- •1. Этика пәнінің адам зерттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •3. Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз.
- •6. Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз.
- •8. Адамның жетістікке жетуге ықпал беретін алғышарттарды анықтап беріңіз.
- •9. Адамныңәлеуметтіктәртібініңтипологиясынжәнежекетұлғалыққұндылықтарынашыпберіңіз.
- •10. Дәстүрліэтиканыңерекшеліктеріжәнеоныңмәдениеттеринтеграциясындағытрансформациясынасараптамажасаңыз.
- •14. Кәсіби маман тұлғасының дамуын сипаттаңыз
- •15. Тұлғаның даму заңдылықтарын және жемісті әлеуметтену
- •16. Кәсіптегі жетістіктің гуманистік негіздерін айқындаңыз.
- •18.Жетістікке жетудегі көшбасшылық ерекшеліктерді айқындаңыз.
- •Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
- •21.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.
- •22. Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •24.Жетістікті адамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіштерін, бет-
- •25.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсетіңіз.
- •27. Жастарарасында аккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз.
- •28. Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің тарихи және заманауи ерекшеліктерін ашыңыз
- •29. Менталдық пен қарым-қатынасты, тілдесуді салыстырып арақатынасын ашыңыз.
- •31. Маманның кәсіби мәдениетін сипаттаңыз
- •32. Маманды еңбек нарығына бейімдеудегі бәсекеге қабілеттіліктің рөлін сипаттаңыз.
- •41. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз.
- •44.Имидж бен бедел мекемелердегі корпоративтік мәдениет көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз.
- •46 Заманауи этика мәселелерін табыңыз.
28. Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің тарихи және заманауи ерекшеліктерін ашыңыз
29. Менталдық пен қарым-қатынасты, тілдесуді салыстырып арақатынасын ашыңыз.
30.Тұлға қалыптасуындағы заманауи адамгершілік мәселесін анықтаңыз.
Бұл әлемде өзінің шексіздігі мен ғаламаттылығы тұрғысынан адамды таңдандыратын тек екі нәрсе ғана бар: төбемдегі мәңгілік шексіз аспан және менің ішкі жан дүниемдегі адамгершілік заңы". Осындағы адамгершілік заңының жүзеге асуын қадағалаушы — ар мен ұят. Ұят — адамгершіліктің жемісі, сонымен қатар ардың қосшысы. Ұят жоқ жерде әдеп, инабаттылық жоқ. Ненің ұят жөне ненің ұят еместігі туралы түсініктердің барлық жерде өр түрлі екенін айта кету керек.Ұят — адамның өзінің қоршаған ортасында қалыптасқан ортақ нормаларға немесе қауымның өзінен күткен биіктеріне сай келмегендігін сезінуден туындайтын қолайсыздық күйі. Армен және намыспен салыстырғанда ұят ішкі, өзінмен-өзің қалатын күй емес, басқалардың, қоршаған ортаның көзқарасымен анықталатьш күй. Өйткені адам өзі жасаған келеңсіз өрекеті, қылығы үшін басқалардан еститін сәзді ойлап, олардың өзі туралы көзқарастарынын бұзылатындығьша қам жейді.Абырой — адамнын өз іс-әрекеттерінін тиесілі адамгершілік мұраттарына сәйкес келетінінен пайда болатын өзіндік жетістік. Ар мен намыс арқылы адамның өз қылыктарын парыз, міндет, тиесілі бағалай білетіндігі көрінеді. Адамның парызы сияқты ары мен намысы да өзіндік, ешкімге тәуелсіз дүние.Парыз — адамның моральдық мұратқа байланысты қойылған талаптарды орындау кажетті. Адамның парызы ізгілікке еру, өзі сиякты басқаларға мүмкіндігінше көмек көрсету, зұлымдыққа жол бермеу сияқты әрекеттерден құралады.Әділеттік — ізгіліктін нақтыланған өзіндік түрі. Ол адамды қоғамның елеуі, марапаттауы түрінде көрінеді.Әділеттік — тарихи қалыптасқан ұғым. Алғашкы қауымдық құрылыста әділеттікті табу, талион ұстанымдарының маңынан көруге болатын. Ол кезде әділеттілік есесін жібермеу, орынды жазалау түрінде қарастырылатын.Бақыт — этиканың іргелі категориясы. Мәдениет тарихында бақыт мәселесімен айналысатын фелицитология деген пән де болды. Фелицитарлық шығармаларды атап өтер болсақ: Аристотельдің "Никомах этикасы", Сенеканың "Бақытты өмір жайында", Фома Аквинскийдің "Бақыт туралы трактаты", Әулие Августиннің "Бақытты өмір сүру туралы", Әл-Фарабидің "Бакыт жолына сілтеу" және т.б. бақытқа арналған шығармалар қаншама кеп болса, бақытты түсіндіру де соншалық әр түрлі. Біреулер бақыт дегеніміз махаббат десе, енді біреулері бақыт жүзеге асқан мақсат деп біледі.Бұқара санасында бақытқа мынадай төрт түсініктеме беріледі:Бақыт дегеніміз—жолы болып, "жұлдызы жанғандық".Бақыт — қуаныш, лөззат және жан қызығы.Бақыт дегеніміз — ең жоғары ізгілікке қол жеткізу.Бақыт — өз-өзіңе, жалпы өмірге көңілі толған "төрт құбылаң түгелдік" күйі. Құндылыктар тұрғысынан алғанда бақыт деп адам өміріндегі мейірімнің өлшемін айтамыз. Өйткені тек ізгілік пен мейірім ғана адамды қуанышқа бөлеп, шаттандырады. Бақыт туралы әркімнің өзіндік түсінігі бар, әмбебап, әркімнің ойынан шығар бақыт түсінігі кемде-кем. Әдетте, бақыт деп өзіндік болмыстың кемелдігш, түгелдігін, асқан қуаныш әкелген ерекше көтерінкі кеңіл күйін айтады
