- •1. Этика пәнінің адам зерттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •3. Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз.
- •6. Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз.
- •8. Адамның жетістікке жетуге ықпал беретін алғышарттарды анықтап беріңіз.
- •9. Адамныңәлеуметтіктәртібініңтипологиясынжәнежекетұлғалыққұндылықтарынашыпберіңіз.
- •10. Дәстүрліэтиканыңерекшеліктеріжәнеоныңмәдениеттеринтеграциясындағытрансформациясынасараптамажасаңыз.
- •14. Кәсіби маман тұлғасының дамуын сипаттаңыз
- •15. Тұлғаның даму заңдылықтарын және жемісті әлеуметтену
- •16. Кәсіптегі жетістіктің гуманистік негіздерін айқындаңыз.
- •18.Жетістікке жетудегі көшбасшылық ерекшеліктерді айқындаңыз.
- •Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
- •21.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.
- •22. Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •24.Жетістікті адамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіштерін, бет-
- •25.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсетіңіз.
- •27. Жастарарасында аккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз.
- •28. Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің тарихи және заманауи ерекшеліктерін ашыңыз
- •29. Менталдық пен қарым-қатынасты, тілдесуді салыстырып арақатынасын ашыңыз.
- •31. Маманның кәсіби мәдениетін сипаттаңыз
- •32. Маманды еңбек нарығына бейімдеудегі бәсекеге қабілеттіліктің рөлін сипаттаңыз.
- •41. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз.
- •44.Имидж бен бедел мекемелердегі корпоративтік мәдениет көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз.
- •46 Заманауи этика мәселелерін табыңыз.
3. Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз.
Әлеумет — қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде жамағат, қауым, жұртшылық мағынасында қолданылған ұғым. Ол отбасынан, ағайын, туыс, жекжат-жұраттан бастап, ел-жұрт мағынасына дейін қамтиды. Мысалы, халық ауыз әдебиетінде жиі кездесетін “Алқалаған, әлеумет, Сөзіме құлақ салыңыз” дегенде әлеумет ұғымы ағайын мәніне жақын болса, “Әлеумет, көрдің, міне, жаңа заңды” (К. Әзірбаев) деген өлең жолында — бұқара, жұртшылық мәніне ие болып тұр. Әлеумет ұғымының қазіргі заманғы мағынасы қоғам, қауым, қауымдастық сөздерінің ғылыми ұғымдарымен мәндес.
“Қоғам” аталатын адамдар қауымының күрделілігі, көп қырлылығы, сонымен қатар тұтастығы оны әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру қажеттігін алға тартады. Қоғам бір текті емес: оның алуан реттегі, әрқилы сипаттағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің бірсыпырасын қамтитын өзіндік түзілімі мен құрамы бар. Әлеуметтік жүйенің құрамдас элементтері адамдар, әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер, әлеуметтік қарым-қатынастар мен өзара әрекеттесулер, әлеуметтік институттар менұйымдар, әлеуметтік топтар, қауымдар, әлеуметтік нормалар мен құндылықтар т.б. болып табылады. Олардың әрқайсысы өзара тікелей байланыс құрып, қоғам өмірінде ерекше орын алады әрі өзіне лайықты рөл атқарады. Осы орайда, ең алдымен, қоғамның құрылымын анықтап, оның маңызды элементтерін ғылыми тұрғыдан саралау, сондай-ақ әлеуметтік жүйе ретінде қарастырылатын қоғам өміріндегі олардың орны мен рөлін, өзара байланыстары мен әрекеттесулерін түсіндіру социологияғылымының басты міндеті. Өзінің құрылымы арқасында ғана қоғам емін-еркін, бейберекет жиылған тобырдан да, өзінің жөнге салынған құрылымы бар өзге әлеуметтік құбылыстардан да мүлдем ерекше тұрады, демек, басқаша сапалық қасиеттерге ие болады. Ал, әлеуметтік құрылым көп жағдайға жүйе ретінде бүкіл қоғамның табандылығы мен тұрақтылығын айқындайды. Қоғам және тұлғалардың, олардың байланыстары мен әрекеттесулерінің, өзара іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының жай ғана қосындысы емес, біртұтас жүйе, ал мұндай бірлестіктер жаңа интегралды, жүйелік сапаны туындататын болғандықтан, ол жекелеген адамдардың не олардың қосындысының сапалық қасиеттеріне мойынсынбайды. Әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам — өзінің дербес заңы бойынша қызмет атқарып, дами беретін әлеуметтік ағза өзара табиғи байланыстарына қарамастан, әлеуметтік құрылымға қарағанда “әлеуметтік жүйе” атауы әлдеқайда кең ұғым. Егер әлеуметтік жүйе өзінің аясына кіретін элементтердің бүкіл жиынтығының бір-бірімен және тұтастай әрекеттесуін ұйымдастыру тәсілі болса, онда әлеуметтік құрылым — жүйенің және олардың байланыстарының салыстырмалы түрде баянды, қалыпқа түскен әрі ұдайы өніп отыратын, сондай-ақ, әлеуметтік жүйенің тұрақтылығы мен қызмет атқаруын қамтамасыз ету тетігін құрайтын негізгі элементтерінің жиынтығы. Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтік құрылым — қоғамдағы әлеуметтік статус пен рөлдің нығаюына ықпал ететін әлеуметтік жүйенің аса маңызды бөлігі, ұйтқысы, берік ұстыны. Сонымен, әлеуметтік жүйе дегеніміз — бір-бірімен өзара байланысып, әрекеттесуші және бірегей әлеуметтік тұтастықты құраушы құбылыстар мен процестердің тәртіптелген ауқымды жиынтығы.[1]
Қоғамның әлеуметтік құрылымы әр алуан қырынан қарастырылады. Мәселен, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің себеп-салдарлық (детерминшілдік) байланысы, бір-біріне бағыныстылық тәртібі анықталар кезде, қоғам, әдетте (мысалы, марксшілдік социологияда) негізгі төрт арна — экономика, әлеуметтік саяси және рухани(идеологиялық) саланы біріктіретін тұтас жүйе ретінде алынады. Осы салалардың әрқайсысы қоғамға қарым-қатынасы бойынша оның жүйешесі (подсистема) ретінде де қарастырылады. Мұндай кезде бұл жүйелердің әрқайсысы өзінен кейінгілерге елеулі ықпалын тигізеді; ал олар өз кезегі келгенде алдыңғыларына қайыра әсер етіп отырады.
Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде зерттеу ісі өзара байланысты міндеттерді: а) “қоғамды жалпы түрде” зерттеуді, яғни қоғамның жалпыға бірдей, әмбебап қасиеттерін, байланыстары мен жағдайларын (әлеуметтік философиямен етене байланыста әрі оның жетекшілігімен) зерделеуді; ә) қоғамның нақты-тарихи тұрпаттарын, өркениеттің даму сатыларын зерттеуді; б) жекелеген нақты қоғамдарды, яғни нақты өмір сүруші елдер мен халықтар қоғамын зерттеуді қамтиды. Әлеуметтік құрылымдегеніміз — кең мағынасында: қоғамның әрқилы, алуан сипаттағы құрылымдық бөлімшелерін және олардың арасындағы байланыстарды қамтитын ортақ түзілім. Оған қоғамның әлеуметтік-демографиялық та, әлеуметтік-таптық та, әлеуметтік-территория да, әлеуметтік-этникалық та, әлеуметтік-діни де т.б. құрылымдары жатады; ал тар мағынасында — қоғамның әлеуметтік-топтық жіктелуін — таптарға, әлеуметтік топтар мен жіктерге бөлінуін ғана білдіреді
4. «Жетістік» деген ұғымға философия-этикалық категория ретінде сипаттама беріңіз.
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Сондықтан жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыға адам өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп, рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолдарының бірі – жетістік
Жетістік - әлеуметтік жағдайларды немесе статусты өз күштеріне сүйеніп, басқалармен ашық жарыста алу, мысалы, зерттеулерде немесе нарықтағы бәсекеде жеңу. Бұл мағынада термин алғышартпен жазылған статуска қарама-қарсы
Орыстың ұлы перзенті Лев Толстой Конфуцийдің мәні мол ілімін былайша мақұлдайды: "Шын ілім адамдарды биік ізгілікке үйретеді, ол – адамдардың жаңаруы".«Жетістік – ақыл-ой мен шығармашылық шабыты»
5. Моральдық бостандық және өнегелік жауапкершілік деген ұғымдардың түсінігін ашып беріңіз.
Мораль адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді, қарым-қатынас мәдениетін жасайды. Бірақ өмірде моральды бұзушылар жеткілікті. әсіресе мына заманда: нашақорлық, жезөкшелік, алдау, сөзде тұрмау, жауыздыққа бару т.б.
Мораль – қоғамдық сананың бір түрі. Ол адамдардың арақатынасынан туындайды: адамгершілікке жататын немесе адамгершілікке жатпайтын қылықтар арқылы белгіленеді. Немесе біз оны өнегелі, өнегесіз қылықтар дейміз
Өнеге - адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы» [4]. өнегелік сезімнен, ұяттан, ардан басталады.
Жауапкершілік бір мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды. «Жауапкершілік» термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық жауапкершілікті кездестіруге болады. «Әлеуметтік жауапкершілік» түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
