- •1. Этика пәнінің адам зерттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •3. Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз.
- •6. Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз.
- •8. Адамның жетістікке жетуге ықпал беретін алғышарттарды анықтап беріңіз.
- •9. Адамныңәлеуметтіктәртібініңтипологиясынжәнежекетұлғалыққұндылықтарынашыпберіңіз.
- •10. Дәстүрліэтиканыңерекшеліктеріжәнеоныңмәдениеттеринтеграциясындағытрансформациясынасараптамажасаңыз.
- •14. Кәсіби маман тұлғасының дамуын сипаттаңыз
- •15. Тұлғаның даму заңдылықтарын және жемісті әлеуметтену
- •16. Кәсіптегі жетістіктің гуманистік негіздерін айқындаңыз.
- •18.Жетістікке жетудегі көшбасшылық ерекшеліктерді айқындаңыз.
- •Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
- •21.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.
- •22. Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •24.Жетістікті адамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіштерін, бет-
- •25.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсетіңіз.
- •27. Жастарарасында аккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз.
- •28. Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің тарихи және заманауи ерекшеліктерін ашыңыз
- •29. Менталдық пен қарым-қатынасты, тілдесуді салыстырып арақатынасын ашыңыз.
- •31. Маманның кәсіби мәдениетін сипаттаңыз
- •32. Маманды еңбек нарығына бейімдеудегі бәсекеге қабілеттіліктің рөлін сипаттаңыз.
- •41. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз.
- •44.Имидж бен бедел мекемелердегі корпоративтік мәдениет көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз.
- •46 Заманауи этика мәселелерін табыңыз.
24.Жетістікті адамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіштерін, бет-
бейнесін және беделін айқындап беріңіз.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
25.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсетіңіз.
Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз. Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші - идеал. Отансүйгіштік - азаматтық санамен қалыптасатын қасиет. «Азаматтық сана» – біліммен қаруланған, аға ұрпақтың қалдырған мәдени-тәлім мұраларынан сусындаған, туған жері мен елінің рухани-материалдық, мәдени құндылықтарын бойына сіңіре білген, ақыл мен парасаттылығы жетілген, жеке мүдде мен болашақ үшін жауапкершілікті өткен мен келешек үрпақ алдындағы парызбен ұштастыра білетін, ұлтжанды саналы азаматы болуды талап ететін құбылыс. Қазақстан Республикасы этномәдени білім беру тұжырымдамасында «Бізге қажетті - жаны да, қаны да қазақы халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін бойына ана сүтімен бірге сіңірген, егеменді елінің еңсесін көтеруді азаматтық парызым деп ұғатын ұрпақ тәрбиелеу» - деп атап көрсеткендей, еліміздің елдігі мен бірлігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу, білім берудің барлық салаларының алдындағы негізгі міндеттердің бірі.
Сонымен, этномәдениет мазмұны нені қамтиды және ол мазмұнның жастарды ұлтжанды, Отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеудегі құралы не?
Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері мен өмір-тіршілігіне, тұрмыс-салтына, дәстүрлеріне байланысты дүниетанымдық, рухани-материалдық, мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ халқы бай тарихтың иесі. Қазақ даласы әлемге «Екінші ұстаз» атанған Әл Фарабиды, Ж.Баласағұн, Ахмет Иассауи, М.Қашқари, Қадырғали Жалаири сияқты ғұламаларды берді. Олардың еңбектері, ортағасырдағы Орта Азиялық ренессанс кезеңінің мәдени өміріне зор үлес қосқан, асылдары болып табылады. Әсіресе, Әл-Фарабидің сан-салалы ғылыми еңбектері тек Таяу немесе Орта шығыс ғұламалары: Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Омар Хайям, Хафиз т.б сияқты ғұламаларының ой-пірлеріне ғана емес, сонымен бірге Европа ғылымына да ықпал етті.
26. Жастар субмәдениеттеріне этикалық сараптама беріңіз.Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды. Жастардың арасындағы субмәдениет ту¬ралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғы¬мына ғана қатысты емес, сонымен қа¬тар «жастар», «субмәдениет» тү¬сініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кет¬кендігінен туып тұр. Жалпы, субмәде¬ниет - жас адамдардың ресми емес қаты¬нас¬тарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағи¬далары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-¬ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көр¬¬се¬ту¬дің, дамытудың бір жолы. Жастар субмәдениетінің өзіндік құн¬ды¬лықтары мен тәртіп нормаларын культ¬қа айналдыруға уақыты жеткілікті жас ада쬬дар аса көп шоғырланған үлкен мега¬по¬листерге тән феномен екендігін айта кет¬кен жөн. Мұны «жастарға арналған мә¬дениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл кө¬те¬ру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәс¬түр¬лі нормаларға қарсы тұру секілді) ша¬тастырмаған
