Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okhr_truda_sms.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

129 Дәнекерлеу кезіндегі қауіпсіздік жолдарын атаңыз

Құрастыру-пісіру, дәнекерлеу жұмыстарына арналған цехтар СН және Е-дің талабына сай болуы керек.

Электродоғалық пісіру цехының ішкі қабырғаларын, ондағы жабдықтарды ашық бояулармен бояу керек (сұр, сары, көгілдір). Бұл шара электродоғалық сәуленің жарқыл қуатын азайтуға доғамен қоршаған орта арасындағы контрасты азайту үшін қажет. Мысалы мырыш және титан түсті бояуларды жарықта шашыратады, ал сары түс ультракүлгін сәулелерді шашыратады.

Бөлмелер едені жанбайтын материалдардан жасалып, әр технологияның гигиеналық, технологиялық, пайдалану талаптарына және СН және Е-ге сай болуы керек.

Электродоғалық пісіру жұмыстарын жүргізетін орын жанбайтын қалқалармен қоршалуы тиіс. Кіші және орта мөлшердегі бұйымдарды пісіру үшін арнайы кабиналар жасалады.

Дәнекерлеу ( пайка ) жұмыстары жүргізілетін орындарды бөлек бөлме-лерге орналастыру керек. Бөлме ішінің өңделуі, ауа жүретін жолдардың сыртқы беттері, жылу қондырғыларының, комуникациялардың сыртқы беттері жуып алуға мүмкін болуға қажет.

Лазерлік пісіру жұмыстары жүргізілетін цех, бөлім арнайы жабдықталып бөтен адам кірмейтіндей, сыртқы есіктерді ішкі құлыппен жабылуы және қауіп белгісімен жабдықталуы тиіс.

Бөлмелердегі табиғи және жасанды жарық шамасы СНжЕ-ге сгәйкес болуы қажет.жарықтандыруды жобалаған кезде ауаның шаңды болуына байланысты мөлшерге қосымша коэффициентті қосу керек.

Жабық ыдыстар ішінде пісіру жұмыстарын жүргізген кезде жарық бағыттағышы бар шамдары немесе қорғағыш торлы, қолға алып жүретін шамдарды пайдаланады. Мұндайда автотрансформаторларды қолдануға тиым салынады.

Пісіру аймағындағы ауадағы зиянды заттар мөлшері (ШРК) шекті рұқсат етілген коцентрациядан аспауы керек. Бөлме микроклиматы орташа жұмыс ауырлығына сай (II а және II б), МЕСТ- ке сәйкес болуы керек.

130 Дәнекерлеу аймағында бөлінетін зиянды заттар түрлері

131 Дәнекерлеу құралының балқитын және балқымайтын электродтары дегеніміз не?

Электр доғасымен балқытып біріктіруде балқитын және балқымайтын электродтар қолданылады. Балқымайтын электродтардың (көмір, графит, вольфрам) диаметрі 5 – 30 мм, ұзындығы 200 – 300 мм болып жасалады және ол металды тұрақты тоқпен балқытып біріктіру кезінде пайдаланылады. Балқитын электродтар металдың химиялық құрамына, пайдалану мақсатына, т.б. сәйкес болат, шойын, мыс, жез, қола, т.б. металдар мен қорытпалардан жасалады. Олардың ұзындығы 300 – 450 мм, диаметрі 1 – 12 мм болып, қапталмаған және сырты қапталған түрлерге ажыратылады. Металды терең балқытып біріктіру тәсілінде электродтың сыртқы беті балқу температурасы жоғары қабатпен қапталады. Үш фазалы токпен балқытып біріктіруде ток көзінің екі фазасы параллель екі электродқа, үшіншісі металға жалғанады. Екі электрод пен металдың және электродтардың өз арасында үш доға пайда болады. Доғаның бірі сөнсе де, қалған екі доғаның балқытып біріктіру мүмкіндігі бар. Сондықтан оның еңбек өнімділігі жоғарырақ болады. Қорғағыш газ қабаты астындағы балқытып біріктіру тәсілінде газ балқыған жапсардың атмосферамен жанасудан және металды тотығудан сақтайды. Қорғағыш орта ретінде аргон, гелий, сутек, т.б. газдар пайдаланылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]