Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etikadan_zhauap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.83 Кб
Скачать

46 Заманауи этика мәселелерін табыңыз.

. Основные проблемы этики

• Проблема критериев добра и зла

• Проблема смысла жизни и назначения человека

• Проблема справедливости

• Проблема должного

• Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы — ар мен ұят. Ұят — адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде өр түрлі екенін айта кету керек.Ұят — адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Армен және намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзінмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатьш күй. Өйткені адам өзі жасаған келеңсіз өрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сәзді ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығьша қам жейді.Абырой — адамнын өз іс-әрекеттерінін тиесілі адамгершілік мұраттарына сәйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен намыс арқылы адамның өз қылыктарын парыз, міндет, тиесілі бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.Әділеттік — ізгіліктін нақтыланған өзіндік түрі. Ол адамды қоғамның елеуі, марапаттауы түрінде көрінеді.Әділеттік — тарихи қалыптасқан ұғым. Алғашкы қауымдық құрылыста әділеттікті табу, талион ұстанымдарының маңынан көруге болатын. Ол кезде әділеттілік есесін жібермеу, орынды жазалау түрінде қарастырылатын.Бақыт — этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің "Никомах этикасы", Сенеканың "Бақытты өмір жайында", Фома Аквинскийдің "Бақыт туралы трактаты", Әулие Августиннің "Бақытты өмір сүру туралы", Әл-Фарабидің "Бакыт жолына сілтеу" және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама кеп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.

Бұқара санасында бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі:Бақыт дегеніміз—жолы болып, "жұлдызы жанғандық".Бақыт — қуаныш, лөззат және жан қызығы.Бақыт дегеніміз — ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.Бақыт — өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған "төрт құбылаң түгелдік" күйі. Құндылыктар тұрғысынан алғанда бақыт деп адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады. Бақыт туралы әркімнің өзіндік түсінігі бар, әмбебап, әркімнің ойынан шығар бақыт түсінігі кемде-кем. Әдетте, бақыт деп өзіндік болмыстың кемелдігш, түгелдігін, асқан қуаныш әкелген ерекше көтерінкі кеңіл күйін айтады.

Қазіргі уақытта күрделі құбылыс болып саналатын лидерліктің жекелеген

жақтарын байланыстыратын үлгілерінің сомдалған түрі бар. Бұл феноменді

ұғынудың бірнеше тұжырымдамалық тәсілдері бар. Соның ішінде мұғалімнің

лидерлік сапасын қалыптастыруда әдіснамалық негізге алынатын теорияларға

(сипат теориясы, жағдаяттық теория, ізбасарлардың рөлін анықтау

теориясы, жеке тұлғалық жағдаяттық теория) тоқталып ӛткенді жӛн

санадық.

«Сипат теориясы» (харизматикалық тәсіл) лидерлік мінез қызметін

сипаттайды. Бұл теорияны қолдаушылар тиімді ықпал етуші лидер туа бітті

жеке тұлғалық қасиетке, мінездік сипатқа, лидерлікке, басшылыққа ерекше

қабілеті болуы тиіс деп, санайды. Лидерді сипаттайтын ерекше белгілердің

арасында мыналар баса айтылады: ынталылық, кӛпшілдік, ӛзіне сенімділік,

жігерлілік, достық қалып, батылдық, тәуекел сүйгіштік, тӛзімділік, адалдық,

ұйымдастырушылық, сендіре білу қабілеті және т.б.

«Харизма» түсінігін неміс социологы, тарихшысы, экономисі және заңгері

М.Вебермен енгізді [64]. «Харизма» деп, лидердің мінез-құлық сипаттамалары

мен лидерліктің ӛзіндік сапаларының жиынтығын, сонымен қатар басқаларға

ӛзінің жеке даралық тартымдылығы арқылы лидердің әсерінің ерекше

формасын атайды.

М.Гантер харизматикалы (харизма – грек тілінен – «тәңірдің сыйы»)

лидерге тән бірқатар сипаттарды бӛлектеп кӛрсетеді:

- тұлғаның ӛзге адамдарға әсерін тигізе алу қабілеттілігі, «қуаттылық

шашу» және онымен басқаларды қуаттандыру;

- «жаулап алушы»;

- «тәуелсіз мінез»;

- «жақсы риторикалық және әртістік қабілеттілік». Олар айқын сӛйлеу

және тұлғааралық қарым-қатынас жасаудың ӛте жоғары қабілеттілігіне ие;

- «ӛзіне сенімді және ӛзін лайықты ұстай алу». Олар жинақы және

жағдаятты бақылай алатын адам тұрғысынан әсер қалдырады [65].

