Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
okhr_truda_sms.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.39 Mб
Скачать

124 Жануы бойынша заттар мен материалдар түрлерін атаңыз

Жанбайтындарға жанбайтын материалдардан дайындалған құрылыстық құрылымдарды жатқызуға болады. Қиын жанатындарға қиын жанатын материалдардан дайындалған немесе өрттен қорғалған және жоғары температурада жанбайтын материалдардан жасалған материалдарды жатқызуға болады (мысалы, ағаштан және асбесті, болаттан жасалған өртке қарсы есіктерді жатқызуға болады).

125 Өрт сөндіру құралдарының түрлерін атаңыз

Өрт сөндіруде қолдануға болмайтын заттарға: алюминий, органикалық заттар, сілтілі-металдар, магний, цинк, күкірт қышқылы, титан хлориді, битум, май, кальций карбидтері және т.б. жатады.

Өрт сөндіру құралдары сулы, ауалы-көбікті, сулы-көбікті, химиялық-көбікті, ұнтақты және т.б. түрлерге бөлінеді.

Қысымы бойынша өрт сөндіргіштер төменгі қысымды (2,5 МПа) және жоғарғы қысымды (2,5 МПа жоғары) болып бөлінеді.

Өрт сөндіру құралдары спринклерлі және дренчерлі болып бөлінеді. Автоматты спринклерлі өрт сөндіру құралы автоматты спринклерлі құбырөткізгіштерден тұрады.

Дренчерлі жүйелерде суды автоматты клапан арқылы өрт дабылдары датчигінен немесе қолмен жіберіледі.

126 Өрт және жарылыстан қорғану шаралары

Өртке қарсы қоршаулар - бұл өрттің бір бөліктен екінші бөлікке таралуына кедергі болатын, өрт тұрақтылықтың нормаланған шегі бар құрылымды айтады.

Жалпы өртке қарсы қоршауларға, қабырғаларды, қоршауларды, кедергілерді, сонымен бірге өртке қарсы аймақтарды және сулы шатырларды жатқызуға болады. Өртке қарсы қоршаулар жанбайтын материалдардан жасалуы қажет және өрт тұрақтылық шегі болуы қажет.

Түтіндік люктер мен шахталар. Өрт кезінде жоғарғы қауіптілікті уландырушы жану өнімдері (түтін), ал кейде жарылыс қауіпті заттар тудырады. Оларды алып шығу үшін түтіндік люктері қолданылады.

127 Пісіру (дәнекерлеу) режимі дегеніміз не?

Пісіру режимі деп берілген өлшемде, формада және сапада пісіру жіктерін (швов) алумен қамтамасыз ететін негізгі пісіру процесі сипаттамаларының жиынтығын айтамыз. Бұл қолмен пісіру кезіндегі электрод диаметрі, пісіру тоғы, доға кернеуі, тігістің көлденең қимасының ауданы, доғаның бір жолында орындалатын өту сандары, тоқ қатары және т.б. Пісіру режимін анықтауда бет қалыңдығына байланысты электрод диаметрін таңдайды, ол тігіс қосылыстарының түйісуіне, пісірудің бұрыштық және таңбалық қосылыстары жіктеріне байланысты болады.

128 Пісірудің (дәнекерлеудің) негізгі параметрлері

Пісіру кезінде әр түрлі энергия көздері қолданылады: электрлі доға, электрлі тоқ, газды алау, лазерлік сәуле, электронды сәуле, үйкеліс, ультрадыбыс.

Қазіргі таңда технологияның дамуы нәтижесінде дәнекерлеу жұмыстарын тек қана өндірістік ортада ғана емес, сондай-ақ далалы және монтаждау жағдайында (далада, ашық теңіздерде және т.б.), су астында да жүргізуге болады.

Дәнекерлеу процесі қауіпті көздермен, электр тоғымен зақымданумен, зиянды газдармен уланумен, көз және т.б. адам ағзасының жылулық, ультракүлгін, инфрақызыл сәулелермен және балқыған метал ұшқындарымен зақымдалуымен тікелей байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]