- •1. Этика пәнінің адам зерттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
- •2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •3. Әлеумет адамның іс-әрекетін дамытатын болмыстың кеңістігі ретінде сараптама беріңіз.
- •6. Өз мамандығыңыздың этикалық өлшемдерін анықтап беріңіз.
- •8. Адамның жетістікке жетуге ықпал беретін алғышарттарды анықтап беріңіз.
- •9. Адамныңәлеуметтіктәртібініңтипологиясынжәнежекетұлғалыққұндылықтарынашыпберіңіз.
- •10. Дәстүрліэтиканыңерекшеліктеріжәнеоныңмәдениеттеринтеграциясындағытрансформациясынасараптамажасаңыз.
- •14. Кәсіби маман тұлғасының дамуын сипаттаңыз
- •15. Тұлғаның даму заңдылықтарын және жемісті әлеуметтену
- •16. Кәсіптегі жетістіктің гуманистік негіздерін айқындаңыз.
- •18.Жетістікке жетудегі көшбасшылық ерекшеліктерді айқындаңыз.
- •Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері
- •21.Прагматизм және консьюмеризм дәуіріндегі рухани құндылықтарды сақтау мәселесіне өз пікіріңізді көрсетіңіз.
- •22. Кәсіби этиканың инфрақұрылымын сипаттап беріңіз
- •24.Жетістікті адамның адамгершілік деңгейінің көрсеткіштерін, бет-
- •25.Кәсіби қызмет саласында ұлттық-мәдени құндылықтардын ықпалын көрсетіңіз.
- •27. Жастарарасында аккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз.
- •28. Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің тарихи және заманауи ерекшеліктерін ашыңыз
- •29. Менталдық пен қарым-қатынасты, тілдесуді салыстырып арақатынасын ашыңыз.
- •31. Маманның кәсіби мәдениетін сипаттаңыз
- •32. Маманды еңбек нарығына бейімдеудегі бәсекеге қабілеттіліктің рөлін сипаттаңыз.
- •41. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз.
- •44.Имидж бен бедел мекемелердегі корпоративтік мәдениет көрсеткіші ретінде негіздеме беріңіз.
- •46 Заманауи этика мәселелерін табыңыз.
1. Этика пәнінің адам зерттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орнын анықтаңыз
Этика пәнінің адам зертттейтін ғылымдардың жүйесінде алатын орны ерекше. Себебеі :Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик.теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған
Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады:
• теориялық этика;
• нормативті этика;
• эмпириялық этика.
Теориялық этика — этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. Эмпириялық этика — белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді
2.Нормативті этика, мораль психологиясы ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
Мораль (латыншасы маралис, қазақшасы-әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізгіліктілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып тағы басқа) бейнелейтін қоғамдық сананның бір түрі. Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне және қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмірсүру ережелерінің, адамдардың мінез құлықтары нормаларының жиынтығы. Моральдің сипаты экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі бір топтың, әлеуметтік, топтың, халықтың мүдделері байқалады. Ал қоғамда әр түрлі көз қарас болағандықтан, мүдделер де қарама-қайшы болады, әр түрлі моральдар қатар өмір сүреді[1].Бүгінгі жағдайда бұрынғы кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерді. Мораль барлық қоғамда өмірдің саласында – еңбекте, тұрмысты, саясатта, ғылымда, отбасында, әр түрлі қатынаста адамның мінезін, іс-әрекетін, қатынасын, санасын реттейді. Мораль этикамен байланыстыАдамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегілілік сана, өнегілілік идеал деп бөлінеді.
«Өнегелі немесе адамгершілікті сана-адамның қарым-қатынасынан, оның эмоционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. өнегелілік баланың жас күнінен бастап, ата-ананың үлгісінен басталып ағайын-туыстың, жора-жолдастың ықпалымен, мектептің тікелей басшылығымен қалыптасады. Өнеге - адамдардың бір-біріне, қоғамға деген міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтағанда көрінетін, олардың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы» [4]. өнегелік сезімнен, ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бара адам адамгершілігін жоғалтпайды, қашан да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі идеалы (мұраты, мақсаты) болады. Сол идеалға жетуге тырысады, жақсы адамға еліктейді. Ол үшін сезім, ар-ұяттан басқа адамда жігер, ерік болуы керек. Сол ерікті, жігерді дұрыс басқара (сезім арқылы) білуі керек. Өнегесіздікке, жігерсіздік, еріксіздік, өзін-өзі ұстай алмайтын, басқара алмайтын адам барады. Өнегелі сананы, мінез-құлықты қалыптастыру үшін сезім, ар, ұят, ерік, жігерден басқа өнегелі дағды керек. Өнегелілікке дағдылану керек. Сонымен бірінше сұрақ бойынша қорытынды.
Адамгершілік тәрбиенің күретамыры-мораль, этика, өнеге. Осы қасиеттерді баланың жас кезінен бастап санасына құя беру керек. Бірақ мораль, этика, өнеге заман өзгерісіне ұшырап отырады. Сондықтан да ұстаздар, ата-аналар сол өзгерістерді балаға уақытысында түсіндіріп отрығаны жөн
Нормативті этика — негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады.