Харизматикалық тұжырымдамада «лидер» ӛзінің соңынан топты ерте

алатын, адамдарға ықпалы бар бірегей қабілеттілік пен ерекше қасиетке ие адам

тұрғысынан қарастырылған. Ӛзінің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай

ізбасарларының ішкі жан дүниесіне күшті әсер ете алатын, мінсіз болашақты

болжай білетін, оған жол ңұсқай алатын лидер харизматикалық лидер деп 17

есептелінеді және лидердің харизматикалық сипаттамалары тұрғысынан алдын

ала болжау стратегиясы мен ізбасарларды мотивациялық шабыттандыра алуы

саналады. Харизматикалық лидер адамдардың сеніміне ене алады және

ӛздерінің даралық бірегейлігі мен күші арқылы құндылықтарын қабылдатуға

қозғаушы болады. Харизматикалық лидерлікті таныту үшін қолайлы

жағдаяттарда байыпты ӛзгерістер енгізуді талап ететін дағдарыс жатады

Тұлғалық сапа мол білімдерді қамтитын, түрлі қалыпқа ие бола алушы

қасиеттердің негізін құрайтын, белгілі принциптер мен нормалардан талап

етіледі.

Бұдан басқа тұлғаның сапалары ӛзінде нақты белгіленген мінез-құлықтың

тәсілін қамтиды, бұл мінез-құлық субъектімен түрлі деңгейде сезіне алуды да

мүмкін, сезінбеуі де мүмкін, ол белгілі бір жағдайларда белгілі бір қалыппен

ӛзін-ӛзі ұстай алу әдетімен сипатталып, автоматтандарылуы ықтимал немесе

белгілі бір дағды мен білікті талап ететін түрлі жағдаяттарға байланысты

ӛзгермелі және тұрақсыз болуы мүмкін.

Демек, әрбір тұлғаның сапасы аса күрделі құрылымды құрайды да, ӛзінде

әртүрлі жеке даралық қасиеттер мен мінез ерекшеліктерін қамтиды.

Бұл кезде тұлғалық қасиетке тұлға құрылымын құрайтын негіздер жатады:

қабілеттіліктер, темперамент, мінез-құлық, бағыттаушылық (белгілі бір

мақсаттарға уәждемелік бағдарлаушылығы басым), құзіреттілік, Мен-

концентрациясы (ӛзін-ӛзі түсінушілік).

Қасиет – адамның не бір заттың ӛзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін

айқындайтын ұғым. 1) Адам бойындағы қасиет жағымды және жағымсыз

болып жіктеледі. Жағымды қасиеттер (имандылық, инабаттылық, ізеттілік,

адамгершілік, ар-абырой, адалдық пен әділеттілік, т.б.). 2) Объектілердің

немесе энергияның белгілі бір әсер еткен немесе ӛзара әсер еткен жағдайлар

байқалатын сандық немесе сапалық сипаттамасы [97, 167 б.].

Тұлғаның сапалары, жалпы тұлғалық құрылым ретінде, ӛзінде белгілі

нақтыланған мінездердің тобын қамтиды. Мысалы, әдетте адамның мінезіне

келесі тұлғалық ерекшеліктер жатады:

1) адамгершіліктің қарапайым нормаларының жеке-психологиялық

эквиваленттері: адалдық, еңбекқорлық, шынайылық, заңды құрметтеушілік

(тәртіп), сыпайылық, ибалылық;

2) белгілі дәрежедегі ұйымдастырушылық пен реттеушіліктің тәртібін

қамтамасыз ететін ерекшеліктер: тәртіпке деген сүйіспеншілік, ұқыптылық,

дәлдік;

3) ӛмір мен қызметтегі ӛте қиын жағдайлардағы тұрақтылық туралы,

қиыншылықтардан ӛтудің дайындығын куәландыратын ерекшеліктер:

батылдық, жүректілік, ерлік, сабырлылық, тӛзімділік, қайраттылық, тәуекелге

бел байлаушылық қабілет;

4) адамның әлеуметтік тәртібін нақтылаушылар, басқа адамдармен қатынас

жасау ерекшеліктері: ӛктемшілдік немесе кӛнгіштік, кӛпшіл болу немесе

тұйықтылық, қатыгездік немесе жұмсақтық, атаққұмарлық және т.с.с.

Келтірілген мысалдар, ерекшеліктер мен бағыттарды, мінездер мен қызу

қандылықты, қабілеттіліктерді, құзіреттілікті, ӛзін-ӛзі түсінушілікті қамтитын,

кез келген жеке даралық сапалардың күрделі мінездерін кӛрсетеді.

Тұлғаның беделі арқылы әлеуметтік-эмоционалды әсері тұрғысындағы

лидерліктің анықтамасы және субъективті-субъективтілік қарым-қатынастың

қатысушысы ретіндегі лидердің анықтамасы лидерлік үдерістің әлеуметтік-

психологиялық және этикалық жақтарын кӛрсетеді.

