Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okhr_truda_sms.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

36.Өндірістік жазатайым оқиғалар. Арнайы зерттеуге жататын жазатайым жағдайлар

Өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі. еңбектің қауіпсіз жағдайлары жұмыс берушінің қызметкерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсері болмайтындай не олардың әсер ету деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтындай етіп жасаған еңбек жағдайлары; кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру; қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

Арнайы зерттеуге жататын жазатайым жағдайлар:

1. Ауыр немесе өлімге алып келген жазатайым оқиғалар

2. Жарақат алушының жарақатының ауырлық дәрежесіне тәуелсіз, бір мезгілде екі және одан көп жұмысшылардың алған топтық жазатайым жағдайы

3. Өте қатты уланғандағы топтық жағдайлар

37.Жарақат профилактикасы қалай анықталады?

Кәсіпорында 1000 жұмыскерге шаққандағы жыл бойында кездесетін сәтсіз жағдайлар жиілігінің көрсеткіші келесі формуламен анықталады:

мұндағы С - жыл бойында болатын, бір күн және одан көп жұмысқа жарамсыздықты ескерумен алғандағы сәтсіз жағдайлар саны;

Ж – кәсіпорындағы (бригада, цех және т.б.) жұмыскерлердің орташа тізімдік құрамы.

Жыл бойында кездесетін сәтсіз жағдайлардың ауырлық коэффициенті келесі формуламен анықталады:

мұндағы К – кәсіпорында жыл бойында болған сәтсіз жағдайдың нәтижесіндегі жұмыскерлердің жұмысқа жарамсыз күндер саны.

Жұмысқа жарамсыздық көрсеткіші (жұмысқа деген қабілеттен айрылу), жарақат негізінде, кәсіпорында 1000 жұмысшыға шаққандағы жыл бойындағы жарақат салдарынан жұмысқа жарамсыз күндер санымен байланысты келесі формуламен анықталады:

38.Өндірістік санитария дегеніміз не?

Өндірістік санитария – жұмысшыларға зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайтуға ұйымдастырылған іс-шаралар мен техникалық құралдар жиынтығы.

Өндірістік санитарияның негізгі ҚжЗӨФ-на: көп мөлшерде шаң басу, жұмыс аймағы ауасының газдануы, ауаның жоғарғы немесе төменгі температурасы, ылғалдылық, шу және дірілдің жоғарғы деңгейде болуы, табиғи жарықтың жетіспеуі, жоқтығы және т.б. жатады. Еңбек қорғау талабына сәйкес келмейтін машиналар мен басқа да жабдықтардың жаңа үлгілерін сериялы түрде өндіруге тыйым салынады.

39.Өндірісте жабдықтар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы және жеке әдістерін атаңыз

Өндірісте жабдықтар мен технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдісі кеңінен қолданылады. Ол жалпы және жеке әдіс болып бөлінеді.

Жалпы әдіске: процестерді механизациялау және автоматтандыру; қашықтан басқару және бақылау, блоктау, дабыл, ғимараттардың сенімділігі мен беріктілігі.

Жеке әдіске – қандай да бір қауіптіліктен қорғану жатады. Мұндай инженерлік қауіпсіздік әдістері әртүрлі болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]