмкіндіктері, адамға сырттан минималды көмек беру арқылы ашылады. Дамудың жақын зонасы ұғымын әйгілі ғалым Л.С.Выготский енгізген. Дамудың жақын зонасы - айналадағы адамдардың кішігірім көмегін немесе демеуінің негізінде балада айқындалатын және соларды пайдаланып оның шынайы дамуына мүмкіндіктер. Дамытатын күштер — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде ересектердің өз алдына қойылатын мақсаттары, яғни баланың өзін өзі жетілдірудегі қажеттіліктері.[1]

Әлеуметтену факторлары — әлеуметтену үрдісінің дұрыс жүруі үшін жағдайлар жасауы. Әлеуметтенудің көптеген факторлары кездеседі. Әлеуметтену факторлары бір мезгілде жеке тұлғаны қалыптастырудың, ортаның рөлі туралы факторлары болып табылады. Жеке тұлғаның әлеуметтану проблемасы қазіргі кезде өте өзекті де, әрі жаңа және тану үшін күрделі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]