6.Этика даму тарихының негізгі кезеңдері. Этиканың даму тарихының кезеңдері: 1. Антикалық кезең; 2. Ортағасырлық кезең; 3. Өтпелі кезең (Ренессаннс); 4. Жаңадәуірлік кезең. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялык ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты. Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдщ айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасьш таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, — "малшашпақ" пен "дүниекоңыздықтың" орта шені; батылдык — "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек корқактықтың" дәл ортасы; қарапайымдылык — "ұяңдық" пен "ұятсыздыктың" ортан белі және т.б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Өкілдері: Аристотель, Сократ,т.б. Ортағасырлық батыс европалық мәдениетте адамға болсын, әлемге болсын екі жақты амбивалентті көзқарас қалыптасқан болатын. Биік-аласа, жоғары-төмен, т.с.с. Ортағысрлық христиандық мәдениет контекстіндегі ірі тұлға, адамзаттың ұлы лауазымдарының бірі – Августин Әулие. Оның аты әлемге әйгілі христиандық шіркеу әкелерінің өкілі екендігін және де «Құдай қаласы туралы», «Сырласу» сынды шығармалардың авторы екендігін айта кету керек. Адам әлемін қаққа бөліп қарастырған христиандық дін адамның мәдениетіне болсын, өзіне болсын екі жақты, амбивалентті қарым-қатынасты қалыптастырады. Адам, бір жағынан, күнәға белшесінен батқан, тәнінің ырқынан шыға алмайтын пақыр бейшара да, ал екінші жағынан, Құдай берекесі – рухты алып жүрген жан иесі де. Осынау бір басын екі жаққа тартқан кереғар пенде үшін Августин бұл дүниедегі жақсылық, мейірімділіктің көзі де, өзі де Құдай деп түсіндіреді. Өкілдері: Августин, Данте, т.б. Ортағасырлық және Жаңа дәуірлік Европаны байланыстырушы өтпелі кезең – Ренессанс болды. Қайта Өрлеу дәуірі христиан діні жанышқылап, жөнді-жөнсіз қаралаған адамның жеке тұлғасын – индивидті ақтауға кірісті. Ренессанстық гуманизм антикалық гуманизммен салыстырғанда адам қадір-қаиетін аспандатқан, оның жасампаздық мүмкіншілігін ғажайып деп тауып, құдайға жақындатқан жаңа сападағы гуманизм болды. Өкілері: Данте, Пико де Ла Мирандола, Ботичелли, т.б. Жаңадәуірлік этика толығымен діни сакральды концепцияның ықпалынан босанған, алдағы орынға адамның ақыл-парасатын қойған рационалистік этика етін. Осы кезең этикасында адамның моральдық бейнесін суреттеуде екі түрлі көзқарастар қалыптасты. Олардың біріншілері – адамның туа біткен табиғаты зұлым, оны адам тек әлеуметтік өмір сүру барысында шектеуге мәжбүр десе, екіншілері адам туғаннан мейірімді, бірақ жүре келе өмір тауқыметтеріне байланысты озбырлыққа барады деп қарастырады. Өкілдері: Гоббс, Кант, т.б.

47. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің ар-намыс кодексінің негізгі этикалық құндылықтарын ашыңыз. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығы:

- Университеттің жоғарғы санатты және адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып;

- Университеттік қауымдастықтың бірлескен мәдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кәсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы және отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып;

- ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкерлермен және жоғары оқу орнының әкімдігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып;

ҚазҰУ студентінің аталып отырған Ар-намыс кодексін қабылдайды және оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.

1-бап.ҚазҰУ студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, ҚазҰУ Жарғысына, Ішкі тәртіп Ережесіне, Жатақханада тұру Ережесіне және басқа да ҚазҰУ-дың нормативті актілеріне бағынады.

2-бап.ҚазҰУ студенті ұлттық мәдениет пен Қазақстан мемлекетінің қалыптасу тарихын біледі және оларды қастерлейді, университет дәстүрлерін кіршіксіз сақтайды және оларды құрметтейді.

3-бап.ҚазҰУ студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және ҚазҰУ әкімдігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық танытады.

4-бап.ҚазҰУ студенті кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарайды.

5-бап.ҚазҰУ студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

- плагиат;

- алдау;

- шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру және біреуден сұрау;

- білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;

- жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;

- пара беру;

- оқытушыны алдау және оны сыйламау;

- сабақтарды жіберу және кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне белгісіз себептермен қатыспау.

6-бап.ҚазҰУ студенті университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және университет аумағында жүгенсіздік көріністерінің орын алуына жол бермейді.

7-бап.ҚазҰУ студенті университеттің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.

8-бап.ҚазҰУ студенті ұқыптылықты сақтайды. Оның сыртқы түр келбеті этикалық және эстетикалық нормаларға сәйкес келеді.

9-бап.ҚазҰУ студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, университеттің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.

10-бап.ҚазҰУ студенті университетте және оның аумағынан тыс жерлерде де құқық бұзушылық әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

11-бап.ҚазҰУ студенті тәртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.

12-бап.ҚазҰУ студенті университет мүддесіне қайшы келетін және ҚазҰУ имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.

13-бап.ҚазҰУ студенті аталған Кодекс ереже¬лерінің бұзылуын анықтаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе ҚазҰУ әкімдігіне хабарлауға құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]