- •1. Этика пәнінің адам зерттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •3. Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз.
- •6. Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз.
- •8. Адамның жетістікке жетуге ықпал беретін алғышарттарды анықтап беріңіз.
- •9. Адамныңәлеуметтіктәртібініңтипологиясынжәнежекетұлғалыққұндылықтарынашыпберіңіз.
- •10. Дәстүрліэтиканыңерекшеліктеріжәнеоныңмәдениеттеринтеграциясындағытрансформациясынасараптамажасаңыз.
- •14. Кәсіби маман тұлғасының дамуын сипаттаңыз
- •15. Тұлғаның даму заңдылықтарын және жемісті әлеуметтену
- •16. Кәсіптегі жетістіктің гуманистік негіздерін айқындаңыз.
- •18.Жетістікке жетудегі көшбасшылық ерекшеліктерді айқындаңыз.
- •Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
- •21.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.
- •22. Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •24.Жетістікті адамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіштерін, бет-
- •25.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсетіңіз.
- •27. Жастарарасында аккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз.
- •28. Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің тарихи және заманауи ерекшеліктерін ашыңыз
- •29. Менталдық пен қарым-қатынасты, тілдесуді салыстырып арақатынасын ашыңыз.
- •31. Маманның кәсіби мәдениетін сипаттаңыз
- •32. Маманды еңбек нарығына бейімдеудегі бәсекеге қабілеттіліктің рөлін сипаттаңыз.
- •41. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз.
- •44.Имидж бен бедел мекемелердегі корпоративтік мәдениет көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз.
- •46 Заманауи этика мәселелерін табыңыз.
27. Жастарарасында аккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз.
Аккультурация (лат. adkultura - білім, даму) — қандай да бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпалдасу. Аккультурация ассимиляция және этникалық бірегейлену мен тұтастану процестерінің әркелкілігіне қатысты қарастырылады. Аккультурация ұғымы алғаш рет Солтүстік Американың үндіс тайпаларындағы мәдени өзгерістерді зерттеген мәдени антропологияның американдық мектебінде XIX ғ. соңынан бастап қолданылды. Алғашқы тар мағынасында бұл ұғым үндіс тайпаларының ақ нәсілді американдықтардың мәдениетін біржақты қабылдап, ассимиляцияға ұшырауына байланысты пайдаланылды. XX ғ. 30 ж. Аккультурация ұғымы мәдени антропологиялық мектептің басты ұғымдарының біріне айналды. Аккультурация процестерін зерттеуде Линтонның 1940 ж. жарияланған «Американ үндістерінің жеті тайпасындағы аккультурация» еңбегінің үлкен теориялық маңызы болды.
Бұл еңбекте Аккультурацияның екі түрі аталады:
1. әскери-саяси өктемдік жоқ жағдайындағы өзара қарым-қатынасқа түскен мәдениеттердің бір-бірінің құндылықтарын еркін қабылдауы;
2. әскери немесе саяси басым топтың бағыныңқы мәдениетке өз құндылықтарын нысаналы және күшпен танытуы.
1950 жылы дейін Аккультурация процестерін зерттеу Батыстағы мәдениеттің басқаларына тигізген әсерлерін қарастырумен байланыстырылды. Басқалары батыстандыру аймағы болып табылады делінді. 1950-1960 жылдары бастап Аккультурация аумағы кеңірек қарастырылды. Батыстық емес мәдениеттердің өзара байланысы және олардың Аккультурациялық қуаты сараланып, испандандыру, жапондандыру, қытайландыру процестері ғылыми талдаудың пәніне айналды. Аккультурация тәсілдері күрделі қоғамдардағы урбанизация процесін зерттеуде пайдаланылды.
27. Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің тарихи және заманауи ерекшеліктерін ашыңыз Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті өзі келесі компоненттерді қамтиды: -техникалық іскерлік қатынас;психикалық іскерлік қатынас;іскерлік қатынас этикасы; қызметтік этика. Бұл компонентер практиканың кез-келген іскерлік қатынасында бір-бірімен өте тығызайланысты, олар тек теориялық деңгейде ғана шектеулі.Қарым-қатынас – бұл адамның өзара қарым-қатынаста болу тәсілі, және де басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста болуы. Қарым-қатынаста адамдар ақпаратпен, ойлармен, эмоцияларымен алмасады, нәтижесінде адамдар арасында өзара қандайда бір форма қалыптасады және өзара әсерлер, бұл қандайда әртүрлі мақсаттағы іскерлік қарым-қатынас нәтижесінде жетудегі бағыт. Іскерлік қатынастағы этка – бұл ғылымның, практикада және әлемдік тұрғыдан этникалық талаптарды, қағидаларды, нормаларды, заңдылықтарды сақталуы іскерлік қатынастағы субьектілер арасында өзара түсінушілік пен өзара сенімді қалыптастырады, бұл қатынастың жоғарғы эффектісі мен өзара істегі соңғы нәтижесін көрсетеді.Іскерлік қарым-қатынас негізінде маңызды қызметтік сұрақтар, іске қатысты жауапкершілік, материалдық ақшалай шығын, кейде шағын бизнес субьектілерінің құқықтық қатынастары шешіледі. Сонымен қатар, жетекші туралы сөз болғанда, оның этникалық қарым-қатынасы қол астындағыларына әсер ететіні сөзсіз белгілі, сонымен қоса олардың қызметтік дәрежесіне әсер етеді. Сондықтан, іскерлік қарым-қатынас туралы білім мен оны билеу құқық қорғау органдарының кәсіпқойлығын және қазіргі заманғы талапқа сай дәрежесін көрсетеді. Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар: -іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің амбициясына байланысты болмауы керек; -адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады; -ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың басты категориясы). -қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады
