Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okhr_truda_sms.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

23.Арнайы нұсқау дегеніміз не?

Арнайы нұсқауды мамандықпен байланысы жоқ (көтеру, шығару, алаңды тазалау, өндірістік кәсіпорыннан, цехтан тыс жерлерде бір реттік жұмыстарды атқаруда), төтенше жағдай, катастрофа, апат салдарын жою, өндірістік жұмыста наряд-рұқсаты және т.б. рұқсат құжаттары толтырылатын, сонымен қатар тәжірибеден өтуші оқушыларға өндірістік кәсіпорынды таныстыру (экскурсия т.б.) жұмыстарын жүргізген кезде өткізеді.

Басшылар мен инженерлі-техникалық қызметкерлердің білімін көтеру мен білімдерін тексеру еңбек қорғау бойынша арнайы курстарда (семинарларда), білімін көтеру институттарында, ғылыми-зерттеу институттарындағы курстарда, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарындағы білімін көтеру курстары мен факультеттерінде жүргізіледі.

Басшылар мен мамандардың еңбек қорғау бойынша білімдерін тексеру, оларды жаңа қызметке тағайындағаннан кейін бір айдан кем емес уақыт аралығында жүргізіледі, ал жұмыскерлер үшін – үш жылда бір рет жүргізіліп отырады.

25.Жұмыс орнында еңбек қорғау ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік түрлері (ҚР Еңбек кодексіне сәйкес)?

-Тәртіптік жауапкершілік

- Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

- Әкімшілік жауапкершілік

- Қылмыстық жауапкершілік

26.Жұмыс берушінің жұмысшы алдындағы материалдық жауапкершіліктері?

- Жұмысшының жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айрылу кезіндегі зияны үшін;

- Жұмысшының мүлігіне келген зиян үшін;

- Жұмысшының өміріне немесе денсаулығына келген зиян үшін

27.Жұмысшының жұмыс беруші алдындағы материалдық жауапкершілігін түсіндіріңіз

- Жұмыс берушінің мүлігін зақымдау немесе жоғалтқандағы зияны үшін;

- Жұмысшы әрекетінің нәтижесінде болған зиян үшін

28.Өндірістік қауіпті және зиянды өндірістік факторларды атаңыз

1.Психофизио-логиялық факторлар

2. Физикалық факторлар

3. Биологиялық факторлар

4. Химиялық факторлар

29.Психофизиологиялық факторларды атаңыз

30.Физикалық қауіпті және зиянды өндірістік факторларды атаңыз

Цехтарда, зауыттарда қолданылатын қозғалыстық машиналар мен механизмдер, олардың элементтері, өнімдері; жұмыс аймағындағы ауа қозғалысының жылдамдығы мен шаңның артуы; жұмыс аймағындағы материал беттері температурасының төмендеуі немесе жоғарылауы; электр тораптарындағы қауіпті кернеулер, жоғарғы тоқ күштері; шу, діріл, ультрадыбыс деңгейінің өсуі, жарықтың жеткіліксіздігі, жоғарғы жарық немесе жарық тұрақтылығының ауытқуы; ультракүлгін, электромагнитті, инфрақызыл сәуле көздерінің жоғарылауы және т.б.

31.Химиялық қауіпті және зиянды өндірістік факторларды атаңыз

Уландыру, аллергиялық әсер туғызатын химиялық элементтер қатары.

32.Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардың пайда болу себептерін атаңыз

Өндірістік цехтар мен зауыттарда көбіне металл құюшы, қалаушы, жоғарғы температурада жұмыс жасайтын пештерде, металл және оның қорытпаларын химиялық-термиялық өңдеу кезінде аммиак, фосфорлы қосылыстар, көміртегі тотығы және т.б. химиялық элементтер мен қосылыстардың зиянды әсерінен - улану, күйікке шалыну, тыныс жолдарының және терінің жарақаттануына; шынықтыру, күйдіру, дәнекерлеу, пісіру кезінде - тері мен көздің зақымдануы, металды уату және ұсату кезінде шаңның әсерінен - өкпе пневмоканиозы, коньюктивит, яғни көз аурулары пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]